76. Жоңғар Алатауы Мемлекеттік Ұлттық паркі Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы аумағы 356 022 гектар жерді құрайды. Парк Алматы облысының - Ақсу, Сарқанд және Алакөл аудандарында орналасқан. Парк 2010-Халықаралық биоалуандық жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінінің қаулысымен құрылған болатын. Жоңғар-Алатау ұлттық паркі ерекше экологиялық, генетикалық, тарихи және эстетикалық құндылықтардың биологиялық әртүрлілігін және табиғи ландшафттарын сақтау үшін құрылған. Әлемдік маңызы бар генетикалық ресурстардың көзі - бірегей алма ормандарын сақтау мен қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.
Ұлттық паркте сонымен қатар, тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Атап айтқанда, Үйгентас, Динар Хорезм шахтың Мұхаммед бен Текеш қорымы, Сарымсақты өзені бойындағы қорғандар қорымы.