«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Райымбек ауданы әкімшілік – аумақтық бірлігі, туристік – рекреациялық мүмкіндігі



бет35/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)
айтылымдар, 1, 36. Ш-Университет студенттері үшін сауалнама (жұмысқа орналастыру бойынша), music - exercises 0, 2 5247087251178918766
58. Райымбек ауданы әкімшілік – аумақтық бірлігі, туристік – рекреациялық мүмкіндігі.
Райымбек ауданы – Алматы облысының аумақтық-әкімшілік бөлік. Алматы облысының Райымбек ауданының жер аумағы 14,2 мың шақырымды құрайды. Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды.
Көлсай көлдері - Күңгей Алатауы мен Іле Алатауының жоталарын біріктіретін солтүстік Тянь-Шань мен Көлсай аңғарындағы 3 көлдің жүйесі. Бірінші көл 1818 м биіктікте орналасқан, ұзындығы - 1 км, ені - 400 м, тереңдігі - 80 м. Екінші көл 2252 м биіктікте орналасқан, бірінші көлден 5 км жерде орналасқан. Үшінші көл 2850 м биіктікте орналасқан, екінші көлден 4 км жерде орналасқан.

Көлдердің таза мөлдір суы тұщы әрі қатты, құрамында натрий сульфаты бар. Түбінің кейбір жерлері тегіс. Көлсай көлдері өте терең, кейбір жерлерінде тереңдігі 80 м жетеді. Жазда судың температурасы +10 градусты құрайды. Көлдер ағысты, бір-бірімен Күңгей Алатауы жотасынан бастау алатын Көлсай өзенімен байланысқан.



Қайыңды көлі өзінің пайда болу тарихымен танымал. Ол 1911 жылы қатты жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған, соның барысында аңғар жылжымасы пайда болып, ағашты аңғарды су басты. Көлдің суы салқын (жазда +6 градус шамасында), сондықтан ағаш қылқандары жақсы сақталған, олар судың мөлдірлігінен жақсы көрінеді. Көлдің мұндай сиқырлы кереметтерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, сонда болып, бәрін өз көзімен көрген дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет