«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»



бет58/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

88. Найзатапқан
Өңіріміздің Кербұлақ ауданымен шекаралас тұсына қоныс тепкен Ынталы ауылының желке жағында ғана тұрған Аламан тауының шатқалындағы Найзатапқан» арасаны көрген адамды шипалы суларының сан алуан қасиеттерімен де, тау-тасындағы ежелгі сурет, тылсым, құпия табиғат көріністерімен де таңырқатады. Дегенмен оның қалай «Найзатапқан» атануы жайлы анық аңыз жоқ.
«Найзатапқан» шатқалындағы сәмбі талдар көмкерген көлемі үйдей қос төмпешіктен жалпы саны 27 бастау суы жылтырап ағады. Қатар орналасқан бұл шипалы сулардың кейбірінің арасы бір қарыстан да аспайды. Алайда, әрқайсысының өзіндік дәмі, тіпті түрі бар.
Негізінен бұл арасан суында күкірт басым. Сондықтан мұнда емделуге келген іш құрылысында жара, сызаты бар адамдар, тері, қышыма дертіне шалдыққандар тез жазылады. Сүлігі мол батпағы буын, аяқ-қол, жүйке ауруларына ем. Табиғи ваннасындағы суы өте салқын емес, жаз күндері шомылған жанға әсер етеді. Арасанның көз, мұрын, бас ауруларына емдік қасиеттерін білетін ел жиі айтады. Осы күнге дейін «Найзатапқан» табиғи арасанының шипалық қасиеттерін мамандар ғылыми тұрығдан зерттеп, нақты дәйектеме жасай қоймады. Алайда, бұл арасанның емдік қасиетін осы өңірдегі ел ертеден пайдаланып келеді
«Найзатапқан» арасанында тылсым құпиясы көп табиғат тамашасы да аз емес.Айталық, сай ішімен арасан суына барар жалғыз аяқ жол табалдырығындағы таста мәсі киген адамның табан ізі бар. Одан әріректегі таста бес саусақты алақан ізі тағы тұр. Емделушілер арасан бойындағы бесік, төсек тасқа табынады. Ал, жотадағы тас айдаһар, екі баласын ойнатып отырған маймыл, шөккен түйе бейнесі, тас ошақ пен оның жанында жатқан тас қазан көрген жанды сан түрлі ойға жетелейді.
Тас бетіндегі тұлпар тұяғының ізі де адам қолымен жасалмағаны анық.Арасан орналасқан сай аса көрікті. Тау іші болғандықтан, жазда мұнда маса, шыбын-шіркей бола қоймайды. Жергілікті қариялардың айтуынша, арасанның қорғаушысы – қасиетті жыланы бар. Осындай кереметтері мол бұл арасанды туризмнің бастау көзіне айналдыра алсақ – «Рухани жаңғыруға» қосар сүбелі үлесіміз болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет