кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы тиіс [5].
Қонақжайлылық –кез келген қамқор қызмет көрсетушінің құпиясы.Туристік қызметтер
өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің
үйлесімділігі [6].
Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика
заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен
және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Ең алғаш рет қонақ үй
өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде – Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде
таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген.
Келушілердің құрамы әртүрлі болған. Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі
«ospis» — біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді
яғни – қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар – дәл осылай антика дәуірінде өз
үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер
қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған. «Қонақжайлық»
түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға
қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себептерімен тікелей байланысты.
Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында
орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет
қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол
жерде тамақтандырады, аттарын ауыстырады.Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар
монастырлар кезінде соғыла бастады[7]. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие
жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.Уақыт өте
келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы
қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады.
Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды.
Олар әдетте шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде,
адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда байланысының дамуына
байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды.
Мысалы XIV – ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай
шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады,
санитарлық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ғасырлардағы
мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы
қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.
Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.XIX ғасырдағы
өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты[8]. Теңіз
жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ
қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық
жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің
әдістері және түрлері өзгерді[8].
Қонақ үй қызметтерінің спецификасы
Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және
синдикаттар пайда бола бастады.Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ
үй шаруашылықтарын басқара отырып, сондай – ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй
тұрғызумен айналысты.Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын
одағы» құрылды. Бұл мекемелердің жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ
үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.1906 жылы
«Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй
иегерлерін біріктірді[9].
Достарыңызбен бөлісу: