Өткен ғасырдың соңында әлемдік туристік нарықта отандық туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасауды талап еткен қарама-қайшылықтар жүйесі қалыптасты: — жалпы туристік қызмет көрсетудің жалпы сипаты мен туристік қажеттілік және уәждемелердің жеке сипаты арасында. Туристік үйымдардың жалпы қызмет көрсетуге бағытталуы олардың бағдарламалық және тақырыптық мамандануына әсерін тигізді; — бос уақыт қүрылымдары мен туристік үсыныстар арасында. Сонымен туристік үсыныс негізінен туристерге қызмет көрсетуге бағытталған, олар бос уақыт бюджетінде 8%- ды алады. Рекреакцияның уик-эңдтік түрінің дамымауы нэтижесінде демалыс туризмі реабилитациялық қызметті атқарды, ал адамның физикалық және рухани күшін дамыту халықаралық туризмнен «тыс қала берді»; — оның экстенсивті даму жолын қамтамасыз ете алатын халықаралық туризмді жоспарлау мен қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлы технологиялары мен эдістерін енгізу есебінен туристік-экскурсиялық қызметті интенсификациялау талабы арасында.