2014-2015 оқу жылының қараша айының 24 мен 29 аралығында № 9 орта мектепте математика, информатика және физика пәндері бойынша апталық өткізілді.Апталықта өткізілетін іс-шаралар жоспары алдын - ала бекітіліп мұғалімдер жоспарға сай бірнеше сабақ үлгілері мен сыныптан тыс жұмыстар өткізіп, өз іс- тәжірибелерімен алмасты. Барлық мектеп ұжымына: оқушылар мен мұғалімдер назарына апталыққа байланысты бұрыш жасалды. Бұл бұрышта математика, физика және информатика пәндеріне байланысты сөзжұмбақтар, ребустар, логикалық сұрақтар, қызықты есептер ілінді.
Осы апталықта математика пәнінің мұғаліміТяжина Татьяна Талгатовна «Толымсыз квадрат теңдеулерге есептер шығару» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Берілген әр түрлі тапсырмаларға жауап бере отырып оқушылар математикалық білімдерін жақсы көрсете алды. Сабағы өз мақсатына жетті. Сабақта интерактивтік тақтамен пайдаланды. Үй тапсырмасы, анаграмманы шешу, ауызша жаттығу, тест тапсырмалары бойынша есеп шығару кезеңдері болды. Оқушылардың білімдерін өздеріне бағалату парақтары үлестірілді (бағалау критерийлері).
Аканова Инеш Муратбековна5 «А», 5 «Ә» және 5 «Б»сынып оқушыларының арасында қарашаның 25-і күні «Озық ойлы оқушы» атты сыныптан тыс жұмыс өткізді. Бұл іс-шара үш сынып оқушыларының арасында білімдерін сынасу сайысы түрінде құрылған. Оқушылар сыныптар бойынша топтарға бөлініп, әр түрлі деңгейдегі математикалық сұрақтар мен логикалық есептерге белсене жауап берді. Сайыстың нәтижесі бойынша 5 «А» сынып оқушысы Агадилов Абулхаир жеңіске жетті. Жеңімпаз апталықтың салтанатты жабылуында марапатталды.
Математика пәнінің мұғалімі Минасова Гульжан Кабдулаевна