Дыбыс – тілдік бірлік, тілдің мағыналы бөлшек-бірліктері: сөз бен морфемаларды құрайтын материалдар қызметін атқарады. Дыбыс сөзді тануға қызмет етеді.
Орфография – жазудың бірыңғайлығы үшін ережелер жүйесін жасайтын тіл білімінің бір саласы.
Орфоэпия - дұрыс сөйлеуді зерттейтін лингвистиканың саласы.
Дауысты дыбыстар (вокализм)– артикуляциялық, акустикалық және функционалдық қасиеттеріне байланысты ерекшеленетін дыбыстардың тобы
Еріндік дауыстылар – ерін қатысына қарай дыбыстардың айтылуы. Е.д. айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді.
Езулік дауыстылар – ерін мен езудің қатысына қарай дыбыстардың бөлінуі. Е.д. айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылады, езу жиырылады.
Ашық дауыстылар – жақ қатысына қарай дыбыстың айтылуы, яғни екі жақ бір-бірінен барынша қашықтап, ауа еш кедергісіз шығады.
Қысаң дауыстылар – жақ қатысына қарай жасалады, яғни екі жақ қысаңдарды айтқанда бір-бірінен сәл жуықтайды, бірақ ауаның еркін шығуына кедергі жасалмайды.
Дауыссыз дыбыстар (консонантизм) – қасиеттері жағынан дауысты дыбыстарға қарама-қарсы болатын дыбыстар тобы
Артикуляция - дыбыстау мүшелерінің дыбыс жасау барысындағы қызметі.
Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы.
Ашық буын - буынның бір түрі. Жеке дауыстылардан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын.
Тұйық буын – буынның бір түрі. Соңы дауыссызға аяқталады.
Буын үндестігі – сингармонизм.
Ерін үндестігі – дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуі.
Ассимиляция - дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. А. сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.
Кейінді ықпал – ықпалдың бір түрі. Кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.
Тоғыспалы ықпал – ықпалдың бір түрі, көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері.
Диссимиляция - дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі: сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы.
Интонация - мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі.
Екпін - сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тілінде бунақ екпіні немесе фразалық екпін, тіркес екпіні ғана бар.
Лексика - тілдегі сөздер жиынтығы; тілдің сөздік қоры.
Лексикология – тілдің сөздік қоры мен тіл лексикасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Омоним - тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер.