Тїсіндірме жазба



бет2/98
Дата29.04.2020
өлшемі451,5 Kb.
#65107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
00017541-5e1aff67

Классикалық бимен айналысу оқушылардан ынталы күш-жігерді және зейінділікті талап етеді, олардың еңбекқорлығын арттырып, еріктерін, мінездерін шыңдайды, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуға ықпал етеді. Би билеу сауаттылығын меңгеру үшін классикалық бидің әліппесін үйрену қажет.

Классиканың негізі – бұл қозғалыстың тепе-теңдігі мен үйлесімділігінің жалпы қағидаларынан құрылған адамның табиғи қозғалысы.



Халықтық-сахналық би балалардың ішкі күш-жігерлерін белгілі бір басыбайлылықтан босатуға көмектесіп, би қозғалысының ішкі әсер сезімінің сыртқа шығуына ықпал етеді, өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын сезінуге мүмкіндік береді.Басқа халықтардың мәдениетімен би арқылы танысу – оқушыларды сол халықтың дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Өткен дәуірлердегі би өнерінің алуан түрлі мәнерлерінің сипатын білдіретін тарихи-тұрмыстық би - әсерлі де мәнді мәнерлерді бойға сіңіреді, өйткені сол бір замандарда хореографтар «зиялы мәнерлерге» ерекше мән берген болатын.



Қазақ биі өзінің дамуында ұзақ та күрделі жолдан өтті. Бишілердің, хореографтардың бірнеше ұрпағының ізденімпаздық күшімен қажырлы еңбегімен, талантты талпынысымен пайда болып қалыптасқан қазақ биі қазір өзіндік өрнегімен, ұлттық ерекшелігімен, қайталанбас бет-бейнесімен көрермен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Қазіргі қазақ биі дүние жүзі халықтарының алдыңғы қатарлы билерімен бой теңестіріп, қатар тұра алатын дәрежеге көтерілді.

Қазақ биі дүние жүзі халықтарының барлық билері сияқты «халықтық -сахналық билер» тобына жатады. Қазақ биі Қазақстан Республикасының оқу орындарында – хореографиялық училищелерде, мәдениет училищелерінде, мәдениет институттарында жеке пән ретінде арнаулы курс бойынша дербес оқытылады және хореографиялық білім беру саласындағы негізгі арнаулы пәндердің бірі болып саналады. Қазақ биін пән ретінде оқытудың алдына қойылатын міндеті – биші шәкірттердің бойында жоғары адамгершілік,туған халқына деген күшті мақтаныш сезімін, сондай-ақ халықтық билердің орындалу сипатын, стилі мен мәнерін көрермен көпшілікке әсерлі жеткізе білу қабілетін қалыптастыру, би билеу техникасын меңгеру, музыканың мазмұнын түсінуін қамтамасыз ету болып табылады.

Әрбір бидің тақырыбы не екенін, ондағы образдардың қандай болу керектігін оқып-үйрету барысында оқытушы ұстаз өзінің шәкірттеріне халқымыздың тарихы, тұрмыс тіршілігі, жалпы мәдениет дәрежесі қандай болғаны туралы тартымды да мазмұнды әңгімелер айтып беруі тиіс. Бұл ретте қазақ халқының музыкасына, саз өнеріне, поэзиясына, сөз өнеріне, бейнелеу өнеріне, өнердің өзге де қолданбалы түрлеріне баса назар аудару ұсынылады.

Бұл оқу құралы жалпы білім беретін мектеп-гимназиялардың - хореографиялық бөлімдері мен өнер мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған. Оқу құралы бағдарламасы 4 (төрт) жылға есептелген. Әрбір сабақ белгілі бір мақсаты мен міндеті бар бірнеше бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлім – бұл жеңіл қадам жасау мен жүгіру жаттығуы. Ол 3-тен 10 минутқа дейін уақыт алады. Оның мақсаты – балалардың назарын аударып, олардың сергек те іскер көңіл-күйлерін қалыптастыру. Бұдан басқа бала организмі үлкен дене еңбегі жүктемесіне дайындалады, тынысы «ашылып», дұрыс қан айналысы қалыптасады.

Сабақтың оқу- жаттығу бөлігі станоктың қасындағы жаттығулардан (басында 20-25 минут) және зал ортасындағы жаттығулардан ( 20-35 минут) тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет