Тұздар — химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.
Тұздарды бинарлы косылыстарға балап, металл мен қышқыл қалдықтарының валенттіліктерін олардың таңбаларының үстіне жазамыз да, валенттілік бойынша формула құру алгоритмін пайдаланамыз.
Топырақтың тұздануы деп – топырақ қабатында суда жеңіл еритін тұздардың өсімдікке уытты мөлшерде шоғырланып жиналуын айтамыз. Мұндай топырақтарға сор, сортаңданған, кебір және қайтара тұзданған топырақтарды жатқызуға болады.
Қазақстанда тұзданған топырақтардың жалпы аланы 93 млн га болса (жалпы пайдаланатын жер алаңының 43%), оның ішінде егістік жерлерінің 4,6 млн га тұзданған (жалпы егістік жер алаңының 19,4%) болып табылады.
2.1.Тұзданған топырақ.
Тұзданған топырақ, орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Тұзданған топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5 – 1%-ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында жоғарғы горизонтта 6 – 8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жиналуы жағдайында дамиды.
2.2.Таралуы.
Тұзданған топырақтар негізінде қуаншылық және қуан аймақтарда кездеседі. Мұндай аймақтарда жер бетінен ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен жоғары болады және жақын орналасқан ыза сулары топырақтың қабатында тұздардың жиналуына жағдай жасайды. Климаты ылғалды аймақтарда жер бетінен булану қарқыны төмен болғандықтан шамалы жиналған тұздар түсетін мол жауын-шашын арқылы топырақ қабатынан шайылады.
2.3.Тұзданған топырақтардың қалыптасуы.
Тау жыныстарының мүжілуі салдарынан қомақты мөлшерде жеңіл еритін тұздар пайда болады. В. А. Ковданың деректері бойынша құрлықтан мұхитқа әр жыл 2735 млн т жеңіл еритін тұздар әкетілсе, мұхиттан құрлыққа 1 млрд т тұз тасымалданады. Қазақстан аумағын алатын болсақ тұздардың көп мөлшерде шоғырланатын аудандары Каспий теңізі маны ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір ойпаты аумағына жататын Солтүстік Қазақстан аудандары.
Каспий маны ойпаты
Жанартаулардың ықпалы. Жанартаулардың әрекеті салдарынан бөлінген газдарымен бұлардың құрамында күкірт, хлор қосылыстары ауаға шоғырланады. Бұл қосылыстар қоршаған ортаға араласқан сон сульфат және хлорид тұздарына айналады.
Жанартаулардың ықпалы. Жанартаулардың әрекеті салдарынан бөлінген газдарымен бұлардың құрамында күкірт, хлор қосылыстары ауаға шоғырланады. Бұл қосылыстар қоршаған ортаға араласқан сон сульфат және хлорид тұздарына айналады.
Өсімдіктер әсерінен топырақта тұздардың шоғырлануы. Қуан климат жағдайында өсімдіктердің органикалық қалдықтарының аэробты ыдырауы нәтижесінде жоғары мөлшерде жеңіл еритін тұздар шоғырланады. Мұнда тұздардың негізгі көзі жақын орналасқан минералданған ыза сулар болып табылады.
3.Тау топырақтары.
Таулы аудандарда климаттың континенталдығы мен биіктікке байланысты топырақ зоналарының саны да әр түрлі болуы мүмкін және ол тау тізбектері мен жүйелерінің орналасуына, жел соғу бағыттарына, теңіздер мен мұхиттардан арақашықтығына тәуелді. Дегенмен тау топырақтарына ортақ бip ғана заң - ол барлық таулы аудандарда вертикал белдеулер заңдылықтарының болуы.
3.1.Таулы топырақтын қалыптасуы.
Топырақтардың таудағы вертикал белдеулері ендік зоналықты қайталайды. Тау жүйелерінің вертикал зоналардың негізгі топырақтары альпі мен субальпі және орман топырақтары. Тау шалғындары топырақтары альпі және субальпі шалғында-ры астында пайда болады. Жауын-шашынның көп мөлшері, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, калың өсімдік жамылғысы топырақтарда органикалық заттардың жиналуына септігін тигізеді. Термикалық бұзылудың басым болуы майда, күшті қанқалы топырақтардың пайда болуына жағдай жасайды.
3.2.Таулы топырақтын құрылысы.
А1 - құба түсті, көбінесе шымтезектелген шым; А2 - күңгірт-сұр құысты, структурасы ұнтақты-дән тәріздес, қалындығы 50 см-ге дейін; В - өтпелі, күшті қанқалы, бұзылу қабықшасына өтетін қабат.
Таушалғындары топырақтарында 8-ден 20 %-ке дейін қарашірік бар, негізінде күлгінденбеген.
Қолданылған мәлімет көздері.
1) АфанасьеваТ.В. и др. Почвы СССР. М.: Мысль. 1979. 380 с.
2) Почвенный справочник. Пер. с франц. И.В.Ковды / Под ред. М.И.Герасимовой. Смоленск: Ойкумена. 2000. 288 с.
3) Сұлтангазиева Г. С., Беркинбаева А. С., Алимкулова Ж. Д. Бидай дақылының физиологиясына натрий хлоридінің әсерін экологиялық тұрғыдан бағалау. – 2020.