Түзудiң жалпы жағдайда орналасуы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата28.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137013
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 ТYЗУ (1)

3.4
 
 Түзудің ерекше жағдайда орналасуы 
 
Кейде түзу проекция жазықтықтарына параллель немесе перпендикуляр 
орналасады. Бұл түзудің жеке жағдайда орналасуы деп аталады. Жеке жағдайда 
түзулер деңгейлік және проекциялаушы болып екіге бөлінеді: 
1) Проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель орналасқан түзуді 
деңгейлік түзу деп атайды. Бұл жағдайда кесіндінің бір проекциясы кесіндінің тең 
болады 
2) Проекциялар жазықтықтарының біреуіне перпендикуляр орналасқан 
түзуді проекциялаушы түзу деп атайды. Түзудің проекциясы кесіндінің нақты 
шамасына тең. 
Сызба геометрияда деңгейлік түзулер үш топқа бөлінеді: 
1) Горизонталь түзу – π
1
горизонталь проекция жазықтығына параллель 
болатын түзу. 20-шы суреттегі һ түзуі, бұндай жағдайда түзудің фронталь 
проекциясы h

проекция осіне параллель, ал горизонталь проекциясы h

кесіндісінің нақты шамасына тең болады h

=h. 
Сурет 20 


2) Фронталь түзу - π
2
фронталь проекция жазықтығына параллель болатын 
түзу. 21-шы суреттегі f түзуі, бұндай жағдайда түзудің горизонталь проекциясы f

проекция осіне параллель, түзудің фронталь проекциясы f

кесіндінің нақты 
шамасына тең болады. 
Сурет 21 
3) Профиль түзу – профиль проекция жазықтығына параллель болатын түзу. 
Мысалы 22-ші суреттегі 
р
түзуі. 
Сурет 22 


Барлық деңгейлік түзулер қайсы жазықтыққа параллель болса, сол 
жазықтыққа нақты шамамен проекцияланады. Горизонталь түзу горизонталь 
проекция жазықтығына нақты шамамен проекцияланады. Деңгейлік түзу проекция 
жазықтығында жатуы мүмкін, ондай түзу нөльдік деңгейдегі түзу деп аталады. 
Проекциялаушы түзулер де үш топқа бөлінеді:
1) Горизонталь проекциялаушы түзу – π
1
горизонталь проекция жазықтығына 
перпендикуляр болатын АВ түзуі 23-ші суретте. 
Сурет 24 
2) Фронталь проекциялаушы түзу – фронталь проекция жазықтығына 
перпендикуляр болатын CD түзуі 25-ші суретте 
Сурет 25 


3) Профиль проекциялаушы түзу – профиль проекция жазықтығына перпендикуляр 
болатын EF түзу. Мысалы 26-ші суретте. 
Сурет 26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет