У. Шәлекеновтың айтып отырған «табиғат заңдылықтары» біздің ойымызша жердің өзінің осінен айналуы р



Дата07.02.2022
өлшемі24,28 Kb.
#95211
Байланысты:
этнология


Мысалға, У. Шәлекенов қазақ жүздеріне қатысты «жүз» сөзі географиялық ұғым ретінде қолданылады дейді: «Түріктер оның ішінде қазақтар өз жерлерінің табиғи-географиялық ерекшелігіне қарай бөліп қоныстанған. Оның әр бөлігіне «жүз» деген атама берген. Табиғаттың заңдылықтарына сәйкес оларды шығыстан батысқа қарай санаған, яғни Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз» [1.3].
У. Шәлекеновтың айтып отырған «табиғат заңдылықтары» біздің ойымызша жердің өзінің осінен айналуы. р.
Алайда қазақтар жүздердің аталуында мұндай факторларға негізделуі шындыққа жанаса қоймайтын секілді. Дегенмен бұл гипотизаны әрі қарай дамытатындар да бар. Н. Оразов жүздердің атаулары географиялық орналасу территориясына байланысты қойылғаны туралы екі пікір айтады.
Оның біріншісі, ол У. Шәлекеновтікі секілді, күннің көзін алғаш көруге байланысты: «Қазақта «жер жүзі», «жердің жүзін, күннің көзін алып жатқан» деген сияқты жердің бет-бедерін жүзі деп айтатын тіркестер бар. Осы тіркестер бізге келесі айтпақ ойды меңзейді. Қазақ хандықтарының қалыптастыру дәуіріндегі жерге орналасу жайын / сол кездегі картаны/ ойша бір шолып өтіңізші. Шығыста алатау мен оның бөктерінде, ұлы жүзге енетін тайпалар, Қаратау, Сыр бойында, Сарысу маңында Орта жүз. Арал Каспий ойпаттарынан Жайық, Ойыл, Еділ етегіне орай Кіші жүз таралып кетеді. Біріншіден, күн көзінің шығысы ертедегі қазақтар үшін қасиетті. Күнге табынған шамандар күнді бұрын көру бақытқа тең деген. Күннің хабаршысы таңды қадір тұту да сол ертеден қанымызға сіңген ұғымның жалғасы» деп, дәл сол бағытта ойын әрі дамытып: «күнді бұрын көретін ел қадір-қасиетімен де, уақыт ілгерілігімен де, соған орай жас мөлшерімен де үлкен, ұлы. Яғни, шығыстағы тайпалар – ұлы. Дәлірек айтсақ күннің күншығыс жақ жүзінде жатқан ел – ұлы жүз. Жердің орта жүзінде жатқан ел – Орта жүз. Кейінгі жақтағы жүзі – Кіші жүз» деген ой айтса, екінші пікірі жер бедерінің теңіз деңгейінен орналасуына байланысты. Сөйтіп автор Алатаудың етегінде орналасқан тайпалар – ұлы жүз, жердің орта деңгейінде жатқан – Орта жүз, ал ойпаттағы ел жердің кіші жүзіне, аласа деңгейіне орналасқан дейді [2.35].
Келесі зерттеушіміз С. Жақсыбаев үйсін тайпасы өздерінің ежелден келе жатқан мекенінде орналасқан тайпаларды, орналасқан территориясына құрмет көрсетіп –Ұлы жүз атаған десе, Орта жүз бен Кіші Жүздің атауларының пайда болуын былайша түсіндіреді: «Қазақ хандығының құрамына кірген түркі тайпаларының үш этникалық тобы болды. Осы этникалық топтардың шығысында бұрыннан «Ұлы жүз» деп аталған үйсіндер аймағынан батысқа қарай орналасқан этникалық топтың ортасында болғандықтан, олар өз аймағын «Орта жүз» деп атаған. Ал, қазақ хандығының шығысындағы ең шеткі этникалық топтың қазақтары алдында «Ұлы» және «Орта» деп басталатын атаулар болғандықтан, өздерінің атамекенін «Кіші жүз» деп атауды дұрыс көрген. Бұл атауға олардың «Кіші» сөзін алғандары, әрине, алшын ұрпақтарының кішіпейілдік ниетпен алдымызда пәленше-түгеншедей екі ағамыз бар деп санағандықтарына саяды» [3.37]. Бұл пікір түсіндіруді қажет етпейтін көрінеді.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде А. П. Чулошников пен М. Красовсий қазақ жүздерінің атауларына қарап Қазақ хандығы бірден құралмаған, алғаш болып Ұлы жүз бен Орта жүз одан кейінірек Кіші жүз қалыптасты дейді.
Мәселенің мұндай шешімімен В.П. Юдин келіспейді [4.41-42]. Ол: егер бірінші Ұлы жүз бен Орта жүз құрылса, онда Кіші жүздің пайда болуы оларға алдын ала белгілі болуы керек еді, ал ол мүмкін емес деп, авторлардың пікірін жоққа шығарады. Шынымен, қос автордың тұжырымдары аяғына дейін жетпей қалған секілді.
Сондықтан бұл сұрақты М.П. Вяткин толықтыруға тырысады. Алайда ол проблеманың басқа жағын қарастырады да Қазақ хандығының территориясы біртіндеп құрылғанын, алғаш болып Ұлы жүздің, кейін Орта жүздің және соңынан, Хақ-Назар ханның тұсында, Қазақ хандығының территориясына ногайлардың жері кіргеннен кейін, Кіші жүздің территориясы қалыптасты деп ой түйеді [5.99-101]. 
Автордың бұл пікірін Ш. Әмірбеков та қолдап: «Ал енді қазақ жүздерінің Үлкен (Ұлы), Орта, Кіші болып аталуы қазақ мемлекетінің біртіндеп қалыптасқанын көрсетсе, сонымен бірге «тайпалық құрылыстың өзі рулардың үлкен және кіші руларға бөлінуіне алып келеді» дейді [6.18].
Отандық тарихнамада қазақ жүздерінің неліктен Ұлы, Орта, Кіші болып аталғанының себебін іздеген алғаш тарихшы деп– В.П. Юдинді айта аламыз. Ол қазақ жүздерінің атаулары ондағы тайпа санына да, халық санына да байланысты берілмегені және олардың орналасқан территория көлемінің де орда атауларына ешқандай қатысы жоқ екені айтпаса да түсінікті дейді.
Алайда мәселенің шешімін де ұсынбайды [4.40].
Жоғарыда айтылған авторлардың (А. П. Чулошников пен М. Красовсий М.П. Вяткин) пікірінің жаны бар деп ойлаймыз. Оны былайша түсіндіруге болады: Қазақ хандығының территориясы біртіндеп қалыптасқаны белгілі, оны М.П. Вяткин дәлелдеген болатын. Алайда сол территориялардың хандықтың құрамына қосылу барысында жүз атауларымен бірден белгіленгенімен келісе алмаймыз. Себебі ол жағдайда алғаш Жетісуда қалыптасқан хандық – Ұлы жүз деп бірден аталмаушы меді?
Біздің ойымызша бүтін Қазақ хандығы, яғни барлық жер аумағы қосылған, Хақ-Назар ханның тұсында қалыптасып болды, сосын мемлекеттің жер көлемін игеріп бір орталықтан билік жүргізу үшін хан, көшпелілердің қалыптасқан дәстүрі бойынша, хандықты орталық, сол қанат, оң қанат деп үшке бөліп, орталығында (Түркістан) өзі отырып, оң, сол тараптарға өзінің інілерін отырғызған. Оған дәлел ретінде біз мына дереккөзін келтірмекпіз: «А Казатцкие Орды Акназара царя и Шигая царевича и Челыма царевича, а с ними дватцать царевичев приход их был на Нагаи и бой ...» [7.151]. Сонымен бірге бұл жағдайды дәлелдеудің тағы бір жолы бар. Қазақта «Ұлы жүзге қауға беріп – малға қой, Орта жүзге қалам беріп – дауға қой, Кіші жүзге найза беріп – жауға қой» деген сөз бар емес пе? Оның орыс тіліндегі нұсқасы: «отдай труд – Старшему жузу, власть – Среднему жузу, а войну – Младшему жузу». Олай болса биліктің Ортаңғы жүздің қолында болғанына бұл мақал дәлел емес пе? Әрине, жүздердің қалыптасуында үшеуінің орналасқан географиялық-климаттық, шаруашылық ерекшеліктері маңызды рөл ойнағанын жасырмаймыз. Алайда ол бөтен сұрақ, оны кейініректе қарастыратын боламыз. В. П. Юдин өзінің мақаласында не себепті үштік бөліністің болғаны туралы сұраққа да жауап іздейді. Және ол - жүздердің, біз көрсеткен үштік компонентке негізделіп, бөлінгенімен келіспей: «потому, что трехсоставная военная организация возникла только как построение войска во время военных компаний» дейді [4.46]. Шынында да көшпенділердің үштік жүйесі негізінен әскери жағдайдың негізінде тиімді қорғаныс тәсілі ретінде пайда болған, ал жұп сандарға бөлінбеудің бірден бір себебі мемлекеттің бөлініп кетпеуі үшін жасалған. Бірақ біз Хақ-Назар ханның тұсында және одан кейін де елімізге жау төнбеді, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болды деп айта алмаймыз ғой. Қазақ біреуге соғыс ашпаса да, ешкімге еншісін бермеген халық. Көшпелі мал шаруашылығын негізгі кәсіп көзі қылған халқымыздың басты мақсаты жайылымды аман сақтау еді. Ал оның негізгі жолын ата-бабаларымыз көресетіп кеткен болатын. Ал енді қазақ жүздерінің пайда болуы туралы негізігі дереккөзі болып табылатын ел ауызындағы аңыздарға назар салайық. Аристов, Гродеков, Потанин ел арасынан жинаған шежірелерде Алаштан үш жүз тарайды [8]. Оның үлкеннен кіші ұлдарына қарай сәйкесінше ұлы, орта, кіші жүздер өрбіген. Бұл аңыздың астарлы мағынасы бар көрінеді. Жалпы Алаш қазақ халқының өздік атауы және мұндағы оның қазақ жүздерінің атасы ретінде берілуі жалпы қазақ ру-тайпаларының барлығының түбі бір жерден тарайтынын меңзеп тұрғандай әсер қалдырады. Ақиқаты да солай, қазақты құраған автохтонды тайпалар болсын, моңғол үстіртінен келгендері болсын, ноғайлардан қосылғаны болсын барлығы кезінде кең байтақ Еуразия кеңістігін мекен еткен ежелгі ғұндардың ұрпақтары емес пе? Сонымен бірге мұндағы үш бауырдан жүздерді тарату – қазақ ордаларын жасына қарай, дәрежесіне қарай, яғни жүздердің құрамындағы тайпалардың ежелгілігіне (древность) қарай атағанын білдірмейді мекен? Себебі қазақта бірнеше атрибуттарға байланысты (тойда төрдегі орынға отыру, сөз сөйлеу, соғыста олжаны еншілеу т.б.) ұлы жүздің - орта жүз бен кіші жүздің алдында, ал орта жүздің – кіші жүздің алдында орны жоғары болып есептеледі. Сөз түйінін айтар болсақ, Хақ-Назар ханның тұсында хандықтың территориясы толық қалыптасқаннан кейін, бір орталықтан билік жүргізу мақсатынды, көшпенділердің үштік ел басқару принципіне негізделіп, географиялық-шаруашылық зоналарын ескеріп, хандық үш әскери-әкімшілік территорияларға – жүздерге – бөлінген. Ондағы жүздердің ат-атаулары олардың орналасқан жерлері Қазақ хандығының құрамына қосылу ретіне және әр жүздің құрамына кірген тайпалардың тарих сахнасында пайда болуына байланысты – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп берілген. 1.
Шәлекенов У. Қазақтың жүзге бөлінуі // Жалын №11, 2007. – Б. 2-9. 2. Оразов Н. «Жүздердің» және «қазақтың» шығуы жайлы пікір. // Сарыарқа. 1993. № 6 (18). – Б. 29-38. 3. Жақсыбаев С. Қазақ жүздері қайдан шыққан? // Ақиқат. №9, 2009. –Б. 36-39. 4. Юдин В.П. Орды: Белая, Синяя, Серая, Золотая... / В кн. Утемиш-Хаджи. Чингиз-наме. – Алма-Ата: «Гылым», 1992 – 296 с. 5. Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. – Алма-ата,1941. 6. Әмірбеков Ш. Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы. // Қазақ тарихы. № 3, 1994. – Б. 12-18. 7. История Казахстана в Русских источниках. Т. 1. Посольские материалы Русского государства (ХҮ–ХҮІІ вв.). – Алматы: Дайк–Пресс, 2005. – 704 с. + 16 с. вкл.
Аристов Н.А. Этногенез и этническая история казахского народа. –Астана: «Алтын кітап», 2007. –378 с.;
История Казахстана в Русских источниках ХҮІ–ХХ веков. Том ҮІІ. Потанин Г.Н. История и материалы. – Алматы: Дайк–Пресс, 2006. – 600 с.; Қазақ қайдан шықты: Н. И. Гродековтың топшалауы // Алаш № 3(3) 2005, - Б. – 44. Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет