Уақытша сынып жағдайында сабақ өткізуде туындайтын қиындықтар:
Үй тапсырмасының берілмеуі;
Оқушылардың ауысым бойынша ауысып отыруы;
Дағдының қалыптаспауы;
Сабақ барысында қолданылатын кейбір тиімсіз әдістер;
Оқушылардың жаңа ортада психологиялық жағынан ашылмауы;
Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды анықтауға кететін уақыт;
Сабақ бөлімдеріне немесе жалпы пәнге деген оқушының қызығушылығының төмендеуі;
Берілген білім нәтижесін, сапасын көре алмау.
Уақытша сынып жағдайында сабақ өткізуде туындайтын қиындықтар:
1. Үй тапсырмасының берілмеуі;
2. Оқушылардың ауысым бойынша ауысып отыруы;
3. Дағдының қалыптаспауы;
4. Сабақ барысында қолданылатын кейбір тиімсіз әдістер;
5. Оқушылардың жаңа ортада психологиялық жағынан ашылмауы;
6. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды анықтауға кететін уақыт;
7. Сабақ бөлімдеріне немесе жалпы пәнге деген оқушының қызығушылығының төмендеуі;
8. Берілген білім нәтижесін, сапасын көре алмау.
20 күн ішінде оқушыларға сабақты қызықты өткізуге арналған әдіс-тәсілдер:
1. Программаларды қолдана отырып, құрылатын әдіс-тәсілдер (сауалнама, тест, кері байланыс, ашық және жабық сұрақтар, ыстық орындық): «Plickers», «Class Dojo», «Classtools», «Kahoot», «Quizizz», «Zip grade».
2. Ойындарды қолдана отырып, құрылатын әдіс тәсілдер: «4 сөз 1 сурет», «Биржа», «Шығу билеті», «Затты анықта», «Крокoдил», «Бекет ойындары».
3. Рөлдік ситуацияларды қолдана отырып, құрылатын әдіс-тәсілдер («Case Study» әдісімен байланыстыруға болады): «Мультфильм песонаждары», «Тематикалық шоу» және т.б.
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субьектісі – мұғалім. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар – тек педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978 ж.
http://www.vkgu.kz/kz/gilim/innovacii/obrazov_tehnologii/tehnologiyalar_tizimi/cini_turgidan_tehnologiyalari.htm
http://kk.wikipedia.org/wiki/Жаңа_білім_беру_жүйесі
Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // – 2019. — №5. 3-5 бет
Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.
Источник: https://www.tarbie.kz/25889
Достарыңызбен бөлісу: |