Топаралық конфликт. Соңғы онжылдықта топаралық конфликтілер біздің қоғамдық өмірдің күнделікті құбылысына айналды. Көп жағдайда топаралық конфликтіліктің жандануының арқасында Ресейде конфликтология жылдам дами бастады. Әр түрлі субьектілер бәсекелестікке түсті: шағын және үлкен еңбек ұжымдары, этникалық топтар мен басқа да ірі бірлестіктер: әлеуметтік топтар мен таптар, діни бірлестіктер, партиялар мен бұқаралық қозғалыстар. Осындай конфликтілердің әртүрлігіне қарамастан, олар әдетте пайда болу мен дамудың бірыңғай механизімдеріне ие.