Студенттердің өз бетінше жұмысы (СӨЖ) дидактикалық үгіттік
міндеттерді өз
бетінше орындауы бағытталған, танымдық әрекеттерге
қызығушылығын қалыптастыратын және өзі үйренетіншетел тілі саласында
білім деңгейін тереңдететін студенттің оқу жұмысының ерекше бір түрі.
Студенттерлің өз бетінше жұмысы оның
шығармашылық белсенділігін
арттыратын, оқу материалын меңгеруге, зерттеу тұрғысында қарауды
қамтамасыз ететін практикалық мақсаттарды жүзеге асырумен байланысты.
Студенттердің өз бетінше жұмыс оқу материалын кітапхана, компьтерлік
класс, бұқаралық ақпарат жинағы арқылы өз бетінше меңгеруді көздейді.
Оқытушының басшылығымен атқарылатын студенттердің
өз бетінше жұмысы
(СӨОЖ) аудиториялық сабақ түрінде жүргізіледі. СӨОЖ жұмісы екі түрлі
қызмет атқарады: кеңес беру және бақылау.
кеңес беру функциясы:
-
студенттің өз бетінше жұмысына көмектесу;
-
оқу материалын меңгеруге қажетті жұмыс тәсілін таңдауға көмек беру;
-
оқу материалын терең меңгеруге көмектесу.
Студенттердің өз бетінше жұмысын
бақылау функциясы ағымдық,
аралық және қортынды бақылау және студенттердің ынталандыру үшін білім
бағалауға қойылатын бағалары есепке алынады.
Осы бағдарламада төмендегідей СӨЖ тапсырмалар қарастырылған:
1.
мамандығы
бойынша
30
бетті
монографияларды,
ғылыми
мақалаларды ана тілге аудару және оқу;
2.
арнайы терминологиялық
сөздік құру;
3.
оқылған әдебиеттері негізінде реферат дайындау;
4.
ғаламтор материалдарын өңдеу;
5.
жобалық жұмысты презентациялау;
6.
мамандық байланысты мақаланы аннотациялау.
Достарыңызбен бөлісу: