Меншікті мәндер және меншікті функциялар анықталатын теңдеуді
шешу мысалдары
Импульс операторының меншікті мәндері мен меншікті функциялары.
Дирактың дельта-функциясы және оның қасиеттері. Бірнеше шамалардың
анықталған мәндері. Микрожүйелерді толық квантомеханикалық сипаттау.
Физикалық шамалар үшін анықталмағандық қатынасы.
Шредингердің толық уақыттан тәуелді теңдеуі
Шредингердің толқындық теңдеуін негіздеу. «Энергия-уақыт» шамалары
үшін Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы. Уақыт бойынша дербес
туынды операторы. Гамильтон операторы және Шредингер теңдеуі (ШТ)
шешімдерінің классификациясы. Операторлардың уақыт бойынша толық
туындысы туралы постулат. Квантомеханикалық шамалардың уақыт бойынша
өзгеруі. Қозғалыс интегралдары. Сақталу заңдары.
Шредингердің стационар теңдеуі
Бірөлшемді ШТ-нің шешімдеріне қойылатын жалпы талаптар. Модельді
есептер. Шексіз терең тікбұрышты бірөлшемді потенциялдық шұңқыр.
Толқындық функциялардың түйіндік сипаты. Ықтималдық тығыздығының
графиктік
бейнеленуі.
Тереңдігі
шектелген
потенциялдық
шұңқыр.
Логарифмдік туындылардың теңдік шарты.
Сызықтық гармониялық осциллятор
Классикалық және квантомеханикалық гармониялық осциллятор.
Сызықтық гармониялық осциллятор үшін өлшемсіз айнымалылар арқылы
жазылған ШТ. Толқындық функциялардың асимптотикалық сипаты. Эрмит
полиномы және оның қасиеттері. Гармониялық осциллятор үшін толқындық
функциялар: нормалау шарты, рекуренттік қатынастары, дифференциалдау
ережелері. Энергетикалық спектрлердің квантталуы. Вириал теоремасы.
Кванттық күйлердің жұптылығы.
Достарыңызбен бөлісу: