Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет74/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Элементар оқиғалар. Оқиға және оның жиілігі. Ықтималдық. 
Ықтималдықтар теориясының аксиоматикалық құрастырылуы 
Кездейсоқ нәтижелі құбылыстар (сынақтар, тәжірибелер). Элементар 
оқиғалар кеңістігі кездейсоқ эксперименттің математикалық моделі ретінде. 
Оқиғалар. 
Оқиғаның 
жиілігі. 
Оқиғаның 
жиілігінің 
орнықтылығы. 
Ықтималдықтық статистикалық анықтамасы. Ықтималдықтар теориясының 
аксиоматикалық құрастырылуы. Ықтималдықтың аксиомаларының салдарлары. 
Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Комбинаторика элементтері. 
Шарларды жәшіктерге орналастыру. Геометриялық ықтималдық және Бертран 
парадокстері.
 
Элементар ықтималдықтар теориясының негізгі формулалары 
Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Ықтималдықтың геометриялық 
анықтамасы. Комбинаторика элементтері. Ықтималдықтарды қосу формуласы. 
Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды көбейту формуласы. Толық 
ықтималдықтар және Байес формулалары. Тәуелді және тәуелсіз оқиғалар. Екі 
және одан көп оқиғалардың тәуелсіздігі. 
 
Тәуелсіз сынақтар тізбектері.
Бернулли схемасындағы шектік теоремалар 
Бернулли схемасы екі нәтижелі тәуелсіз сынақтар тізбегінің моделі 
ретінде. Ең ықтимал табыс саны. Пуассон теоремасы. Муавр-Лапластың 
жергіліктілік (локальдық) және интегралдық шектік теоремалары. Шектік 
теоремалардың қолданылулары.
Кездейсоқ шамалар.
Кездейсоқ шаманың жалпы анықтамасы. Кездейсоқ шаманың үлестірім 
заңы және үлестірім функциясы, олардың қасиеттері. Дискретті және үзіліссіз 
кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шамалардың функциялары және олардың 
үлестірім заңдарын табу. 
Көп өлшемді (екі өлшемді) кездейсоқ шама
Кездейсоқ векторлар. Көп өлшемді үлестірім функциясы және оның 
қасиеттері. Кездейсоқ шамаларға амалдар қолдану. Кездейсоқ шамалардың 
тәуелсіздігі. Композиция формуласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет