Учебная программа по предмету «Обучение грамоте» для 1 класса уровня начального образования



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі2,02 Mb.
#41249
түріУчебная программа
  1   2




Приложение 1

к приказу Министра образования

и науки Республики Казахстан

от 8 апреля2016 года № 266
Приложение 175

к приказу Министра образования

и науки Республики Казахстан

от 3 апреля 2013 года №115



Типовая учебная программа по предмету «Обучение грамоте»

для 1 класса уровня начального образования

(с казахским языком обучения)
1. Түсіндірме жазба


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

  3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

  4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

  5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

  6. Қазіргі кезеңде оқушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

  7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

  8. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

  9. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құрудағы әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсілдер әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

  10. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

  11. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

  12. Оқу бағдарламалар білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгінәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

  13. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі:

  1. білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

  1. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, білім құмарлылық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

  2. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

  3. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.


2. «Сауат ашу» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері


  1. «Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында оқу мен жазуға қатысты жұмыс интеграциялау арқылы жүзеге асады.

  2. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнініңмаңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.

  3. «Сауат ашу» пәні оқушылардың:

1) қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;

2) оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;

3) айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;

4) жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне; өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.



  1. «Сауат ашу» пәнінің мақсаты– айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру процесі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

  2. Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:

1) қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;

2) әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

3) оқу дағдысы (дұрыс, мәнерлеп, шапшаң және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

4) тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;

5) кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;

6) қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

7) сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

8) сөздік қорын байыту және белсендіру,байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;

9) ана тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

10) коммуникативтік дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;

11) алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;

12) оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.



  1. «Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді:

1) оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады. «Сауат ашу» пәні арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу процесінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.
3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер


  1. Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуғаұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.

  2. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:

1) зерттеушілік тәсілдер (оқушылар «не білемін? нені білгім келеді? нені білдім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

2) әрекеттік тәсілдер (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);

3) дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

4) уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);

5) оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);

6) саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).



  1. «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

1) стратегиялар: өзін-өзі басқарушылық, эксперименттік, сыни, коммуникативтік;

2) технологиялар: шағын топтағы жұмыс (командада), кейс-стади (нақты жағдаяттарды талдау), рөлдік және іскерлік ойындар, модульді оқыту;

3) әдістер: жеке оқыту, проблемалық оқыту.


  1. Басты назар білімді қолдану біліктілігіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістіктер критерийлерін алдын ала белгілеу керек.

  2. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және белсенді тілдік орта құру арқылы, қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту керек. Мұндай орта оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен және көпшілікпен қарым-қатынасында қазақ тілін сауатты пайдалануына, ауызекі, жазбаша формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік туғызады.

  3. «Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  1. дыбыстық-буындық талдау жасау;

  2. артикуляциялық жаттығулар;

  3. мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру;

  4. тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;

  5. тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;

  6. мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;

  7. өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;

  8. белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;

  9. мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;

  10. жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);

  11. таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;

  12. сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;

  13. нені сұрауға және нені сұрауға болмайтыны туралы пікір таластыру;

  14. суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау;

  15. сахналау;

  16. берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.

  1. «Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

1) графикалық сызба арқылы «оқу»;

2) кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;

3) мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;

4) «көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;

5) мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу;

6) сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);

7) мәнерлеп оқу;

8) рөлге бөліп оқу;

9) оқылған әңгіменің, ертегінің картасын жасау.


  1. «Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

1) ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;

2) сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;

3) мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;

4) мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;

5) сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;

6) шағын хат жазу;

7) есте сақтау арқылы жазу;

8) байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;

9) сурет бойынша жазу;

10) өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.


4. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері


  1. «Сауат ашу» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

  2. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

  3. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

  4. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

  5. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.


5. «Сауат ашу» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


  1. «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесі:

1-кесте

Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

6 сағат

198 сағат

  1. Бастауыш білім беру деңгейінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін бастауыш сынып кабинеті санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуы керек.

  2. Жиһаздар сыныпта түрлі формадағы (жеке, жұптық, топтық) жұмыстар (ойын және басқа да белсенді әдістер) ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей жеңіл және жылжымалы болуы керек. Соған қоса, кітап сөрелеріне, оқушылардың көрме жұмыстарына арналған стенділерге және көрнекі құралдарға арнайы орындар ескерілуі тиіс.

  3. «Сауат ашу» пәнінің мазмұны:

1) «Сауат ашу» пәні – лексикалық тақырыптар негізінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрете отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған пән;

2) «Сауат ашу» пәні бағдарламасының мазмұны кіріктіріле (интегративті) құрастырылды;

3) «Сауат ашу» пәні үш кезеңнен тұрады: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Сауат ашудың әліппе кезеңі І тоқсанда басталып, ІІІ тоқсанда аяқталады. Мұғалім сағат санын үш кезең бойынша сыныптағы оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеруіне, әр кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруына орай еркін жоспарлай алады.


  1. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

1) оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру;

2) фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;

3) дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;

4) сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру;

5) қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу);

6) ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту;

7) ауызша, жазбаша тілін дамыту.


  1. Әліппе кезеңінің міндеттері:

1) оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту;

2) фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;

3) дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру;

4) әліпби әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті ажыратуға үйрету;

5) тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту;

6) біртіндеп сөзді тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;

7) әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру;

8) ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттерін жетілдіру.



  1. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:

1) мәтіндерді дұрыс, ырғақты оқуға дағдыландыру, «іштей оқу», түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;

2) тыңдау-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын жетілдіру;

3) байланыстырып сөйлеуін дамыту;

4) каллиграфия нормаларын сақтай және сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.



  1. Тыңдалым және айтылым:

мұғалім мен басқа оқушылардың сөйлеуін тыңдауы, естігенінің мәнісін түсінуі, сұраққа дұрыс және нақты жауап беруі, сөз мағынасын түсінуі, сөзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, өзі туралы айта алуы. Тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша сөйлесуде қолдануы. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. Өлеңдер жаттау, санамақтар, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар жаттау. Жаңылтпаштар айту арқылы артикуляциялық аппараттарын дамыту. Сөздің дыбыстық құрылымы. Дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңішке болып бөлінуі. Дауыссыз дыбыстар, олардың қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі. Буын – ең кіші айтылым бірлігі ретінде. Сөздердің буындарға бөлінуі. Дауысты дыбыстардың буынқұраушылық рөлі. Сөздің мағынасы. Сөйлем құрау. Сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру. Мәтінді тыңдау барысында түсіну. Мұғалімнің ауызша сұрақтарына жауап беру. Сюжетті сурет бойынша немесе көргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу; қысқаша тақпақтар жаттау, мазмұнын айтып беру. Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру. Шығармадағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру, сипаттама жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту.

  1. Оқылым:

сөздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау. Дыбыстардың мағына ажыратушылық функциясын түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау). Сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнісін түсіну. Дыбыс пен әріпті ажырата тани білуі; әріп – дыбыстың таңбасы ретінде. Жазылған сөздің әріптік құрылымын тану. Түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен ұласпалы оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы бойынша теріп оқу. Дауыстап оқу. Сөйлеудің интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау (аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы интонация);

жылдың соңында таныс емес мәтінді оқу техникасының нормасы: минутына 20-25 сөз бен тыныс белгілері;

ескерту: Шылау, екі әріпті сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады;

қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б, к – қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру;

сөздердің мағынасына бақылау жасау (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы). Мәтін туралы жалпы түсінік. Өз бетімен оқу барысында мәтінді түсінуі. Баяндау сипатындағы құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта өңдей алуы. Тұтас сөздер арқылы оқуға өту, «іштей оқу». Оқылғанның мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығы, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындау; көркем шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтау; қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; көркем мәтін мен өзге (нұсқаулық, түйін) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу (хабарлы, сұраулы, лепті) және олардың мазмұнын айтып беру; теріп оқу, рөлге бөліп оқу, оқылғанға баға беру (ұнайды/ ұнамайды). Оқу тапсырмаларын орындауға керекті ақпаратты іздеу (мұғалімнің жетекшілігімен). Мәтін, сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну.


  1. Жазылым:

сызбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу. Сөйлемді модельдеу. Жазу жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты/қаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, көлбеу, тік). Сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас әріптер мен кіші әріптерді, сөйлемдердің буындарын графикалық нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу. Айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ сөздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант жазу. Сөйлем құрамындағы сөздердің бөлек жазылатыны. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңында нүкте қойылатыны. Сөйлем, шағын мәтіндерді (3-4 сөйлем) дұрыс құрастырып жазу. Есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу. Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық дұрыс жазу;

ұғымдарды ажырату: зат және сөз заттың атауы ретінде. Қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың сөз аталымдары. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін ұғындыру, оларды орынды қолдануға үйрету. Бір затты, көп затты білдіретін сөздер. Дыбыс. Әріп. Бас әріп және кіші әріп. Дыбыс түрлері: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Буын. Дыбыстардан буын құрау. Буындардан сөз құрау. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстық-буындық талдау. Сөз және сөйлем. Сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрау. Сөйлемдерден шағын әңгіме (мәтін) құрау. Сөйлемнің тыныс белгілері (нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі);

дұрыс жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану:

1) бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау, дұрыс жазу;

2) заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтау;

3) көптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану;

4) жіктеу есімдіктерін ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;

5) тәуелдік жалғауларын ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;

6) іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) дұрыс қолдану;

7) сөйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып жазу;



8) мұғалім көмегімен сөздерді тасымалдау.

  1. Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әр бөлім өз кезегінде әрі қарай бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелерде оқу мақсаттары белгіленген, олар білім немесе түсінік, дағды немесе білік бойынша күтілетін нәтижелер түрінде берілген. Әрбір кіші бөлімшенің ішінде бірізділікпен орналастырылған және сол арқылы мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың еңбегін бағалауға оқытудың келесі кезеңі туралы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары бірізділікпен орналастырылған:

2-кесте

1-сынып



Сөйлеу әрекеттерінің түрлері

Дағдылар

1




Тыңдалым және айтылым


1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.4 Оқиғаны болжау

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрып айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

2

Оқылым

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

2.4 2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

3

Жазылым

3.3 Жоспар құру

3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу

3.5 Мәтінді түрлі формада (тірек сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер арқылы ) құрастыру

3. 6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

3.7 Қатені табу және түзету

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

  1. Бағдарламада «Оқу мақсаттары» кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгіде бірінші белгі – сыныбын, екінші және үшінші белгі – бөлімнің және бөлімшенің реттік санын, төртінші белгі оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.1.2.1. кодында «1» - сыныбы, «1» - «Тыңдалым және айтылым» бөлімі, «2» - бөлімшеcі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.

  2. Ескерту. «Жазылым» бөлімі бойынша:

Ж 1 «Мәтін түрлеріне сәйкес өз мәтінін құрастырып жазу»;

Ж 2 «Түрлі стильде мәтін жазу» бөлімшелерінің оқу мақсаттары 2-4 сыныпта «Қазақ тілі» пәнінде қарастырылады.



  1. Оқыту мақсаттарының жүйесі:

1) тыңдалым және айтылым:

3-кесте



Дағдылар

Оқу мақсаттары

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.4 Оқиғаны болжау

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.8Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

2) оқылым:

4-кесте



Дағдылар

Оқу мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу

1.2.1.2оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.2.2.1 мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау

1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар, энциклопедия) ақпараттарды табу

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) және стильдегі (көркем және бейкөркем) мәтіндерді салыстыру

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ф, в, ц, ч дыбыстары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу

3) жазылым:

5-кесте



Дағдылар

Оқу мақсаттары

3.3 Жоспар құру

1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою

3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу

1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

1.3.6.1* мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу

3.7 Қатені табу және түзету

1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету

3.8 Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу

1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату

1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген

атауларды) анықтау



3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану

1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын (терминсіз) қолдану

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет