Учебных достижений обучающихся методическое пособие



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата11.03.2020
өлшемі1,03 Mb.
#59992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Табыс  критерийі  –  бұл  мұғалімдер  мен  оқушылардың  оқыту  мақсатына 
қол жеткізу дәлелдерін иеленулеріне мүмкіндік беретін нұсқаулар.  
Сыртқы  жиынтық  бағалау  үшін  емтихан  жұмыстары  да  бағалау 
критерийлерін  –  бағалау  саласын  қамтиды,  соған  сәйкес  оқушының  емтихан 
26 

жұмысын қаншалықты жақсы орындағаны талқыланады.  
Емтихан  жұмыстарындағы  бағалау  критерийлері  балл  шығару 
дескрипторлары  мен  сұлбасын қамтиды.  Дескрипторларда  - оқушыдан белгілі 
бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл 
қою схемасы - нұсқаулық, әрбір сұрақ үшін балл саны мен балл беруді сипаттау 
нақты  көрсетілген.  Бағалау  критерийлерін  пайдалану  емтихан  жұмысының 
қандай  мектепте  орындалғанына  қарамастан  барлық  оқушылардың 
жетістіктерін  бағалаудың  тәсілдерін  стандарттауға  мүмкіндік  береді,  бұл 
объективті және ашық бағалауға қол жеткізеді.  
Қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалауды  жүргізу  кезінде  мектеп 
мұғалімдері  модерация  үдерісін  іске  асырады  –  бұл  бірыңғай  стандартталған 
тәсілді  жасау  мақсатында  бір  пән  және  сынып  бойынша  оқушының 
нәтижелерін талқылау. Модерация курстық, практикалық жұмыстарды бағалау, 
сыртқы жиынтық бағалауда тілдік пәндер бойынша «сөйлеу» дағдысын бағалау 
нәтижелері кезінде пайдаланылады.  
Оқушылардың  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалауларының 
нәтижелерін  жинақтау  үшін  оқыту  мақсатында  қол  жеткізілгенін  дәлелдеу 
ретінде  оқушының  портфолиосы  пайдаланылады.  Оған  оқушының  жұмысы, 
оны  бағалау  критерийлері,  өзін-өзі  бағалау  қорытындылары,  мұғалімнің 
пікірлері  ме  ұсынымдары  жапсырылады.  Портфолио  оқушының  оқудағы 
жетістігі туралы ата-аналармен кері байланыс жасау үшін қолданылады.  
2011  – 
2012  оқу  жылы  Зияткерлік  мектептерде  критериалды  бағалау 
жүйесін  апробациядан  өткізудің  бірінші  кезеңі  өтті:  физика  матемактикалық 
бағыттағы 7 сыныптарда және химия биологиялық бағыттағы 8 сыныптарда.  
2011  жылғы  16  тамыздағы  №9  НЗМ  ДБҰҰ  Басқарма  шешімімен  келесі 
құжаттар әзірленіп бекітілді:  
1. 
«Назарбаев  зияткерлік  мектептері  оқушыларының  жетістіктерін 
критериалды бағалау жүйесін енгізу тұжырымдамасы».  
2. 
«2011/2012  оқу  жылына  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  физика 
математикалық  бағытындағы  7  сынып  және  химия  биологиялық  бағыттағы 

сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау ережесі».  
Барлық мектептерде оқу жылының басында критериалды бағалау жүйесін 
апробациялау туралы бұйрықтар шығарылып, директор орынбасарын жауапты 
ретінде тағайындады [15].  
Астана  қ.  Зияткерлік  мектебінің  барлық  сыныптарында  критериалды 
бағалауды  апробациялау  жүзгізілды,  және  жаңа  бағалау  жүйесінің  барлық 
негізгі  элементтері  көрсетілген  бағалау  саясаты  әзірленді.  Астана  қ.  ФММде 
бірінші  тоқсанда  жүргізілген  апробация  қорытындысының  нәтижесінде 
Педагогикалық  кеңестің  шешімімен  2  тоқсанна  бастап  5  және  8  сыныптарда 
бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді.  
Әрбір  мектептің  әдістемелік  ұйым  отырыстарында  жиынтық  бағалауды 
жүргізудің кестесі бекітілді.  
Апробациялауды жүргізу барысында критериалды бағалау технологиясын 
жетілдіру  бойынша  келесі  жұмыстар  жүргізілді:  халықаралық  эксперттер 
кеңестер,  семинарлар  өткізді,  өткізілген  апробация  қорытындылап,  есептер 
27 

дайындады, жағымды жақтары мен туындаған қиыншылықтары талданды, жаңа 
оқу  бағдарламаларында  көрсетілген  күтілетін  нәтижелер,  оқыту  мақсаттары 
мен  міндеттерін  ескере  отырып  бағалау  критерийлері  пысықталды,  Бағалау 
тұжырымдамасы мен Ережесіне өзгерістер енгізілді.  
2012 – 
2013 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап Зияткерлік мектептерде 
критериалды  бағалау  жүйесін  апрбациялаудың  екінші  кезеңі  басталды  (2-
кесте). Апробацияның бірінші кезеңі нәтижесі негізінде нормативті құжаттарға, 
критерийлерге және бағалау шкаласына өзгерістер енгізіліп, жаңа құжатардың 
түрлері  енгізілді,  олар:  потрфолио,  модерация,  оқушылардың  жетістіктері 
туралы есеп.  
Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша әдістемелік 
ұсыныстар  әзірлеу  үшін  жұмыс  топтары  құрылды.  Тәуелсіз  халықаралық 
ұйыммен  оқу  жетістіктерінің  сыртқы  жиынтық  бағалауы  апробациядан 
өткізілді.  
2013  – 
2014  оқу  жылының  1  қыркүйегінен  бастап  критериалды  бағалау 
жүйесін  енгізудің  төртінш  кезеңі  басталды  (2-кесте).  Критериалды  бағалау 
моделі  оқыту  2012  жылғы  Кіріктірілген  оқу  бағдарламаларымен  жүзеге 
асырылатын  сыныптарда.  2012-2013  оқу  жылында  жүргізілген  апробацияның 
қорытындысында  нормативтік  құжаттарға,  бағалау  критерийлеріне  өзгерістер 
енгізілді.  
Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша әдістемелік 
ұсыныстар  әзірлеу  үшін  жұмыс  топтары  құрылды.  11  және  12  сыныптарда 
сыртқы жиынтық бағалау жүргізілді.  
Төртінші  кезең  –  2014  –  2015  оқу  жылының  1  қыркүйегінен  бастап  – 
критериалды бағалау жүйесін; сырттық жиынтық бағалау енгізу.  
Беінші  кезең  –  2015  –  2016  оқу  жылының  1  қыркүйегінен  бастап 
критериалды бағалау жүйесін; сырттық жиынтық бағалау енгізу.  
Әрбір  кезеңнен  кейін  нормативтік  құжаттарға  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізіліп,  критериалды  бағалау  технологиясын  енгізу  бойынша 
мұғалімдерге арналған әдістемлік нұсқаулықтар жетілдіріледу.  
 
2-
кесте – Критериалды бағалау жүйесін енгізу кезеңдері  
 
Зияткерлік 
мектептер 
2012-2013 
2013-2014 
2014-2015 
2015-2016 





Астана  қ.  ФМБ 
НЗМ  
3 -11 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Көкшетау 
қ. 
ФМБ НЗМ  
7, 8, 9, 11 
1, 7, 8, 9, 11, 
12 
1, 2, 7, 8, 9, 11, 
12 
1, 2, 3, 7, 8, 9, 
11, 12 
Талдықорған  қ. 
ФМБ НЗМ 
6,7, 8, 9,11 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Семей  қ.  ФМБ 
НЗМ 
7, 8, 9, 11 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
28 

2-
кестенің жалғасы  





Өскемен қ. ХББ 
НЗМ 
7, 8, 9, 11 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Ақтөбе, 
Шымкент 
қ. 
ФМБ НЗМ  

7, 8, 11 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Уральск 
қ. 
ФМБ НЗМ  

7, 8,11 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Павлодар 
қ. 
ХББ НЗМ  

7, 8 
7, 8, 9,11 
7, 8, 9, 11,12 
Қарағанды, 
Шымкент 
қ. 
ХББ НЗМ  

7, 8, 11 
Барлық 
сыныптар 
Барлық 
сыныптар 
Тараз, 
Қызылорда, 
Атырау қ. НЗМ  

7, 8 
7, 8, 9,11 
7, 8, 9, 11,12 
Алматы қ. ФМБ 
НЗМ 


7, 8, 9,11 
7, 8, 9, 11,12 
 
«НЗМ»  ДБҰҰ  оқушыларының  (2012  жылғы  Кіріктірілген  оқу 
бағдарламасы негізінде оқитын сыныптардағы) оқу жетістіктерін критериалды 
бағалау  Ересежіне  сәйкес  қалыптастырушы,  ішкі  жиынтық  және  сыртқы 
жиынтық бағалауды жүзеге асырудың тәртібі бар және ол келесіні қамтиды:  
− 
Қалыптастырушы  бағалау  түзету  функциясын  атқарады.  Тоқсан  мен 
жылдық бағаны қою кезінде қалыптастырушы бағалау ескеріледі.  
− 
Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  оқу  бағдарламасы  мен  жоспарға 
сәйкес табыс критерийі негізінде пән бойынша оқу мақсаттарды бағалау жүзеге 
асырылады.  
− 
Оқушының  оқу  мақсатына  жету  нәтижесі  «жетті»,  «талпынуда»  деп 
бағаланады.  
− 
Бір  тоқсанда  жеткен  оқу  мақсаттары  қосылып  қалыптастырушы 
бағалаудың балдарын санау кезінде ескеріледі.  
− 
Тоқсандық  бағаны  есептеу  кезінде  қалыптастырушы  бағалаудың 
балдары ескеріледі.  
− 
Қалыптастырушы  бағалаудың  нәтижесі  электрондық  журналда 
тіркеледі.  
− 
Дене  шынықтыру  пәні  бойынша  бағалау  1  және  7  сыныптарда 
критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделі  бойынша  жүзеге  асырылады. 
Қалған сыныптар дәстүрлі жүйеде бағаланады.  
− 
Бастауыш  сыныптарда  дене  шынықтыру  бойынша  қалыптастырушы 
бағалау тапсырмалар мен нормативтер тапсыру арқылы жүзеге асырылады, ал 
негізгі  және  жоғары  мектепте  жобаның  кезеңдерін  орындау  арқылы  баға 
қойылады.  
29 

− 
«Педагогикалық  өлшемдер  орталығы»  филиалы  әдістемелік 
ұйымдардың  басшыларымен  бірлесіп  ішкі  жиынтық  жұмыстарды  және 
ұсынылатын  формат,  бағалау  критерийлері,  барлық  параллель  сыныптарға 
бірдей  жиынтық  жұмыстардың  құрылымын  қамтитын  тестік  спецификация 
негізінде балл қою сұлбасын әзірлейді.  
− 
Ішкі жиынтық жұмыстардың кестесін Зияткерлік мектептер директоры 
бұйрығымен бекітіледі және оқу жылының бірінші аптасында әрбір оқушымен 
таныстырылады. Ішкі жиынтық жұмыстары бөліп өткізілген жағдайда кестеде 
жұмыстың соңғы бөлігі өткізілетін күні қойылады.  
− 
Ішкі  жиынтық  жұмыстар  әртүрлі  болады  (тестер,  сынақтар,  бақылау 
жұмыстары және т.б.).  
− 
Ішкі  жиынтық  жұмыс  бойынша  баға  Кіріктірілген  білім  беру 
бағдарламасының талаптарына сай критерийлер бойынша қойылады. Балл қою 
критерийлері  қажет  болған  жағдайда  танысуға  болатындай  қолжетімді 
(оқушыларға, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, ата аналарға және т.б.).  
− 
Бір  жылдың  ішінде  барлығы  орындауға  міндетті  бір  ішкі  жиынтық 
жұмыс жүргізіледі. Ішкі жиынтық жұмыс бірнеше бөліктер тұру мүмкін және 
бірнеше  сабақ  орындауға  болады,  және  қорытынды  баға  ірбңр  бөлікті 
орындағанның нәтижесінен қалыптасады.  
− 
Ішкі  жиынтық  жұмыстары  көптеген  критерийлер  қолдану  арқылы 
құрастырылады. Ішкі Жиынтық жұмыстың құрылымы, бағалау критерийі және 
форматын бейнелетін материалдармен оқушылар таныс болу керек.  
− 
Бір параллель сыныптар үшін ішкі жиынтық жұмыстар бірдей шартта 
өткізіледу.  
− 
Жиынтық жұмыстарды қайтадан орындау рұқсат етілмейді.  
− 
Егер  оқушы  дәлелді  себеппен  өткен  ішкі  жиынтық  жұмысына 
қатыспаса,  онда  оқушы  шыққаннан  кейін  бір  аптаның  ішінде  орындау  қажет, 
және ішкі жиынтық жұмыстардың қосымша нұсқалары қолданылады.  
− 
Бірінші  сыныптың  бірінші  және  екінші  тоқсандарында  ішкі  жиынтық 
бағалау өткізілмейді.  
− 
«Өнер»  пәні  бойынша  ішкі  жиынтық  бағалау  оқушыға  кешенді 
тапсырма беру арқылы жүзеге асырылады, және тапсырманы оқушы тоқсанның 
соңында тапсырады.  
− 
Бастауыш сыныптарда Дене шынықтыру пәні бойынша ішкі жиынтық 
бағалау оқушының портфолиосын бағалау арқылы жүзеге асырылады. Негізні 
және  жоғарғы  мектепте  ішкі  жиынтық  бағалау  жобаларды  орындау  арқылы 
жүзеге асырылады.  
Назарбаев  зияткерлік  мектептерде  тоқсандық  баға  мен  жылдық  бағаны 
қою үшін қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері 
қолданылады [16].  
Тоқсандық  баға  қоюда  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалаудың 
салмақ үлесі келесі пропорцияда берілген:  
Қалыптастырушы бағалау     
 
30%  
Ішкі жиынтық бағалау 
   
 
70%  
30 

Тоқсан бойындағы максималды балл саны – 60 балл.  
Қалыптастырушы  бағалау  30%  құрайды,  сәйкесінше  қалыптастырушы 
бағалаудың максималды балы 18 балдан тұрады.  
Ішкі  жиынтық  бағалау  70%  құрайды,  сәйкесінше  ішкі  жиынтық 
бағалаудың балы 42 балды құрайды.  
Қалыптастырушы  бағалау  бойынша  балдарды  есептеу  келесі  формулаға 
сәйкес есептелінеді:  
 
Балдар = 
Жеткен оқу мақсатының саны×18 
Бағаланатын оқу мақсаттарының саны 
Есепке  бағаланған  оқу  мақсаттары  ғана  алынады.  Жететін  максималды 
балл саны 18 болуы мүмкін. Балдар саны бүтін емес сандар болуы да ықтимал.  
Ішкі  жиынтық  бағалаудың  нәтижелері  балдарға  келесі  формула  арқылы 
ауыстырылады:  
Балдар = 
 
Ішкі жиынтық бағалау бойынша балл×42 
Ішкі жиынтық бағалау бойынша  
мүмкіндік максималды балл 
 
Жететін мүмкін максималды балл саны 42. Балдар саны бүтін емес болуы 
ықтимал.  
Екі бағалаудың түрі бойынша алынған балдар қосылып, бүтін санға дейін 
қысқартылады.  
Жалпы  балл  саны  A*-  U  бағаларына  және  5-балдық  шкаласы  негізінде 
ауыстырылады (3-кесте):  
 
3-
кесте – Жалпы балл саны A*- U бағаларына және 5-балдық шкалаға ауысуы  
Жалпы балл саны  
Тоқсандық баға 
Тоқсандық баға 
54-60 
A* 

48-53 

42-47 


36-41 

30-35 


24-29 

0-23 

(
аттестатталмаған)  

 
Критериалды  бағалауды  қолдану  оқу  үдерісін  барынша  тиімді 
ұйымдастыруға,  оқушыларға  дер  кезінде  қолдау  көрсетуге  және  сол  оқыту 
үдерісін  қамтамасыз  етуге,  оқу  бағдарламасының  сапасын  бағалауға,  барлық 
мүдделі тараптарға оқыту нәтижелері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.  
Кембридж  университетінің  Халықаралық  емтихан  Кеңесінің  2014  жылғы 
қаңтарда  Зияткерлік  мектебі  оқушылармен  жүргізген  он-лайн  сауалнамасы 
жалпы  алғанда  оқушылардың  бағалау  критерийлері  жүйесін  дұрыс 
31 

қабылдайтындарын көрсетті [17].  
Мәселен:  
•  барлық  оқушылардың  90,5%  критериалды  бағалауды  енгізу  сабақты 
оқытуды өзгерткенін атап өтті;  
• қазақша оқитын оқушылардың 54% және орысша оқитын оқушылардың 
73,3% 
өзін оқыту туралы ақпаратты көптеп алатын болды;  
• қазақша оқитын оқушылардың 88,9% және орысша оқитын оқушылардың 
85,9% 
сабақта ненің жақсы жүретінін және нені пысықтау керектігін біледі;  
• қазақша оқитын оқушылардың 67,5% және орысша оқитын оқушылардың 
62,5% 
бағалаудың жаңа жүйесінде өзін еркін сезінеді, бұл оларға ұнайды [17].  
Сонымен, Зияткерлік мектептерінің критериалды бағалау жүйесін әзірлеу 
және енгізу жөніндегі тәжірибесі Қазақстан Республикасында жалпы орта білім 
берудің мазмұнын жаңарту кезінде қолданылатын болады.  
 
 
1.4 
Оқушылардың  оқу  жетістігін  бағалаудың  критериалды  жүйесін 
енгізудің әдіснамалық негіздері  
 
Бағалау  жүйесі  оқыту  мәселелері  диагностикасының  негізгі  құралы  мен 
кері  байланысты  жүзеге  асыру,  сонымен  қатар  толығымен  білім  үдерісінің 
негізіне салынған ең анық қағидаларды өзіне тарту болып табылады.  
Білім  берудің  жаңа  стандарттарын  әзірлеу  оқушылардың  оқу  жетістігін 
бағалау  жүйесімен  байланысты  ғылыми  және  әдіснамалық  мәселелерді 
анықтады.  Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  бағалаудың  маңызды 
құралдарының бірі болып табылып, білім беру үдерісін одан әрі жетілдіру үшін 
обьективті және тиімді болу керек.  
Бағалауға 
критериалды-бағдарланған 
тәсілдер 
негізінде 
білім 
алушылардың  білім  беру  нәтижелерін  бақылау  жүйесі  мен  сапасын  бағалау 
өзекті болып табылады.  
Критериалды-бағдарланған  тәсілдерді  қолдану  білім  алушылардың  оқу 
жетістігін  бағалаудың  обьективтілігі  мен  қолжетімділігі  деңгейін  едәуір 
көтереді.Заманауи мектепте білім алушылардың білім беру қызметін бағалауға 
критериалды тәсілдер қажет, осындай тәсілдер кері байланысты жүзеге асыруға 
көмектеседі,  білім  беру  үдерісінің  барлық  қатысушыларына  өлшенетін 
критерилер және оқыту нәтижесін көруге мүмкіндік береді.  
Бағалау  жүйесінің  маңызды  сипаты,  ол  тек  ғана  бағалауды  қою  кезінде 
ғана қолданылмайды, толығымен мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар 
арасындағы  білім  беру  үдерісінің  жетістігі  себептері  бойынша  бақылау-
диагностикалық байланысты жүзеге асырады.  
Білім беру жетістігін бағалау кезінде бағалау жүйесі осындай балалардың 
оқу жетістігін обьективті көрсетіп ғана қоймау керек және білім алушылардың 
білім беру үдерісін одан әрі қолдау үшін негіз болу керек.  
Бағалау  жүйесі  оқыту  жетістігін  өлшеу  мен  оқыту  мәселелері 
диагностикасы  болып  табылады,  оқытудың  стратегиясы  мен  тактикасы 
бойынша  түбегейлі  шешім  қабылдау,  күтілетін  нәтижелерді  бағалау  түрі  мен 
32 

білім  мазмұнын  жетілдіру  ретінде  білім  беру  үдерісі  сапасын  анықтауға 
мүмкіндік береді. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде алынған нәтижелер 
арақатысы  мен  оқыту  кезіндегі  жоспарланған  мақсаттарға  жетудің  маңызы 
зор.Бағалау  жүйесін  жетілдіру  қажеттігі  критериалды  бағалау  жүйесіне 
қатысты көпфункционалды жүйені құруға ықпал етеді.  
Бағалау жүйесінің бірнеше қызметін бөліп көрсетуге болады:  
Нормативтік  қызмет  бекітілген  мемлекеттік  стандартқа  қатысты  білім 
алушылардың  жетістігін  тіркейді  және  жекелеген  оқушылардың  үлгерімін, 
мектеп  сыныптарының,  олардың  дайындық  деңгейі  мен  мұғалім  жұмысының 
сапасын қадағалайды.  
Ақпараттық-диагностикалық  қызмет  білім  алушылардың  мазмұнды  және 
эмоциялық рефлексиясын, соның ішінде ерекше қажеттіліктерін, барлық білім 
беру үдерісі қатысушыларының арасындағы мазмұнды байланысты қамтамасыз 
етеді.Бағалау  жүйесі  білім  беру  үдерісінде  нақты  сыныпта,  нақты  бала  үшін 
барлығы дұрыс екендігін көруге мүмкіндік береді.  
Бағалау жүйесі сол немесе басқа да материалдың қаншалықты жетістікпен 
игерілетіндігін, білім алушыларда сол немесе басқа да практикалық дағдының 
қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік береді.  
Осындай  мүмкіндік  білім  алушылардың  жеткен  деңгейін  салыстыруда 
бақылау өлшемдері белгілі бір минимумымен, оқыту нәтижелеріне қойылатын 
талаптармен әрбір білім алушылар үшін маңызды.  
Сонымен  қатар  міндетті  минимумды  есептеу  нүктесі  үшін  алу  лайықты, 
осындай балалар үшін нақты анықталған болу керек.  
Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  бағалау  жүйесі  білім  алушылардың 
жалпы  дайындық  деңгейінің  өзгерістері  ретінде  тіркеу  керек,  сондай  ақ 
танымдық  қызметтің  түрлі  салаларындағы  оның  жетістіктері  динамикасы 
(ақпаратты  игеру,  ақпаратты  өңдеу,  шығармашылық  және  жобалық  қызмет, 
ойды  жеткізе  білу  және  т.б.)  білім  беру  үдерісіндегі  бар  мәселелер  мен  оқу 
жетістігіне шынайы сипаттама алуға мүмкіндік береді.  
Бағалау  жүйесі  мұғалімдер,  оқушылар,  ата-аналар,  сынып  жетекшілері, 
сонымен  қатар  білім  беру  ұйымдарының  әкімшілігі  мен  педагогикалық 
ұжымдары  арасындағы  тұрақты  байланысты  қамтамасыз  ету  керек,  ол  білім 
беру үдерісін қалыптастыруда жүйелі тәсілді қамтамасыз ете алады, яғни оның 
тұтастығын қамтамасыз ету.  
Сонымен  қатар  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  бағалау  кезінде  білім 
алушылардың психикасына байқап қарау, оған нұсқан келтіретін жағдаяттардан 
қашып, баланың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру керек.  
Жоғарыда  көрсетілген  бағалау  жүйесінің  тәсілдері  білім  беру  үдерісінің 
барлық  қатысушылары  бағалау  жүйесіне  құрал  ретінде  қарауды,  жетістікпен 
білім  алу  үшін,  кері  байланысты  жүзеге  асыру  үшін  қажет  екендігін  түсінуді 
қамтамасыз ету керек.  
Аталған ережелер бағалау жүйесінің негіздерін қалыптастыру керек және 
оның  қызмет  ету  жалпы  аясына  бағыт  береді,  бір  уақытта  жетістік 
критерилеріне  және  әрбір  нақты  білім  жүйесін  толыққандылығына  қызмет 
етеді.  
33 

Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негіздері В.П. Беспальконың 
критериалды-бағдарланған технологиясы болып табылады [18].  
Оның  критериалды  бағалау  теориясының  негізгі  ережелері  оқыту 
шарттары  параметрлері  әр  қашанда  дәстүрлі  білім  беру  үдерісіне  тіркеліп 
негізделеді  (барлық  уақыт  үшін  бірдей,  ақпаратты  беру  әдістері  және  т.б.), 
тіркелмегені оқыту нәтижесі болып қалады.  
Американдық  психолгтар  Дж.  Керолла  мен  Б.  Блум  [19]  әзірлеген 
ережелерді  негізге  алып,  тұрақты,  тіркелген  параметрлер  есебінде  оқыту 
нәтижесін  алып  қарауға  болады,  В.  П.  Беспалько  бағалау  жүйесін  әзірлеуге 
тәсілдерді  өзгертуге  тырысты.  Бұл  жағдайда  американдық  психологтар 
теориясына  сәйкес,  оқытудың  басқа  шарттарының  параметрлері  барлық  білім 
алушылардың берілген критери-нәтижесіне жету үшін басқа оқу шарттарының 
параметрлері  өзгеріп  тұрады.Осындай  тәсіл  негізінде  критериалды-
бағдарланған  оқытудың  технологиясы  әзірленді,  сондай  ақ  толық  игеру 
технологиясы  деп  атайды,  білім  алушылардың  барлығы  қажетті  оқу 
материалын игеруге қабілетті оның шығу сәті бекіту болып табылады.  
Бұл  үшін  білім  беру  стандарттарына  сәйкес,  белгіленген  игеру 
критерилерін  әзірлеу  қажет.  Барлық  мектеп  пәндері  бойынша  ұсынылған 
стандарттар, нақты игеру критерилерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.  
Оқытудың  критериалды-бағдарланған  технологиясының  тиімділігі  білім 
алушыларға  көмектесудің  алуан  түрі, бақылау  түрі,  тапсырмалардың  түрленуі 
әрбір оқушыға оны игерусіз одан әрі тұлғаның толық оқуы мен дамуы мүмкін 
емес белгіленген міндетті критерилер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.  
Критериалды бағалау жүйесі келесідей элементерді қосады:  
1. 
Тақырыптарды  игерудің  критерилері  толық  анықталады  (сабақтар), 
оқытудың нақты нәтижелері тізбесінде көрсетіледі (білім беру бағдарламалары 
аясында игерудің белгілі деңгейімен оқыту мақсаттары);  
2. 
Тексеру  жұмыстары  әзірленуде  –  тест,  негізгі  мақсаты  түзету  оқу 
тәртібінің қажеттілігін анықтаудан тұрады;  
3. 
Оқу  материалдары  жекелеген  фрагменттерге  бөлінеді  (оқу  бірліктері), 
нәтижелері  анықталады  (критерилер),  сондай  ақ  оларды  оқу  барысында  жету 
керек және ағымдағы тексеру жұмыстары құрастырылады, әрбір оқу бірлігі оқу 
мақсатына жетуге көз жеткізуге мүмкіндік береді;  
4. 
Оқыту  тапсырмалары  құрастырылады,  оқытудың  сәйкес  әдістері 
таңдалады;  
5. 
Әрбір тест тапсырмаларынан балама түзету материалдары әзірленеді.  
Критериалды  бағалау  критерилерге  негізделген,  яғни  бағалауды  құрайды 
(критерилерден),  олардың  оқу-танымдық  құзыреттілігін  түрлі  дамыту 
бағыттары бойынша жетістіктері көрініс табады.  
Критериалды  бағалау-  бұл  тәсіл  оның  аясында  бағалау  мен  өзіндік 
бағалаудың алуан әдістері мен түрлері қолданылады.  
Критериалды бағалау кезінде:  
•  
оқушы өз оқуының нәтижесінде нағыз субьектіге айналады;  
•  
оқушының мектептегі мазасыздығы төмендейді;  
• 
мұғалім рөлінен «соңғы инстанциядағы сот» кеңес беруші, маман, тьютор 
34 

рөліне көшеді.  
Осындай сипатта критериалды бағалау өзіне оқушылар мен мұғалімдердің 
денсаулығын сақтау әлеуетін алады.  
Критериалды  бағалау  мұғалімдер  үшін  бірқатар  қағидалы  нұсқауларды 
ұсынады:  
1. 
Баға көмегімен оқушының тұлғасы емес жұмысы ғана бағаланады;  
2. 
Оқушының  жұмысы  басқа  оқушының  жұмысымен  емес  үлгісімен 
тікелей салыстырылады (өте жақсы орындалған жұмыс бейнесімен);  
3. 
Нақты  тапсырмалардың  әр  түрлері  қолданылады  және  дұрыс 
орындалған тапсырмалардың түрлері нақты және анық сипатталады;  
4. 
Үлгі оқушыларға алдын -ала беріледі;  
5. 
Баға  қоюдың  нақты  алгоритмі  әзірлену  керек,  ол  бойынша  оқушы  өзі 
өзінің  жеткен  деңгейі  мен  өз  бағасын  анықтай  алады.  Өзіндік  бағалау  оқушы 
рефлексиясы оның жұмысын тұспалдайды.  
6. 
Бағалау үрдісіне оқушыларды енгізу, өзіндік бағалауға өтуге ұмтылу;  
7. 
Нені оқығаныңды бағалауға болады, сондықтан да бағалау критерилері –
нақты оқу мақсаттарына жету;  
8. 
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқу пәні бойынша оқу жетістігін 
бағалау  критерилері  болып  табылады  және  оқушылардың  жекелеген 
жұмыстарын анықтау, нәтижелерін қортындылауға мүмкіндік береді.  
Критериалды  бағалау  оқушылардың  оқу-танымдық  құзыреттілігін 
қалыптастыруға ықпал ететін, білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес оқу 
үдерісіне  қатысушыларға  танымал,  ұжыммен  жасалған  нақты  белгіленген 
оқушылардың  оқу  жетістігін  салыстыруға  негізделген  үдеріс  ретінде 
түсіндіріледі.  
Бүгінгі  күні  білім  алушылардың  жетістіктерін  критерийлермен  бағалауға 
екі  басым  көзқарас  белгіленді.  Критерийлік  көзқарасқа  бірінші  көзқарас  оқу 
үрлісінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының ара-қатынасына 
негізделген.  Осылайша,  жағдай  түрлерінің  әрбіреуінің  ішінде  оқушы  «1»-ден 
бастап  «5»-ке  дейінгі  бағаларды  алуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  тапсырмалардың 
күрделілігі бойынша кезектестігі қамтамасыз етіледі. Онымен бір уақытта бұл 
көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны 
кезеңінде  шектеледі,  «білімнің  өмірге  шығуы»  жүйелігін  қамтамасыз  етпейді, 
бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.  
Критерийлік  бағалауға  екінші  көзқарас  білімді  өңдеу  –  ұғынуды-
қолданысты-жүйелендіру  мен  жинақтау  деңгейлеріне  және  оларға  сәйкес 
бағалау  шкаласына  негізделген.  Ең  алдымен  білім  алушылардың  икемдерін 
қадағалайтын  осындай  бағалаудың  нәтижелері  олардың  функционалдық 
сауаттылығына қол жеткізу қырынан толықтыруды талап етеді. Нақты көзқарас 
білімдегі  күтілетін  нәтижелерге  жетудегі  және  оларды  бағалаудағы 
қажеттіліктерді толық қамтымайды.  
Критерийлік  бағалау  білім  алушылардың  жеке  психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкестікте іске асырылады.  
Критерийлік  бағалау  жүйесі  білім  алушылардың  оқу-танымдық 
белсенділігін,  олардың  шығармашылық  және  зерттеушілік  аясын,  оқудағы 
35 

дербестігін және ақпарат ағынында бағдарлануын қалыптастыру және дамыту 
үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау мақсаттарын анықтайды.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет