Електі (сүзгілі) түтіктер. Өткізгіш ұлпа, ол арқылы жапырақтарда синтезделген органикалық заттардың тасымалдануы жүзеге асады. Бұл тірі клеткалардың вертикальды қатары, олардың көлденең қабықшаларында көптеген тесіктері болады (електі пластинкалар).
Сүзгілі түтіктердің буындарының қабырғалары целлюлозадан тұрады, ядросы болмайды. олардың қасында әдетте бір немесе бірнеше серіктік клеткалары болады. Олардың ядросы бар. Сүзгілі түтік және оған жақын орналасқан серіктік клетка бір меристемалық клеткадан пайда болады. Бұл клетка ұзынынан бөлінеді, пайда болған екі жас клетканың біреуінен електі түтіктің элементтері, ал екіншісінен серіктік клетка жетіледі. Кейбір өсімдіктердің, мысалы қылқн жапырақтылардың серіктік клеткалары болмайды. Сүзгілі түтіктері көп жағдайда бір жыл ғана өмір сүреді. Күзге қарай електі табақшалардың тесіктерінің ерекше қаллеза деген затпен бітеліп қалуына байланысты, ол арқылы органикалық заттар өту мүмкіндігінен айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |