Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет107/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   171
Морфологиялық құрылысы
Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы, төрт қырлы, қанатшалы, жалпақ болып келеді.
Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады.
Анатомиялық құрылысы
Жер бетінің тіршілік ортасы, топырақтағы ортаға қарағанда алуан түрлі болып келеді.
Алғашқы құрылысы. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады. Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде камбий түзіледі. Одан алғашқы флоэмамен алғашқы ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады.Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады. Сабақтың алғашқы құрылысындағы ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі.
Алғашқы қабықты мынадай ұлпалар түзеді: эпидермистің астында орналасқан арқаулық ұлпа колленхима; алғашқы қабықтың паренхимасы оның клеткаларының көптеген бөлігін хлоропластар алып жатады; эндодерма – алғашқы қабықтың ішкі қабаты, оның клеткаларында көп жағдайда, крахмал дәндері болады, соған байланысты эндодерманы крахмал қынабы деп те атайды.
Орталық цилиндрдің сыртқы қабатын перицикл деп атайды. Ол паренхималық клеткалардың бір немесе бірнеше қатарынан тұрады. Олардан қосалқы тамырлар, қосалқы бүршіктер, екінші реттік меристемалар – камбий және фелоген пайда болады. Кейде перициклде паренхималармен бірге склеренхимада болады. Перициклден ішке қарай прокамбийден пайда болатын өткізгіш системасы орналасады. Ортасында қабықшалары жұқа болып келетін, үлкен паренхималық клеткалардан тұратын өзек орналасады. Онда артық қор заттары жиналады.
Сабақтың алғашқы құрылысындағы байқалатын айырмашылықтар, прокамбийдің түзілу жолдарына байланысты. Жалаңаш тұқымдыларда және қосжарнақты жабық тұқымдыларда прокамбий екі түрлі жолмен қалыптасады. Бірінші жағдайда прокамбийдің жекелеген бөліктері тікелей шеңбердің бойымен орналасады. Яғни өткізгіш ұлпалары сабақтың алғашқы құрылысында шеңбердің бойымен жекелеген шоқ түрінде орналасады және алғашқы өзектік сәулелерді түзетін паренхиманың учаскілерімен бөлініп тұрады. Екінші жағдайда прокамбий цилиндрдің бойымен орналасады. Бұл жағдайда сабақтың алғашқы құрылысында өткізгіш ұлпалары цилиндрдің бойымен орналасады. Дара жарнақтыларда прокамбийдің учаскілері, сонымен бірге одан дифференциацияланатын түтікті талшық шоқтары орталық цилиндрдің барлық жерлерінде орналасады.
Тамырдың алғашқы құрылысының сабақтың алғашқы құрылысынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерге мыналар жатады: тамырдың орталық цилиндрінде көп жағдайда өзек түзілмейді; еш уақытта эпидермасымен колленхимасы болмайды; өткізгіш шоқтары барлық уақытта радиальды болып келеді және орталық цилиндрдің ортасында орналасады; тамырдың көп бөлігін алғашқы қабық қабаты алып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет