ӨСІМДІКТІҢ ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
Тамыр – кіндік тамыр, шашақ тамыр, тағы басқа түрлері, оның ұзындығы, жалған тамыр.
Сабақ (жер астындағы) – жертамыр, түйнек, пиязшық, оның көлемі.
Сабақ – ағаштан, шөптесін, жай немесе бұтақталған, бұтақталу түрлері. Көлденең кесіндісі бойынша: дөңгелек, қабысқан, ұшқырлы, төртқырлы, қабырғалы, тіктұратын, тырмысып өсетін, бетінде түгі бар немесе жылтыр. Сабақтың биіктігі.
Жапырақ – қондырмалы немесе сағақты, орналасуы (қарама-қарсы, кезектесіп, топтасып). Бөбешік жапырақтары бар ма. Күрделі немесе жай, жапырақ тақтасының формасы. Мұртша, тікенше, жапырақ жиегі; тегіс жиекті, дөңес жиекті, ара тісті, доға тәрізді, параллельді, тісті бөлімшелі. Жүйкеленуі: тор тәрізді, доға тәрізді, параллельді, жылтыр немесе түкті. Әр түрлі жапырақтылық
Достарыңызбен бөлісу: |