Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет98/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   171
Микориза. Тамырдың ұштарын олармен бірге симбиозда селбесіп өсетін саңырауқұлақтардың жіп шумақтарын (гифаларын) микориза деп атайды.
Микоризаның үш типін ажыратуға болады:

  1. сыртқы немесе эктотрофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіпшумақтары тамырды тек сыртынан тығыз қоршап тұрады;

  2. сыртқы – ішкі немесе эндотрофты микоризы, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіпшумақтары тамырдың клеткаларына аздап еніп тұрады.

  3. ішкі немесе эндотрофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тек тамырдың клеткаларының ішінде ғана өмір сүреді. Эктотрофты микориза көп жағдайда ағаштар мен бұталарда, ал эндотрофты микориза шөптесін өсімдіктерде болады. саңырауқұлақтың жіп шумақтары өсімдіктің тамырына өтіп, оның ұлпаларындағы органикалық заттармен қоректенеді, сонымен бірге оған суды және онда еріген минералдық тұздарды жеткізіп отырады. Саңырауқұлақтардың клеткасында болатын ферменттер, топырақтағы органикалық заттарды минералды заттарға айналдырады, сөйтіп оларды өсімдіктердің сіңіруіне мүмкіндік жасайды. Микориза табиғатта өте кең таралған.

Түйнектер. Бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктердіңтамырларына ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті ризобиум туысына жататын ерекше бактериялар қоныстанады. Бактериялар өсімдіктердің органикалық заттарымен қоректенеді, ал өсімдіктер бактериялар синтездеген азотты қосылыстарды бойына сіңіреді. Бактерияның тамырға енуі оның қабықтық бөлігінің ұлпаларының ұлғайып өсіп, түйнектер деп аталынатын, ісік тәріздес буылтық түйнектердің пайда болуына әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет