Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет87/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   171
Өткізгіш шоқтары
Түтіктер, трахеидтар және сүзгілі түтіктер өсімдіктің денесінде белгілі бір жүйеде, ерекше комплексті комплексті топтарға- өткізгіш шоқтарына жиналады. Шоқтардың 4 түрі болады: жай шоқтар, жалпы шоқтар, күрделі шоқтар және түтікті- талшықты шоқтар.
Жай шоқтар өздерінің құрылысы жағынан ең қарапайымдысы. Олар біртектес гистологиялық элементтерден, не тек трахеидтерден, немесе тек електі түтіктерден тұрады.
Жалпы шоқтар тек түтіктерден, трахеидтерден және сүзгілі түтіктерден тұрады.
Күрделі шоқтарда өткізгіш ұлпалардан басқа паренхималық ұлпалар да болады.
Түтікті-талшықты шоқтар арқаулық ұлпалармен қоршалған күрделі өткізгіш шоқтың элементтерінен тұрады. Бұл шоқтар ерекше мықты болады.
Шоқты екі бөлікке: ксилемаға және флоэмаға.
Ксилема түтіктерден, трахеидтерден және сүректік паренхимадан, сүректік талшықтан тұрады. Ксилемамен су және минералдық заттар тасымалданады.
Флоэма сүзгілі түтіктерден, серіктік клеткалардан, тін паренхималардан және тін талшақтарынан тұрады. Флоэмамен органикалық заттар тасымалданады.
Егерде ксилема мен флоэманың арасында камбий болса, онда мұндай шоқты ашық деп атайды. Камбийдің тіршілік әрекетінің нәтижесінде шоқ келешегінде өсіп ұлғаяды. Ашық шоқтар қос жарнақтылар класы мен жалаңаш тұқымдыларға тән. Жабық шоқтарда флоэма мен ксилеманың арасында камбий болмайды.
Шоқтар флоэма мен ксилеманың әртүрлі орналасуына қарай классификацияланады. Түтікті-талшықты шоқтардың мынадай төрт түрі бар: коллатеральды, биколлатеральды, шеңберлі және сәулелі шоқтар.

  1. Коллатеральды шоқта ксилема мен флоэма өзара бүйірімен түйісе орналасады. Бұл жерде флоэма органның өзегінен алыстай, ал ксилема керісінше өзекке қарай бағыттала орналасады.

  2. Биколллатеральды шоқта флоэма ксилеманың екі жағынан бірдей оған түйісе орналасады және флоэманың сыртқы бөлігі ішкісіне қарағанда көптеу болады, бұл асқабақ тұқымдастарына тән.

  3. Шеңберлі шоқты екі түрі болады: ксилема флоэманы қоршап тұрады, бұл негізінен дара жарнақты өсімдіктерге тән; флоэма ксилеманы қоршап тұрады, бұл папоротниктерге тән.

  4. Сәулелі шоқта ксилема органның ортасында орналасады да, шетіне қарай шашыраңқы таралған өсінділер береді. Осы өсінділердің арасында, олармен алма-кезек флоэманың бөліктері орналасды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет