Қанайналым сызбанұсқасы Осыдан кейін артерия қаны венаға жиналады да, өкпенің төрт венасы (әр өкпеден екі- екіден) арқылы сол жақ жүрекшеге құйылады. Бұл жерде қанайналымның кіші шеңбері аяқталады. Сонымен, қанайналымның кіші шеңберінің артериясында вена қаны, венада артерия қаны ағады.
Қанның оң жақ қарыншадан өкпеге, одан сол жақ жүрекшеге қозғалуы өкпе немесеқанайналымның кіші шеңбері деп аталады.
Қанның артериялык қысымы. Қан жүректің ырғақты (ритм) жұмысының нәтижесінде тамырлармен қозғалады. Қарыншалардың жиырылуы кезінде қан қысым арқылы қолқа мен өкпе артериясына түседі. Бұл жерде ең жоғары қысым дамиды - 150 мм сын. бағ. Қан артериямен қозғалған сайын қысым 120 мм сын. бағ. дейін төмендейді, капиллярда 22 мм. сын. бағ. болады. Ең төмен қысым венада, ол 5 мм сын. бағ. тең.
Бұл қанның тамырлармен қозғалғанда қан бөлшектерінің тамыр қабырғасына және бір-біріне үйкелуі салдарынан пайда болатын кедергіні жоюымен түсіндіріледі.
Қан жоғары қысым аймағынан төмен қысым аймағына ағады. Артериялық қысым-артерияда қан тудыратын қысым; жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсіретін қысымы. Қан қысымы жүрек циклінің әр түрлі кезеңдерінде өзгереді. Ең көп қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал ең аз қысым жүрек жалпы босаңсығанда болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының (пульстік) қысымы деп аталады. Артериялық қысым жүрек-тамыр жүйелері жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қысым өзгерген кезде жүрекке жүктеме, сондай-ақ ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету деңгейі өзгереді.