Пәнішілік байланысы: Внутрипредметная связь: Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия
Теориялық сабақтың барысы Ход теоретического занятия
1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Студенттерді түгендеу.
Организационная часть
2. Оқытушының кіріспе сөзі.Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз: «Дигибридті будандастыру.» сабақтың тақырыбы мен мақсатына шолу).
Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)
3.Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру. 1.Генетика ғылымы нені зерттейді? (Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті).
2.Өзгергіштік дегеніміз не? (Организмдердің жаңа бір қасиетке ие болуы).
3.Генетика ғылымының даму кезеңдерін неше бөледі? (3).
4.Мутациялық өзгергіштік теориясын ұсынған ғалым кім? (Голландия ғалымы - Гуго де Фриз).
5.Ген дегеніміз не? (белгіні анықтайтын хромосоманың бөлігі). Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:
4.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Дигибридті будандастыру.
1. Дигибридті будандастыру
2. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы
3. Гаметалар тазалығы ережесі
1. Дигибридті будандастыру моногибридті будандастыруға қарағанда күрделірек болады. Бұл будандастыру қарама-қарсы екі жұп белгілердің бір уақытта тұқым қуалауын зерттейді. Екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша айырмасы бар дараларды будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды. Г. Мендель өз тәжірибелерінде тұқымының түсі сары, пішіні тегіс және тұқымының түсі жасыл, пішіні бұдыр бұршақ өсімдіктерін қолдан будандастырған. Бірінші ұрпақ (Ғх) өсімдіктерінің барлығының тұқымының түстері сары, пішіні тегіс болған.
Сонымен екі жұп белгілерді анықтайтын гендерді белгілейік. Тұқымның сары түсін анықтайтын генді — А (доминантты), жасыл түсті — а (рецессивті) тұқымның тегіс пішінін анықтайтын генді — В (доминантты), бұдыр пішінді — b (рецессивті). Тұқымның түсін және пішінін анықтайтын гендер әр хромосомада орналасқан. Тұқымы сары, тегіс бірінші ұрпақ будандарын (Ғ1) өздігінен тозандандырғанда, екінші ұрпақта (Ғ2) Мендельдің ажырау заңына сәйкес белгілердің ажырауы байқалады.
Бірінші ұрпақ буданы екі жұп аллельдер бойынша дигетерозигота болғандықтан (АаВb), төрт типті гамета түзеді, себебі А және В гендер гомологті емес хромосомаларда орналасқан. Ал хромосомалар мейоздық бөлінудің I анафазасында полюстерге бір-бірінен тәуелсіз ажырайды. Хромосомалардың тәуелсіз үйлесуіне сәйкес гаметалардың түзілуін мынадай әдіспен шешуге болады. Жасушаның мейоздық бөлінуінде А гені бар хромосома В және b аллелі бар хромосомамен сіңлілі жасушаға өтуінің ықтималдығы бірдей болғандықтан, үйлесуі АВ және Аb болады. Осы сияқты а гені бар хромосома В және b аллелі бар хромосомамен сіңлілі жасушаға өтуінің мүмкіндігі бірдей болғандықтан, аВ және ab гаметалар түзіледі. Сонымен, дигетерозиготадан 4 түрлі гаметалар типі түзіледі.