Жүрек ишемия ауруы – тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануына алып келетін процесс.
ЖИА клиникалық түрлері: Стенокардия. Миокард инфарктісі. Кардиосклероз. Аритмиялар. Кенеттен болған өлім
Стенокардия (жүрек қыспасы) – миокардтың өтпелі ишемиясынан дамитын клиникалық синдром. Классификациясы: -Тұрақты күш түсу стенкардиясы
-Тұрақсыз стенокардия -Тұрақты күш түсу стенокардиясы
Науқас адамның физикалық жүктемелерге төзімділігіне қарай төрт функциялық сыныпқа бөлінеді:
І функциялық сынып (класс) – ауыру ұстамалары күнделікті болмайтын, шамадан тыс күш түскенде пайда болады
ІІ функциялық сынып (класс) – ауыру ұстамалары тегіс жермен 500 м-ден артық
жүргенде, баспалдақпен 1 қабаттан артық көтерілгенде қайталайды
ІІІ функциялық сынып (класс) – ауыру ұстамалары тегіс жермен 100-200 м жүргенде, баспалдақпен 1 қабат көтерілгенде қайталайды
ІY функциялық сынып (класс) – ауыру ұстамалары болымсыз күш түскенде, бөлме ішінде қозғалғанда, және де тыныштық жағдайда, еш бір жүктеме түспей ақ қайталап отырады
Тұрасыз (стабилъді емес) стенокардия— тәж қан ағымының нашарлауын белгілейтін жөне миокард инфаркты дамуымен кауіпті стенокардия түрлерінің қосындысы.
-Тұрақсыз стенокардия
-Өршіп өрбитін стенокардия
-Алғаш пайда болған стенокардия
-Вариантты (Принцметал) стенокардиясы
Стенокардия ұстамасы - Төс арты қысып, басып ауырады. Ауыру сол жақ қолға, иыққа, жақ сүйекке, жауырын астына беріледі. Ұстама қимыл-қозғалыс кезінде пайда болады (кейде эмоциялық зорығу кезінде). Ұстама ұзаққа бармайды (орташа,2-10 мин). Нитроглицерин қабылдаса тез арада қайтады. Физикалық көріністер (ұстама кезінде)
Мәжбүрлік (витриналық) жағдай. Бет-әлпеті - қорқыныш сезімі аңғарылады.Тері бозарған
Жүрек аускультациясы: тондары әлсіздеу, тахикардия, экстрасистолия. Пульс жиі, АҚ жоғарлаған. Қосымша тексерулер: Лабораториялық –қан сары суында холестерин, липидтер мөлшерінің артуы. ЭКГ – ST- аралықтың, Т-тісшесінің өзгерістері: ST-аралық изосықтан 1мм-ден артық жоғары немесе төмен ығысады, Т-тісше – теріс, амплитудасы кішірейген, немесе үлкен, ұшы сүйірленген.
ЭКГ-өзгерістерді тіркеп анықтау жолдары: -Физикалық жүктемелер (велоэргометрия, тредмил) -Фармакологиялық сынамалар (изадрин) -Холтер мониторы
Стенокардия диагностикасында ”алтын стандарт” саналатын тексеру әдісі – коронароангиография (тәж артерияларына контрастты затты катетеризация тәсілімен енгізіп барып рентгенограммаға түсіру)
Стенокардия емінің басты дәрмектері — антиангинальдік дәрілер: -нитраттар мен сиднониминдер; -р-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және кордарон;
-кальций антагонистері; -калий каналдарының активаторлары
Нитраттар.Ұстаманы басу үшін нитроглицериннің 0,5 мг таблеткасын тіл астына салады. Бір таблеткасы өсер етпесе, 5 минуттан кейін екіншісін және тағы 5 минуттан кейін үшіншісін қабылдауға болады (бірақ 15 минуттың ішінде 3 таблеткадан асырмайды).
Молсидомин (корватон) — сиднонимин туындысы. N0 тобын түзуінен вазодилятациялық өсер етеді, Корватон таб. 2 мг күніне 1-4 рет, Корватон форте 4 мг күніне 1-4 рет, Корватон ретард 8 мг күніне 1-2 рет қолданылады. Нитраттардан айрықша корватонды қолданғанда бас ауыруы байқалмайды.
Гепариннің және антиагреганттардың көмегімен миокард инфаркты дамуын және өлім қаупін азайту. Алғашқы 96 сағат гепаринді сағатына 1000 Б, қанның ұю уақытын бақылап, вена ішіне үздіксіз енгізеді. Содан кейін оның дозасын біртіндеп азайтып, толық тоқтатады. Гепаринмен бірге немесе оның дозасын азайтқан кезден антиагреганттың біреуі (аспирин, тиклид) беріледі.
Ацетилсалицил қышқылы (аспирин) — циклоксигеназаны тежеу арқылы арахидон қышқылынан тромбоксанның (қуатты антиагре-гант болып табылатын) түзілуіне алып келеді. Аспиринді 125-250 мг күніне 1 рет тамақтан кейін ішкізеді. Ем уақыты 6 айдан кем болмауы тиіс.