Учебно-методический комплекс Пән: "Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация " Предмет: Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»


Аталған асқынулардың алдын-алу үшін



бет4/4
Дата20.11.2023
өлшемі69,5 Kb.
#192238
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4
Байланысты:
Хирургиялық-операциялар.Операцияға-дейінгі-және-операциядан-кейінгі-кезеңдер

Аталған асқынулардың алдын-алу үшін: Өкпе-тыныс алу жүйесінің мұшелерін бақылау:жатқан науқасты жиі қалпын ауыстыру,тыныс алу гимнастикасы,массаж,компресс және жылу шаралары,антибиотиктер мен сульфаналамидтер қолдану.
Асқазан-ішек жүйесінің мүщелерін бақылау:осы мақсатта мейірбике ауыз қуысына санация жасайды,тілін глициринмен майлайды.Іш қуысына жасалған операциялардан кейін ішектің моторикасында паралич дамуы мұмкін,ол етеоризмге,іштің кебуіне әкеледі.Осы асқынулардың алдын алу үшін газды шығаратын түтікше орнатылады.
Жамбас қуысындағы және урологиялық операциялар: Зәр шығарудың бұзылуы,оның тежелуі мүмкін.Осы асқынуды алдын алу үшін қуыққа катетр жібереді.Оны енгізгенде инфекция болмауы мақсатында,асептиканы бұлжытпай орындауы керек.
Орталық нерв жүйесін бақылау Науқасқа тыныштық,операциядан кейін ауыруды басу және тыныш ұйқы қажет.Осы мақсатқа жету үшін жансыздандыратын,ұйықтататын дәрілер беріледі,керует тәртібі болу кернк,палатадағы барлық тітіркендіретін факторларды шеттеу керек.Дерт қозу кезінде тік ішек арқылы хлоралгидрат енгізеді,омнопон немесе промедолды тері астына егеді.
Теріні бақылау,ойық жаралардың алдын алу. Әдетте операциядан кейін терінің жамылғысының түсі бозарған болады,тек 2-3 күннен кейін ғана қалпына келеді.Егер,терінің бозарған түсі сақталса,ол ішекке қан кетудің немесе басқа асқынудың белгісі ретінде көңіл аудару қажет. Ойық жаралардың алдын алуы қарапайым:қызарған теріні камфор спиртімен сылау,терінің әрдайым бататын жерін резеікелі шеңбер немесе жұмсақ материалдармен қорғау,науқастың қалпын жиі алмастыру.
Емдәм. Науқасқа тамақтандыруды ұйымдастыру өте маңызды.Ірі клиникаларда науқасты тамақтандыру дәрігер диетологтың кеңесімен,ауруханаларда аға мейірбике және мейірбике диетолог кеңесімен реттеледі.Хирургиялық науқасты операциядан кейін тамақтандыру мейірбикенің міндетіне жатады.Науқастарды қоректендіретін 15 түрлі диета үстелі тағайындалған.
Гастростома арқылы тамақтандыру. Гастростомадан салфетканы алып,резенке түтікшесіне шыныдан жасалған құйғының ұшына кіргізеді.Құйғыға сұйық тамақты құйып,оны көтереді,тамақ гастростома арқылы асқазанға кіре бастайды.Асқазанда тамақты қорытатын шөл шығару үшін және науқастың аузында сілекей шығып,тамақтың дәмі болу үшін,науқастың аузына болымсыз тамақ беріп,тіспен шайнауға бұйрық беру.Ауыздан шәйнаған болымсыз тамақты шынылы құйғыға түкіріп тастау.
Таңғыштарды бақылап тұру. Операциядан кейінгі науқастың таңғыштарын мұқият бақылау керек.Егерде,таңғыш дымқылданып жатса,дереу хирургқа хабарлау керек.Гипс таңғыш салынған науқастардың аяқ қолдың саусақтарының түрін мұқият бақылап тұру керек:егерде ол көгеріп,бозданып тұрса,ол қан айналымының бұзылуының нақты белгісі болып табылады,сондықтан дереу хирургқа хабарлап,гипсты таңғышты босатып,қыспайтын қылып қайтадан таңғышты салу керек.
Изложение нового материала.


5.Баға қою
Выставление оценок


6.Үй тапсырмасы.
Тақырыбы: Хирургиялық операциялар.Операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдер
Пайдаланатын оқулықтар: Әбдрахманов Е Алматы 2007 129 бет
Домашнее задание.
Тема:
Литература:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет