Учебно-методический комплекс по дисциплине «Конденсиялық күйдегі физика»



бет4/22
Дата23.05.2022
өлшемі1,01 Mb.
#144714
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Силлабус ФКС каз 3курс матер 2021

2. Пәннің қысқаша мазмұны: / Краткое описание дисциплины:
Пән физиканың әртүрлі салаларында объектілер мен жүйелерді құру кезінде конденсацияланған ортаның қасиеттерін саналы және мақсатты қолдану үшін ғылыми негіздерді қалыптастыруға, кристалдардың симметриясы мен тұрақты жағдайын, кристалл торының, фонондардың тербелу ерекшеліктерін, кристалдағы бір электрон күйін, қатты денедегі электрондардың статистикасын, қатты денедегі оптикалық жұтылу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.


Мақсаты:студенттерді конденсацияланған күй физиканың негізгі бөлімдерімен таныстырып, сай білім беріп, дағдыларды және ғылыми негіздерді қалыптастыру, ғылыми құралдармен жұмысты үйрету.


Міндеттері: студенттерге конденсацияланған күй физикасының және физикалық материалтанудың жалпы теориялары бойынша, қатты денелердің жіктелуі, қатты денелердің ішкі құрылымдыры мен байланыс күштері, денелер қасиеттерін кванттық-механикалық түсіндіру элементтері, қатты денелерді зерттеу әдістері, қатты денелердің физикалық қасиеттері жайында түсінік беру; студенттерді қазіргі заманғы приборлардың көмегімен конденсирленген орталардың маңызды қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау бойынша тапсырмаларды шешуге екінші фаза бөлшектерінің бөліну механизмдерін, құрылымдарын және морфологиясын зерттеуді үйрету.


Құзыреттіліктер / Компетенции
Конденсацияланған заттарды зерттеу және сипаттау үшін пән бойынша білімді, дағдыларды пайдаланудың расталған қабілетін игеру қатты және сұйық заттарды зерттеу және сипаттау үшін пән бойынша білімді, дағдыларды пайдаланудың расталған қабілетін игеру
Оқыту нәтижелері / Результаты обучения

  • кәсіби қызметте заттардың (материалдардың) қасиеттерін зерттеу және диагностикалау, оларды талдаудың заманауи химиялық, физикалық-механикалық, рентгендік және электрондық-оптикалық әдістерін қолдану;

  • материалдардың қасиеттеріне, химиялық және фазалық құрамдарына, құрылымына әр түрлі өңдеулердің әсерін анықтау бойынша зерттеу және эксперименттік іс-әрекеттерді ұйымдастыру;

  • кәсіби қызметте материалтану ғылыми таным теориясы, әдіснамасы туралы білімді, сондай-ақ физикалық, химиялық, математикалық және басқа да іргелі аралас ғылымдар бойынша қолданбалы білімді интеграциялау, инновациялық технологиялар мен қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып эксперименталды және зертханалық зерттеулерді орындау, алынған нәтижелерді интерпретациялау

  • қандайда бір тапсырмалар мазмұнын физиканың жалпы заңдарымен дұрыс байланыстыра білуі, физика және т.б. аймақтардағы есептерді шешу кезінде физиканың жалпы заңдарын тиімді пайдалануы керек;

  • негізгі физикалық приборларды қолдана білуі, алынған нәтижелерді өңдеп, талдап, бағалай білуі керек;

  • жумыс істеу барысында анықтамалық және оқу әдебиеттерін қолдана білуі және тағы басқа ақпарат көздерімен жұмыс істей білуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет