Екіншіден, басқа бөтен психологиялық ақпараттар жетіспегенде, бақылау шартардың өзіндік әдісі ретінде қолданылады.
Бақылау кезінде көрінетін, мынадай маңызды элементтердің тізімдері кездеседі:
а) бақыланушылар- жағдайға қатысатын адамдардың саны, топтың әлеуметтік- демографиялық құрылымы, ондағы қарым-қатынастың сиапты, жағдайға қатысушылардың арасыдағы бөлінген ролдері;
б) жағдай (обстановка)- іс-әрекетке заттық ортаның әсер ету ерекшелігі мен бақыланушы жағдайының орналасу орны;
в) топтың іс-әрекет мақсаты- кездейсоқ немесе заңды бақыланушы жағдай, топтың жинақталуының себебі ретіндегі формальды немесе формальды емес мақсаттардың жиынтығы, әртүрлі жағдайдағы қатысушылардың ұқсастықтары мен теріс жақтары.
г) әлеуметтік мінез-құлық- бақыланып отырған топтың іс-әрекет сипаты, іс-әрекет стимулы, іс –әрекет кімге (неге) бағытталған, топтың психологиялық атмосферасы,әлеуметтік мінез-құлықтың осы орынға тән типі, бақыланып отырған топтың мүмкін деген ауытқушы мінез-құлықтары;
д) жиілік пен ұзақтығы- бақыланып отырған жағдайдың уақыты мен, қайталанушылығы мен ұзақтығы, оның кереметтілігі мен типтілігі.
Бақылау орнына, оның бақылаушылық ұйымдастырылуына және т.б. әртүрлі факторларға қатысты оның бірнеше түрлерін көрсетуге болады:
Тұжырымдалу деңгейіне қатысты құрылымдалған және құрылымдалмаған бақылау болып бөлінеді.
Зерттелініп отырған жағдайда бақылауға қатысушылардың деңгейіне қатысты қосылған және қосылмаған бақылау.
Бақылау шартын ұйымдастыру, өткізу орнына қатысты , табиғи және лабораториялық бақылау.
Бақылуды жүргізу реттелуіне байланысты жүйелік және жүйелі емес болуы мүмкін.
Ережеге сай, жетекші жүргізетін бақылау, құрылымданбаған, қосылған, табиғи және жүйелі емес болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |