Учебно методический


схема түрде құру, перинатальды көмекті регионализациялау, гравидограммаға анализ жасау



бет172/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

схема түрде құру, перинатальды көмекті регионализациялау, гравидограммаға анализ жасау
және толтыру.
2. Мақсаты: Босануға көмектесетін мекемелердің(ӘК, БҮ, гин.бөлім) құрылымдық сызбасы
туралы өз бетімен үйрену, перинатальды көмекті регионализациялау туралы сұрақтарды;
гравидограмма интерпретациясы және оны толтырудың дағдыларын жетілдіру және оны толтыру
3. Тапсырма:
1. Босануға көмекші мекеменің схемалық құрылымын құрастыру «Әйелдер консультацясы босану
үйі,гинекологялық бөлім»
2. ҚР дағы мекемелік перинатальдық көмектің қағидалары.
3. «Гравидограмм анализі және толтыру».
4. Орындау формасы: Әр тапсырма бойынша презентация жасау.
5. Орындау критериі:

  1. Орындалған жұмыс 2-3 бет көлемінде болу керек;

  2. Жұмыс шығармалық құрылымға сай болу керек;

  3. Жұмыста қолданылған әдебиеттер көрсетілуі тиіс;

  4. Библиографияны дұрыс рәсімдеу.

СӨЖ дің құрылымында болуы тиіс :

  • Титулды парақ;

  • Тақырыптық мамұндық бет(шығармалық мағынасы бойынша бөлінген парақ беттерін

көрсету);

  • кіріспе (зерттелетін мәселенің мағынасын құрастыру,оның мақсатын тапсырмасын зерттеу);

  • негізгі бөлім

  • қорытынды(жұмыс тақырыбы бойынша қорытынды шешім қабылданады және қсыныстар

беріледі);

  • қолданылған әдебиеттер.

6.Тапсыру уақыты: №2 блок сабағы аяқталғанша.
7. Бағалау критериі: уақытысында және кафедра талаптарына сай орындалуы тиіс
Ескерту: Егер студент талаптарға сай жұмысы болмаса және тақырып мағынасын түсінбесе
қателіктер жіберсе «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Студент жұмыс тақырыбын
көлемді қамтып,бірақ жауап беруде және тапсырмада қателессе қанағаттанарлық бағасы беріледі.
Студент тақырыпты толық қамтып бірақ аздаған қателіктер жіберіп толық емес жауап берсе
«жақсы» бағасы қойылады.Егер студент тақырыпты толық және көлемді қамтып қатесіз
шығармашылық
түрде орындаса,тапсырмаларды қателіксіз орындаса «өте жақсы» бағасы беріледі.
8. Әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Савельева Г.М./ Акушерство. - М.: Москва, 2010г.

  2. Савельева Г.М../ Гинекология. - М.: Москва, 2006г.

Қосымша:

  1. Клинические протоколы по охране репродуктивного здоровья для врачей

  2. акушеров-гинекологов первичной медико-санитарной помощи./ МинЗдрав РК.РHИЦОЗМиР.

  3. Алматы. 2001г.

  4. Айламазян Э.Г., Кулакова В.Н., Радзинский В.Е. /Акушерство. Национальное руководство.

  5. М.:ГЭОТАР Мед, 2009г.

  6. Приказ № 612 «Об утверждении Положения об организации деятельности женской

  7. консультации» от 14.08.2003 г.

4. Основные клинические протоколы и приказы МЗ РК по акушерству и гинекологии.
МЗ РК. Алматы, 2010г.
9.Бақылау:
Тапсырмалара тесттер 1:
1. Босану үйінің функциясына жатады:
А) Әйелдерге шұғыл гинекологиялық көмек көрсету
Б) Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмекті тек жүкті әйелдерге көрсету
В) Жүктілерге босанған және босанатын әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету
Г) Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмекті тек жүкті және босанатын әйелдерге көрсету
Д) Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмекті тек жүкті және босанған әйелдерге көрсету

2. Босану үйіндегі санитарлық гигиеналық тәртіпті бақылайтын приказ номерін көрсетіңіз:


А) 42
Б) 148
В) 240
Г) 420
Д) 840

3.Босану үйі бөлімшелері мына тапсырмаларды орындайды:


А)шұғыл гинекологиялық көмекті мекемелік тіркеу қағидасы бойынша көрсету
Б)хируриялық қызмет көрсеткіші бойынша статистикалық анализ мәліметтері
В) Әйелдерге және жаңа туылған балаларға жедел- жәрдем мекемелік көмегі
Г)Әйелдерде экстрагенитальдық ауруыдың себебін анықтау үшін анализ жүргізу
Д)Аналық және перинатальдық өлімнің, жүктіліктің,босанудың,босанудан кейігі,жаңа туылған
балалардың аурулары,ауыр кезеңдері.

4. Босану бөлімінің құрамына кіреді:


А) босану алды палатасы, босану залы, операциялық бөлім, интенсивтік терапиялық бөлім
Б) босану залы, босанудан кейінгі палата, жаңа туылған нәрестелердің интенсивтік терапиялық бөлімі
В) қабылдау бөлімі,қару бөлмесі , процедуралық кабинет,
Г) бала және ана бірге өмір сүру палатасы,процедуралық кабинет,көшірме бөлмесі
Д) қабылдау бөлімі, процедуралық бөлім, кіші операциялық палата, жүкті әйелдерге арналған палата.

5. Циклдық босанудан кейінгі палаталарды толтыру – бұл бір уақытта бір палатада босанатын және


босанған әйелдердің орналасуы:
А) 1-2 тәулік
Б) 3-ші тәулік
В) 5-ші тәулік
Г) 7-ші тәулік
Д) 10-шы тәулік

6. Босанудан кейінгі бөлімдер құрамына кіреді:


А) босану алды палата, босану бөлімі, операциялық кабинет,интенсивті терапиялық палата
Б) босану бөлімі, босанудан кейінгі палата, жаңадан туылғандарға арналған интенсивті терапиялық
палата
В) қабылдау бөлімі, қарау бөлмесі, процедуралық кабинет,
Г) ана мен балаға арналған палата процедуралық кабинет, көшіру комнатасы
Д) қабылдау бөлімі, процедуралық кабинет, кіші операция, жүкті әйелдерге арналған палата

7. Босану үйі жоспарлы дезинфекцияны өткізу үшін жылына қанша рет жабылады:


А) 1-2
Б) 3-4
В) 5-6
Г) 7-8
Д) 9-10

8. Босану тарихы – қай форма №:


А) №113/У
Б) №002/У
В) №096/У
Г) №11/У
Д) №097/У

9. Медициналық және құқықтық көрсеткіштер бойынша 12 ші аптадан 22ші аптаға дейінгі аралықта


өз қалауы бойынша жүктілікті үзу, Босану үйінің қай бөлімінде жүргізіледі:
А) босану бөлімі
Б) гинекологиялық бөлімі
В) босанудан кейінгі бөлімі
Г) патологиялық жүктілік бөлімі
Д) қабылдау бөлімі

10.Босанудан кейінгі период қанша күнге бөлінеді:


А) 7
Б) 10
В) 15
Г) 30
Д) 42
Жауаптар эталоны:

  1. В

  2. Г

  3. Д

  4. А

  5. А

  6. Г

  7. А

  8. В

  9. Б

  10. Д

9. Бақылау:


Тапсырмалық тест 1:

  1. Перинатальды өлім қай формула бойынша есептеледі:

А) Өлі туылғандардың саны / босану саны *1000
Б) Жаңа туылған сәбилердің алғашқы 168 сағатта өлгендер саны/ жаңа туылғандар саны*1000
В) Өлі туылған сәбилер саны мен алғашқы 168 сағатта өлген сәбилер санын/ тірі туылғандар мен
өлі туылғандар саны *1000
Г) Өлі туылған сәбилер саны мен алғашқы 168 сағатта өлген сәбилер санын/ тірі туылғандар мен
өлі туылғандар саны *100
Д) Өлі туылған сәбилер саны мен алғашқы 168 сағатта өлген сәбилер санын/ тірі туылғандар мен
өлі туылғандар саны *10000

2. Жүктіліктің қандай мерзімінде босану алды декреттік демалысы беріледі:


А) 26 апта
Б) 28 апта
В) 30 апта
Г) 32 апта
Д) 36 апта

3. Босану алды декреттік демалысының ұзақтығы қанша:


А) 30 күн
Б) 56 күн
В) 60 күн
Г) 70 күн
Д) 126 күн

4. Ана өлімінің көрсеткіші бұл босанған және босанатын әйелдердің, жүкті әйелдердің өліміне тірі


туылған сәбилердің қатынасына көбейтеміз :
А) 10
Б) 100
В) 1000
Г) 10000
Д) 100000

5. Ана өлімінің қауіпті факторын есептеу барысында саны 2,1 балға тең. Жүкті әйел қандай қауіпті


топқа жатады:
А) өте төмен
Б) төмен
В) орташа
Г) жоғары
Д) өте жоғары

6. Жүкті әйелдің организмінің босануға физио-психо-профилақтикалық дайындау туралы 1 ші


сабақ құрылымы
А) жыныстық құрылымы және функциясы туралы қысқаша анықтама
Б) босанудың хабаршысы туралы түсінік
В) босанудың периоды және оның ұзақығы
Г) баланың туылуы және босанудан кейінгі бірінші сағаттар
Д) көкірек арқылы қоректендірудің принциптері

7. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес, әйелдер физиологиялық жүктілік


кезінде әйелдер консультациясына қанша рет қаралуы керек.:
А) 5-6
Б) 7-8
В) 10-12
Г) 12-14
Д) 14-20

8. Қатерлі кезеңдері жоғары жүкті әйелдерді топқа ерекшелеу қандай жолмен жүргізіледі:


А) анамнез жинау, диспансерлеу, онкоцитологиялық мазокты бағалау
Б) анамнез жинау, патронаж, УЗИ көрсеткіштері
В) лабораториялық тексеру, допплерометридің және УЗИ дің данные бағалау
Г) анамнез жинау, лабораториялық тексеру, перинатальды қауіп қатер факторының көрсеткіші
Д) перинатальды қауіп- қатер факторының көрсеткіші, қынаптың жағындысының тұнықтығын
бағалау

9. Әйелдер консультациясында «Д» тізімде тұратын 28 жастағы жүкті әйел. Анамнезінде ремиссия


сатысындағы созылмалы пиелонефрит,қиындықсыз екі босану болған.Бұл жүктілік үшінші, 34-35
аптадағы преэклампсияның жеңіл сатысымен қиындады.Бұл жүктілік қандай қауіп қатер тобына
жатады:
А) төмен
Б) орташа
В) жоғары
Г) жеңіл
Д) ауыр

10. Әйелдер консультациясында «Д» тізімде тұратын 28 жастағы жүкті әйел. Анамнезінде


ремиссия сатысындағы созылмалы пиелонефрит,қиындықсыз екі босану болған.Бұл жүктілік
үшінші, 34-35 аптадағы преэклампсияның жеңіл сатысымен асқынды.Бұл жүктілік қандай
қауіп -қатер тобына жатады. Жүкті әйелді стационардың қандай деңгейіне госпитализациялайды:
А) бірінші
Б) екінші
В) үшінші
Г) төртінші
Д) бесінші

Жауап эталоны:



  1. В

  2. В

  3. Г

  4. Д

  5. Г

  6. А

  7. А

  8. Г

  9. Б

  10. Б

Тапсырма тесттері 2:


1. Жүктіліктің қандай мерзімінде әйелді жүктілігі бойынша есепке тұрғызу қажет:
А) 12 аптаға дейін
Б) 13-16 апта
В) 16-22 апта
Г) 22-28 апта
Д) 28 аптадан соң

2Ана өліміне әсер етуші фактордың көлемін есептеу барысында 2,1 тең. Жүкті әйел қандай


қауіп- қатер тобына жатады:
А) өте төмен қауіп қатер сатысы
Б) төмен қауіп- қатер сатысы
В) орта қауіп- қатер сатысы
Г) жоғары қауіп- қатер сатыы
Д) жоғары қауіп- қатер сатыы

3. . ҚР денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес әйелдер физиологиялық жүктілік


кезінде әйелдер консультациясына қанша рет қаралуы керек:
А) 5-6
Б) 7-8
В) 10-12
Г) 12-14
Д) 14-20

4. Жүкті әйелдер арасында жоғары дәрежелі қауіп- қатер тобын қандай жолмен анықтаймыз:


А) перинатальды қауіп- қатер факторын бағалау
Б) лабораториялық тексеру
В) диспансеризация
Г) анамнез жинау
Д) патронаж

5.Жүктілікті үзу мына жағдайларда көрсетіледі:


А) диффузды токсикалық зобтың жеңіл түрінде
Б) токсикалық зобтың орта дәрежелі ауыр формасында
В) диффузды токсикалық зобтың ауыр түрінде
Г) зобтың тороша формасында
Д)жоғарыда көрсетілгендердің барлығы

6. Әйелдер консультациясына жүкті әйел қаралды. Анамнезінде алдыңғы екі жүктілігі 4 және


5кг салмақта туылған.Қаралғандағы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. Жатыры жүктіліктің
8-9 аптасына сәйкес ұлғайған. Жүкті әйелді аурудың қандай қауіп-қатер тобына жатқызуға болады:
А) бауыр ауруы
Б) қалқанша безінің дисфункциясына
В) бүйрекүсті безінің дисфункциясына
Г) қантты диабетке
Д) сау әйел

7. Қосымша қандай зерттеу әдістері жүргізіледі?


А) бауыр УЗИ
Б) қандағы гормондарды анықтау
В) қан мен зәрде қанты анықтау
Г) биохимиялық қан анализі
Д) қосымша зерттеу әдістері көрсетілмеген

8.Қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдің төмендегілерен асқынады,біреуінен басқасы:


А)жүктілікпен байланысты гипертензия
Б) жетілмеген
В) үлкен ұрық
Г) судың көп болуы
Д)ұрықтың дұрыс емес орналасуы
9.Ұрықтың созылмалы гипоксиясы әкеледі:
А)көп ұрықтық
Б)ұрық дамуының кешігуі
В)Ұрықың антенатальды өлімі
Г) жүктілікпен байланысты гипертензия
Д) Ұрық пен ана қанының изосерологиялық сәйкессіздігі

10.Ұрықтың биофизикалық профилі бағалау арқылы анықтайды:


А) плацента локализациясы
Б) Ұрықтың жүрек соғысының жиілігі
В)Ұрық айналасындағы су көлемі
Г) Ұрықтың қозғалу жылдамдағы
Д) Ұрықтың тыныс алу жиілігі

Жауап эталоны :


1.А
2.Г
3.А
4.А.Б.Г
5.В
6.Г
7.В
8.Д
9.Б.В
10.В.Г.Д




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет