А) босанушы әйелдің тек ғана анасы
Б) босанушы әйелдің тек ғана әпкесі
В) босанушы әйелдің тек ғана жолдасы
Г) тек ғана стационардың акушеркасы
Д) босанушы әйелдің кез келген жақын адамы
5. «Ана қауіпсіздігі бойынша босану» бағдарламасының элементін көрсетіңіз:
А) жүктілік пен босану кезінде медикаментозды заттарды қолдануды шектеу
Б) босану кезінде жақын туысқандарының белсенді қатысуы
В) босану кезінде мәжбүрлі позада болу (арқасына жату)
Г) босану ағымында дәрігердің араласуын шектейді
Д) босанудың II кезеңін тек ғана босану залында өткізу
6. «Ана қауіпсіздігі бойынша босану» бағдарламасына сәйкес босанудың III кезеңін белсенді
жүргізу ұғымына кіреді:
А) 10 Б окситоцинді бұлшық етке енгізу
Б) кіндік бауын бақылай отырып тарту
В) 2,0 мл метилэргометринді бұлшық етке енгізу
Г) кіндік бауын ерте қысу және кесу
Д) бала жолдасының бөлінуінің үш белгісін күту
7. Мерзіміне жеткен босанушы әйел толғақ тәрізді ауру сезімінің әрбір 3-4 минут сайын,50 сек
қайталануына шағымданады.Бірінші кезең ұзақтығы 6 сағат. Р.V.: жатыр мойны жұқарған,ашылуы
4 см. Қолайлы жансыздандыру түрін тандаңыз:
А) жыныс нервін блокадалау
Б) жұлын-милық анестезия
В) бұлшықетке морфин енгізу
Г) эпидуральды анестезия
Д) медикаментозды емес анестезия
8. Босану кезінде қан ағуды профилактикасы;
А) Үшінші кезеңді активті жүргізу
Б) окситоцинді венаға енгізу
В) простагландинді енгізу
Г) бас жарып шыққанда метилэргометринді венаға енгізу
Д) босанғаннан кейінгі кезеңде іштің төменгі жағына суық басу
9. Босанғаннан кейінгі кезеңде физиологиялық қан жоғалту босанған әйел салмағынан құрайды (%):
А) 0,1%
Б) 0,3%
В) 0,5%
Г) 0,8%
Д) 1%
10.Жүкті әйел эпидуральды анестезияны қолданғанда болуы мүмкін:
А) гипертензия, анафилактикалық шок, венозды қан айналымның төмендеуі
Б ) анафилактикалық шок, венозды қан айналымның төмендеуі, венаның қан толуының күшеюі
В) венозды қан айналымның төмендеуі, венаның қан толуының күшеюі, дерматит
Г) анемия, анафилактикалық шок, венаның қан толуының күшеюі
Д) жүрек лақтырысының күшеюі, анафилактикалық шок, венозды қан айналымның төмендеуі
1.Г
2.А
3.Д
4.Д
5.А
6.В
7.Г
8.А
9.В
10.Б
СӨЖ Блок 5. Босану патологиясы
Сабақ №11
1 Тақырыбы: Көп нәрестелі жүктілік, диагностикасы, жүктілік пен босануды жүргізу.
2. Мақсаты: Көп нәрестелі жүктілік диагностикасының алгоритмі бойынша білімін толықтыру.
3. Тапсырма:
Көп нәрестелі жүктілік этиологиясы
Жүктіліктің ерте және кеш мерзімінде көп нәрестелі жүктіліктің диагностикасы.
Көп нәрестелі жүктілік ағымы мен босануды жүргізу ерекшеліктері
Көп нәрестелі жүктілік кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштер.
4. Орындау түрі: презентация
5. Орындау критериилері:
презентация көлемі 10-15 слайд болуы керек
презентацияны дайындағанда кемінде 4-5 әдебиеттер тізімі қолданылуы керек
жұмыс мазмұнды әрі дұрыс жазылуы керек
тексттің мазмұнына сәйкес қолданылған әдебиеттер көрсетілуі керек
библиографияның дұрыс толтырылуы.
Презентацияның болжамалы құрылымы:
титулды беті (форма бойынша толтырылады)
кіріспе (тақырыптың өзектілігін дәлелдеу)
негізгі бөлігі (Алгоритм қөп нәрестелі жүктілік диагностикасының негізгі этаптарын дәлелді
ашады)
қорытынды (тақырыпты қорытындылайды немесе нәтижесін шығарады)
әдебиеттер тізімі
6. Тапсыру мерзімі: 2 күн
7. Бағалау критерийлері: кафедраның қойылған талаптарына сәйкес тапсырмаларын дер кезінде
тапсыру
Ескерту: «қанағаттанарлықсыз» деген баға берілген тақырыпты орындай алмаған және
тапсырмаларды орындауда әдейі қателіктер жіберген студенттерге қойылады. «Қанағаттанарлық»
деген баға оқуын ары қарай жалғастыру үшін берілген тапсырманы көлемді орындаған, бірақ
берілген тапсырманы орындауда және жауап беруде қателіктер жіберген студенттерге қойылады.
«Жақсы» деген баға тақырыптың материалын толық білетін, бірақ тапсырманы орындау мен жауап
беруде ұсақ қателіктер жіберген студенттерге қойылады. «Үздік» деген баға тақырыпты тереңінен
және жан-жақты меңгерген, тапсырманы
8. Әдебиеттер:
Негізгі:
- Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
- Савельева Г.М. Акушерство. - М.: Москва, 2000.
Қосымша:
- Серов В.Н. Практическое акушерство. - М.: Медицина, 1999.
- Дуда В.И. Физиологическое акушерство. - Минск, 2000.
9. Бақылау:
Тесттер
1. Көп ұрықты жүктілік бұл:
А. Біруақытта бір немесе бірнеше ұрық дамыған жүктілік
Б. Біруақытта екі немесе бірнеше ұрық дамыған жүктілік
В. Ұрық біруақытта дененің біраз бөлігімен дамитын жүктілік
Г. Біруақытта ұрықтың бірнеше ақауларымен дамитын жүктілік
Д. Біруақытта бір немесе оданда көп нәресте туылатын жүктілік
2. Көпұрықтық жүктіліктің дамуының көбіне себебі болады:
А. Жатыр дамуының ақауы
Б. Бластомердің бөлінуі
В. Тұқым қуалайтын алдын ала орналасу
Г. Анасының жас жасы
Д. Анасының кеш жасы
3. Қандай егіздер егіздер бір жұмыртқалық деп аталады?
А. Бір жұмыртқа жасушасынан түзілеті
Б. Екі жұмыртқа жасушасынан түзілген
В. Үш жұмыртқа жасушасынан түзілген
Г. Төрт жұмыртқа жасушасынан түзілген
Д. Бес жұмыртқа жасушасынан түзілген
4. Екі жұмыртқалық егіздің түзілуінің жиі себебі
А. Бір аналық безде бір мезгілде екі немесе оданда көп фоликулардың өсіп жетілуі
Б. Екі жұмыртқада екі немесе оданда көп фоликула мен овуляцияның дамуы
В. Екі немесе оданда көп жұмыртқа жасушасының бір фоликулада ұрықтануы
Г. Екі немесе одан да көп жұмыртқа жасушасының екі жұмыртқадада ұрықтануы
Д. Екі немесе одан да көп жұмыртқа жасушасының жатырда ұрықтануы
5. Бір жұмыртқалы егіздердің себебі;
А. Екі немесе оданда көп ядросы бар жұмыртқа жасушасының ұрықтануы
Б. Бір ядросы бар жұмыртқа жасушасының ұрықтануы
В. Бір эмбриональды ұрықтың екіге бөлінуі
Г. Біруақытта екі немесе одан да көп фоликулдың бір жұмыртқада дамуы
Д. Бір фоликулада дамыған екі немесе оданда көп жұмыртқа жасушасының ұрықтануы
6. Екі жұмыртқалы егіздің жиілігі
А. 85%
Б. 75%
В. 65%
Г. 55%
Д. 45%
7. Бір жұмыртқалы егіздің жиілігі
А. 55%
Б. 45%
В. 35%
Г. 25%
Д. 15%
8. Бір жұмыртқалы егізде қабаттың орналасуы
А. Амнион-хорион
Б. Хорион-амнион
В. Амнион амнион
Г. Амнион-хорион-амнион
Д. Хорион-амнион-хорион
9. Екі жұмыртқалы егізде қабаттың орналасуы
А. Амнион-хорион
Б. Хорион-амнион
В. Амнион амнион
Г. Амнион-хорион-амнион
Д. Хорион-амнион-хорион
10. Көп ұрықты жүктілік кезінде болатын жиі асқынулар
А. Жүктіліктің мерзімінен бұрын үзілуі
Б. Дамудың маңызды бұзылысы
В. Ұрықтың біреуінің өлімі
Г. Ұрықтың біреуінің мумификациясы
Д. Екі ұрықтың көлденең орналасуы
Эталон жауаптары:
1 – б,д
2 – а
3 – а
4 – а
5 – а
6 – а
7 – д
8 – в
9 – а,б
10 – а.
Достарыңызбен бөлісу: |