1. Тақырып: Тар жамбас. 2. Пәннің мақсаты: анатомиялық және клиникалық тар жамбасты диагностикалауда тәжірибелік дағдыны қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
1) Анатомиялық тар жамбастың түрлерін диагностикалау дағдыларын қалыптастыру.
2) Жамбастың әртүрлі тарылу түрлерінде босану биомеханизмнің ерекшеліктерін фантомда көрсете білу.
3) Жамбас өлшемдері мен нәресте басының клиникалық сәйкес келмеуін анықтау дағдыларын қалытатстыру.
4. Сабақты өткізу түрі:
Кіші топтарда өткізу (2-3 студент): Жамбастың әртүрлі тарылу түрлерінде босану биомеханизмнің ерекшеліктерін фантомда көрсету және жамбас өлшемдері мен нәресте басының клиникалық сәйкес келмеуін анықтау дағдыларын қалытатстыру.
5. Сабақ талаптары:
1) Біркелкі тарылған, көлденең тарылған және жалпақ жамбаста босану биомеханизмін фантомда көрсету.
2) Тар жамбас диагностикасы бойынша ситуационды есептерді шешу, Жамбас өлшемдері мен нәресте басының клиникалық сәйкес келмеуінің белгілерін анықтау.