Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-тақырып. ХVІІ-ХІХ ғасырдың басындағы Англия



Pdf көрінісі
бет131/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
1.7.3-тақырып. ХVІІ-ХІХ ғасырдың басындағы Англия, 
Голландия, Бельгия, Германия және Австрия сәулеті 
(Тақырыптар өз бетімен оқу үшін ұсынылады)
Англия экономикасының өсуі, сәулеттің гүлденуі. Ұзақ уақыт 
бойы готика элементтерінің сақталуы, оның Қайта өрлеу дәуірінің 
сәулетімен, классицизммен «бірге жүзеге асырылуы». Иниго Джонс 
шығармашылығы, оның Лондондағы Уайтхолл сарайының жобасы, 
Банкетинг-хауз және Куинс-хауз құрылыстары.
Классицизмнің дамуы және таралуының алғы шарттары. К. Рэн 
шығармашылығы. Лондондағы Әулие Павел соборы. Лондонды 
негізгі қайта жоспарлау жобасы.
Палладиандық. У. Чемберс еңбектері, құрылыстар сәулетіндегі 
шығыс мотивтері. Ратуштар құрылысы (Амстредамда, Лейденде, 
Маастрихте), Гарлемдегі базар.
Бельгияда барокко сәулетінің даму ерекшеліктері. Антверпен-
дегі Карл Борромей шіркеуі. Француздық мәдениетпен байланыс-
тардың кейінгі дамуы, сәулетте классицизмнің қалыптасуы (Антвер-
пендегі корольдік сарай, қалалық тұрғын үйлер).


135
Германиядағы барокко стилін таратудың тарихи алғы шарттары, 
аймақтық ерекшеліктер. Дрезденде, Вюрцбургтегі сарай кешендері. 
Барокконың гүлденуі: Дрездендегі Цвингер ансамблі (сәулетшісі
М. Пеппельман), Вюрцбургтегі он төрт әулие шіркеуі (сәулетшісі 
Б. Нейман). Дәстүрлі готикалық, ренессандық дәстүрлердің ықпалы. 
Мүсін мен сәулеттің органикалық қосылуы. Шіркеулердің залдық 
композициясы. Монументті ресми сәулетте классицизмді бекіту. 
Берлиндегі театр, Бранденбург қақпасы (сәулетшісі Лангханс), 
Регенсбургтағы Валлгалла мемориалы (сәулетшісі Л. Фон Клен-
це). Ірі сәулетші К. Ф. Шинкел шығармашылығы; Берлиндегі ескі 
мұражай ғимараты, құрылыс академиясының ғимараты. Неміс 
сәулетінде эклектизмнің пайда болуы.
Барокко стилі – императорлық билік орнаған Австрия 
сәулетіндегі басым, ресми стиль. Венаның сарай-саябақ 
ансамбльдері. Шенбурнн сарайының жобасы, Жоғарғы Бельведер 
сарайы – сәулетшілер фон Эрлах, Гильдебранд еңбектері. Венадағы 
Карл Борромей шіркеуі (сәулетшісі фон Эрлах) – австриялық ба-
рокко гүлденуінің үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет