Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет175/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

92-сурет
Кез келген ағаш имараттың бейнесі биік ойылып жасалған 
кіреберіс пен терезесіз, оюмен көмкерілген жақтауларсыз аяқталмаған 
болып көрінеді. «Қызыл» терезелер жақтаулы деп аталды, себебі 
олар жақтаулармен қоршалды. Сыртынан терезе қақпақтарымен жа-
былды. Қоймалар мен кедей тұратындардың үйінде көбіне оймақ те-
резелер қолданылды. Олар ½ биік бөрене биіктігінен ойылып, ішінен 
бекітілді. Мұндай терезелер кіреберісте үшбұрышты етіп жасалды. 
Жоғарғыларынан түтін шықты, өйткені үй ішінде от ашық ошақта 
жағылды. Жоғарыдағы ойық терезелер үйдегі жылудың сақталып, 
ауасы таза болуын да қамтамасыз етті. Адам бойымен бірдей сөре–
шұғынақтар пештің тұсынан үйді бөліп тұрды. Ол үйдің таза бөлігін, 
қара жерінен бөліп тұрады. Кейінірек шұғынақтар үйдегі заттарды 
қоюға арналған сөре ретінде қолданылды. Шұғынақ астында оюлы 
тақтайы бар сәкі, қызыл бұрышта иконалар тұратын сөрелер орналас- 
ты. Оның астындағы үстелдің маңы үйдегі ең құрметті орын болып 
саналды. 
Жоспарына қарай тұрғын үйлердің бірнеше түрі болады, бірақ 
көп тарағаны «кертпе баспана», «кошель» және «сырғауыл». 
«Сырғауылдан» салынған үйлер көбіне, солтүстік орыстарын-
да кездеседі. Үйдің тұрғын бөлігі биік қойманың үстінен салынды. 
Онда шаруашылық бөлмелер мен малдың жем шөбі тұрды. 


193
«Кошельден» салынған үйде, барлық тұрғын және шаруашылық 
бөлмелер бір шаршы пішініндегі қиманың ішінде орналасты. Үйдің 
шатыржалы тұрғын бөлігінің ортасынан өтті, сондықтан негізгі 
кіреберісте сәйкессіздік болды. Үйдің тағы бір түрі «кертпе баспа-
на» деп аталды. Ол «Г» әрпінің пішінінде. Мұнда тұрғын бөлігі 
шаруашылық бөлігіне бұрыштап жалғасты. 
Үйлер тек жоспарлары бойынша емес, керемет өрнегімен де 
ерекшеленді. 
Кез келген қоныстардың орталық бөлігінде шіркеу орналасты. 
Діни құрылыста шіркеудің үш түрі: сарай шіркеулер, шатырлы 
«дөңгелек» ғибадатхана
 
және бірнеше қабатты шіркеу 
(93-сурет)
болды.
93-сурет
Сарай ғибадатхана, діни бағытта өзгертілген тұрғын үй сәулетіне 
негізделген. Орталық кесіндіге шығыс жағынан алтарь, батысынан 
тамақтанатын орын, қоғамдық жиындарға арналған аласа құрылыс 
және кіреберіс бөлік жатады. 
Қызмет жасайтын басты бөлме биіктігімен ерекшеленген 
және сәнделген баспен аяқталады. Іші иконастаспен және сурет-
термен безендірілді. Сарай шіркеуге Онеж ауданындағы Кушерка 


194
селосының Вознесен соборын жатқызуға болады. Оның жанында 
шатырлы қоңыраухана.
Шатырлы немесе дөңгелек ғибадатхана шатырланған 8 қырлы 
қимадан тұрады. 
XVIII ғасыр соңы мен XIX ғасыр басында шіркеудің осы екі 
түрін де үйлестіретін жоспарлар пайда болып, бірнеше қабатты 
шіркеулер салу кең тарала бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет