Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет248/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Феодор Осипович Шехтель 
шығармашылығы (1859-1926 ж.)
Феодор Шехтель инженер-технолог Осип Осипович Шехтельдің 
орыстанып кеткен неміс отбасында дүниеге келді. Оның шешесі До-
тея Карловна жұбайы қайтыс болған соң, өнердің бірегей туынды-
лары коллекциясына иелік еткен, ірі меценант Павел Третьяковтың 
экономкасы болады. Өнерге деген қызығушылық атмосферасында 
тәрбиеленген Шехтель көне астананың көркемдік өмірінің ортасын-
да болады.
Сәулеттік білімі жоқ Шехтельдің еңбек жолы А. С. Каменский 
шеберханасынан басталады. Мұнда Каменский, Терский, Чичагов-
тармен бірге жұмыс істеп, тамаша мектептен өтеді. 
Шехтель өзінің жеке еңбек жолын эклектика сәулетті үлкен 
дағдарысқа әкелген кез, 1870 жылдардың соңынан бастайды.
Оның алғашқы еңбектері эклектика рухымен берілген, бірақ 1893 
жылы ол эклектика тығырығынан шығуға әрекеттеніп, Морозовтың 
жекежайын жасайды. Бұл жерде сәулетші сәндік бастаманы емес
сәулеттік бастаманы басым қояды. Ғимараттың еркін кескіндемелік 
жоспары қисынды және мұқият ойластырылған. Тұрғын үй 
қолайлылығы мен ыңғайлылығы, үй мекендеушілерінің тұрмыстық 
ерекшеліктерге бағынушылығы туралы қамқорлық нәтижесіде сал-
танатты, тұрғын, іскери және қызмет көрсету бөлмелері бір-бірінен 
оқшауланған топтарға біріктірілген. Ағылшын готикасы стилінде 
жасалған интерьерлерге ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл жекежай «готикасы» модерн сәулетін іздестіру арнасында 
болды.
Шехтель салған тағы бір тамаша ғимарат ұлттық-романтикалық 
белгілер модерн сәулетімен қосылып кеткен 1905 жылы Мәскеудегі 
(129-сурет)
Ярослав вокзалының ғимараты болып табылады.
Модерннің алғашқы үздік имараты ретінде Рябушин жекежайын 
атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет