111
алып жатқанымен көлемі жағынан кішірек, доғатізбек орнатылған
бағаналармен қоршалған төртбұрышты аула орналасқан.
Жоспардың барлық құрылыстары
ортақ модуль негізінде
орындалған. Бас қасбеттің алғашқыда алаң деңгейінен 9
сатыға
көтерілген 9 кең аркалы аралығы болған.
Бұл
имарат алғаш рет бағаналарының,
көтергіш аркалардың
және бағаналарды көмкерген үлкен ордердің үйлесімділігімен тар-
тымды. Діңмаңдайшалардың жарты
шеңберлі аркалары тікелей
бағана әсембағандарына сүйеп
қойылған,
галерея жабынын
екіге бөліп тұрған көлденең аркалар да
осы әсембағандарға және
діңмаңдайшаның артқы қабырғасындағы әсембаған түріндегі
аспаларға сүйеп қойылған – бұл ортағасырлық тәсіл.
Әр текше
желкенді тоғыспамен жабылған. Бағана үстінде түрлі түсті қыш ме-
дальондар.
Ионика ордерінің бағаналары қойылған тікбұрышты ішкі ауланы
ашық галерея орнына сәулетшінің ойын бұрмалап, оның шәкірттері
тұрғызған болатын, сондықтан 1819 жылы композицияны теңестіру
үшін сол жақтан діңмаңдайша салынды.
Достарыңызбен бөлісу: