Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет113/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Римдегі Әулие Петр соборы
Әулие Петр соборы Петрдің аңызға айналған жерленген жерінің 
орнына тұрғызылды. Алғашқыда бұл жерде қалпына келтірмек 
болған шағын шіркеу салынған болатын. Альбертидің досы Николай 
V папа Бернардо Росселиноға жаңа собор жобасына тапсырыс берді. 
Соборды жобалау және салу 6 кезеңнен өтті 
(47-сурет):
1. 1452-1454 ж. – Бернардо Росселино жобасы;
2. 1505 ж. – Браманте жобасы (а);
3. 1514 ж. – Рафаэль Санти жобасы (ә);
4. 1536 ж. – Антонино да Сангалло жобасы (б);
5. 1547 ж. – Микеланджело жобасы (в);
6. 1604 ж. – Д.Фонтано, К.Модерн.
47-сурет
1. 1452-1454 жылдары Б. Росселино собор құрылысын бастады. 
Ол маңдайшалық кеңістік пен көлденең астаукеңістіктің іргетасын 
салды, бірақ Николай V папа қайтыс болған кезде құрылыс тоқтап 
қалды.
2. 1505 жылы Юлий ІІ папа Брамантеге собордың жаңа жо-
басын құруды тапсырды. Браманте жобасы бойынша собор жос-
пары жарты шеңберлі апсидасы бар ұштары тең (гректердің) 
төрттаған тәрізді болды. Браманте ортакеңістік үстіне барабаны 
ұстынтізбекпен қоршалған орасан зор жартылай сфералық күмбез 
тұрғызуды ұсынды. Брамантенің қайтыс болуына байланысты 1514 
жылы құрылыс тоқтап қалды.
3. Собор құрылысына Брамантенің ізбасары Рафаэль Сан-
ти қатысады. Әулие Петр соборының жаңа жобасы жоспарда ла-
тын төрттағанының пішінінде болды. Сонымен күмбез кейінге 


117
қалдырылып, бас қасбет композицияда жетекші орынға иеленді. 
Собордың шығыс жақ бөлігінде шамалы ауытқулармен Браманте 
жоспарының композициясы сақталған. 
4. Жаңа жобаны 1536 жылы А.да Сангалло құрастырды. Собор 
құрылысы жаңартылып, 1546 жылы жалғастырылды.
5. Барокко белгілері пайда болғанда сәулетшіліктің жаңа даму 
желісі 1547 жылы Әулие Петр соборының құрылысын басқарған 
Микеланджело Буанаротти қызметінде айқын көрініс табады. Мике-
ланджело Браманте жоспарының сұлбасына оралады, бірақ орталық 
күмбез астындағы кеңістікке баса мән береді. Осы мақсатпен барлық 
бүйір жақ бөлмелер қысылып, бұрыштағы мұнаралар алынып таста-
лады. Бағандардың ауыр салмағы биіктігі 46,2 м., 27,5 м орасан зор 
астаукеңістіктің шынайы көлемін қабылдауды қиындатады. Күмбез 
астындағы кеңістіктің жарық күнтартарына дейінгі биіктігі 123,4 м.
6. 1604 жылы Павел V папаның талабымен сәулетшілер 
Карло Модерна мен Доменико Фонтана собор жоспарындағы 
грек төрттағанының алдыңғы тармағын ұзартып, оны латын 
төрттағанына айналдырған ғибадатхананың бойлық астау кеңістігін 
жасауға кірісті. Сонымен ғимаратты бас қасбеттен қабылдау едәуір 
бұрмаланып кетті: имарат өзінің ірі масштабын жоғалтты. Сонымен 
қатар Д. Фонтана қасбеттерді Италияда басым барокко стилінде 
өңдеді, барабанға қосарланған бағаналар енгізді.
48-сурет


118
1667 жылы сәулетші Бернини собор алдына ұстынтізбекті тра-
пеция тәрізді алаң жасайды 
(48-сурет).
Қарағанда соборға дейінгі 
аралық оның бас қасбеті кіші сияқты көрінеді. Ұстынтізбек биіктігі 
собор бағытына қарай азаяды, сондықтан әуелгісінің әсерін түзететін 
кері әсер қалдырады. 
Трапеция тәрізді ұстынтізбекке қарапайым классикалық 
пішіндегі жарты шеңберлі ұстындар жалғасады. Оның ортасында 
биік ескерткіш орнатылған, ал көлденең осіне екі субұрқақ қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет