132
функционалдық бөлінеді. Қала құрылысында алғаш рет бүкіл қалаға
арналған жоспар құрылады.
56-сурет
Төңкерістен кейін ірі сарай
имараттарының құрылысы
тоқтатылады және шағын, бірақ қолайлы қала үйінің жаңа түрі,
аристократия мен буржуазияға арналған оңаша үй – мейманхана-
лар пайда болады. Осындай құрылыстың айқын үлгісі
сәулетші
Ж. А. Габриэльдің Версальдағы Кіші Трианон мейманханасы (1762-
1768 ж.) болып табылады
(56-сурет).
Бұл – саябақ ішінде орналасқан
шағын екі қабатты үй. Жоспарда қарапайым, қабырғаларының үлкен
сыртқы беттері тегіс, сарай бөлшектерінің әдемілігімен жарқырап
тұр: биік нары, шығыңқы ірге қабаты (қызметтік бөлмелермен) және
үстінде тізбек қоршауы бар.
Неоклассицизмнің тағы да бір өкілі - Ж. Ж. Суффло. Оның 1764-
1781 жылдары салынған париждік Пантеоны (бұрынғы Әулие Же-
невьев шіркеуі) төрттағанды жоспарға негізделген.
Бас қасбеттен
қарағанда – бұл әдемі кесілген маңдайша қабырғалы және сақиналы
ұстынтізбегі бар барабаннан тігінен аяқталған және диаметрі 20 м.
биік күмбезді қалың коринф ордерінен тұратын монументті компо-
зиция. Күмбездің үш қабықшасы бар
(57-сурет).
Неоклассицизмнің дамуы ампир стилінің пайда болуымен
аяқталды.