Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет204/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Кунсткамера (1718-1734 ж.)
Васильев аралының жағалауындағы кунсткамера ғимаратын 
сәулетшілер И. Маттарнови, Г. Киавери, М. Земцовтар салды.
Ғимарат үш қабатты және мұнарамен екі бірдей бөлікке 
бөлінген. Мұнара дөрекі қашалған таспен, қуыстарға орнатылған 
мүсінмен, 2 қабатты ұстынтізбекпен безендірілген және глобусты 
көтеріп тұрған күмбезді күнтартармен аяқталған. Мұнара алтын 
жалатылған күмбезді екі сегіз қырлы бөліктен түрінде. Бастапқыда 
Кусткамера ағаш бүйір жақ қанаттары болмаған, кейіннен кірпіштен 
салынып, сылақтанып, көгілдір ақық түске боялған. Қабырғалардың 


217
негізгі әшекейі ретінде әдеттегі жазық қабырға жақтаулары мен жи-
ектемелер қолданылған.
Маңызды құрылыс жұмыстары Петерборда ғана емес, сонымен 
қатар оның төңірегінде де жүргізіледі. Петербор төңірегінде – Пе-
тергофта, Ораниенбаумда және басқа жерлерде патша мен оның 
маңындағылардың резиденциясы орналасқан қала сыртындағы 
бақ-саябақ ансамбльдері салынды. Бұл жерде сәулетшілердің на-
зары тек салтанатты сарай ғимараттарға ғана емес, сонымен қатар 
ландшафтық сәулет имараттарын: субұрқақтар, мүсіндер орнатылған 
аллеялар, күркелер, тамаша көз тартатын орындар жасауға ауды.
ХVІІІ ғасырдың бірінші отыз жылының соңында Петербор 
құрылысына отандық сәулетшілер белсенді жұмылдырылады. 1727-
1738 жылдары И. Коробов Адмиралтейство ғимаратын қайта салады. 
Оның кеме орнатылған алтын жалатылған шатырұшы (биіктігі 72 
метр) П. Еропкин дайындаған сол жақ жағалаудың қала құрылыстық 
даму идеясын бекітіп, Невадағы қала символына айналды.
Астананың Петерборға көшірілуіне байланысты Мәскеуде және 
провинциялық қалаларда діни сәулет, батыстың елеулі ықпалына 
ұшыраған дәстүрлі формалар жетекші маңызын сақтайды. Тұрақ жай 
сәулетінде сәнді әшекей элементтері ғана өзгереді: дөрекі қашалған 
жауырындық қабырғалар, ордерлік жүйе бөлшектері пайда болып, 
ғимарат ашық түске боялады. Мәскеудің азаматтық ғимараттарының 
ішіндегі ең маңыздысы – ғасыр басында қасбеттерінің көлемділігі 
және қолайлығы кремль қабырғаларымен тамаша үйлестірілген 
Кремльдегі Арсенал болды (сәулетшісі Д. Иванов, Х. Конрад, 1702-
1738 ж.).
Петерборды жоспарлау және «үлгілі» үйлер салу құрылыс 
тәжірибесі Мәскеу құрылысында да көрініс тапты. И. Ф. Мичурин 
көне Мәскеудің жоспарлануын жақсарту мақсатында қаланың бас 
жоспарын жасайды. Содан бері қала құрылыстық шаралар мемлекет 
органдарының тұрақты жұмыс және бақылау құралына айналады.
Мәскеу шіркеулерінің құрылысшылары ғасыр басында негізгі 
көлемі биік және алтарі мен трапезасы аласарақ болып келетін 
дәстүрлі композицияны сақтады. Солардың бірі Мәскеудегі Мень-
шиков шіркеуі болып табылады. 


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет