Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет231/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Мәскеу классицизмі
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Ресей мәдениетінде ба-
тыс еуропалық классицизм қолайлы негіз табады. Дегенмен, 
орыс классицизмінің сәулеті көбінесе орыс сәулетшілігінің өткен 
кезеңдеріне тән сол немесе басқа дәрежеде меншікті классикалық 
дәстүрлеріне негізделді. Ресей мәдениетінің ерекшеліктері мен 
әдет-ғұрыппен үйлесімде ұлттық дәстүрлер орыстың сәулет 
классицизмінің өзіндік даму белгілерін қамтамасыз етті. Мәскеу 
мектебі классицизмінде ұлттық белгілер айқын көрінді. 
Мәскеуде классицизмнің идеялары мен әдістерін тарату-
да көптеген орыс сәуулетшілері шыққан Д.В.Ухтомский мектебі 
маңызды рөл атқарды. Орыс классицизмі сәулетінің қалыптасуы 
В.И.Баженов, М.Ф.Казаков сияқты орыс сәулетшілерінің, класси-
цизм сәулетіне халық шығармашылығының нақтылы қарқынын 
қосқан белгісіз орыстың крепостной сәулетшілерінің есімімен бай-
ланысты.
Қала құрылыстарымен қатар бұл кезеңде қала сыртындағы 
құрылыс үлкен масштабқа жетеді. Әсіресе, бұған дворяндардың 
міндетті мемлекеттік қызметтен босауы мүмкіндік туғызды. 
Мәскеуде және басқа орыс қалалары мен ауылдарында сарай 
құрылыстарының жаңа түрі – үй-жайлар қалыптасты.
Мәскеу мен провинциялық қалаларды жоспарлау мен салуда 
Петербордың жобалануы мен салыну тәжірибесі пайдаланылды. 
Жүйелі жоспарлау жер бедері мен тарихи қалыптасқан құрылыс 
ерекшеліктерімен үйлесім тапты. Мәскеу жоспарында 1775 жылы 
жаңа алаңдар, желекжолдар мен ірі қоғамдық ғимараттар көшелердің 
тарамдалған-айналма жүйесі негізінде жобаланды.
Мәскеуде классицизмнің қалыптасу кезеңінде ірі қала 
құрылысын жобалау ісіне Париж, Рим, Флоренция және Болон 


241
академиясының мүшесі, жалынды патриот В. И. Баженов Мәскеудегі 
Кремль сарайының жобасын ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет