Допты қақпаға түсіру. Тәрбиеші балаларды доп (немесе әртүрлі шарлармен) ойнауға шақырады да ойнағысы келген немесе ойынға тартылған балалар жиналған жерде сызық жүргізеді. Сызықтан 1-1,5м жерде кішкентай қақпа тұрғызылады. Балаларға бір-бір доп таратып бергеннен кейін, тәрбиеші оларға допты қақпадан өткізуді ұсынады. бала допты домалатып, қуып келеді де сызыққа жеткеннен кейін кері оралады.
Ойынға 5-6 бала қатысады. Ойнаушы топтардың ауысуына болады; 2-3 рет ойнаған балаға тәрбиеші енді дем алуды, басқалардың қалай өткізетінін көруді ұсынады.
Қақпаны ірі құрылыс материалынан жасауға немесе оның орнына балалардың орындығын пайдалануға болады. Олардың аяғының арасынан балалар доп өткізеді.