Қуыршақтарға қонаққа



бет30/34
Дата18.12.2021
өлшемі348,88 Kb.
#102681
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
00026de5-6a8d2117

Ілмек сөздер: бала-бақша, пішіндер әлемі

Ұқсас жаңалықтар:

лім беру саласы: Таным


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика.
Тақырыбы: «Зат қандай пішіннен құралған.»
Дидактикалық ойын.
Мақсаты: Балалардың санды санау, тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажыратып айтып білуін бекіту.
Дидактикалық ойындар арқылы санауды, түстерді ажыратуды жалғастырып, заттың қандай пішіннен құралатынын ұғындыру. Жұмбақ айту арқылы балалардың тілін жетілдіріп, қарапайым математикалық ұғымдарын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Айналадағы қоршаған ортамен салыстыра отырып геометриялық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс - тәсілі: Саяхаттау, санау, сұрақ -жауап, көрсету, түсіндіру, ойын.


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Үлкен үлгідегі және
балаларға арналған үлестірмелі геометриялық пішіндер,
1 - 5 дейінгі сандар, ойыншықтар, суреттер, поезд геометриялық үлгідегі вагондар.
Сөздік жұмыс: Тепловоз, вагон, поезд.
Пән аралық байланыс: Көркем әдебиет, Қоршаған орта.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы.
- Балалар бүгін біз «Пішіндер әлеміне» саяхатқа барамыз. Ол үшін поезға мінуіміз керек, біздің поезымыз жай поезд емес «Ғажайып поезд» Қараңдаршы вагондары көп екен, түстері бірдей ма?
- Жоқ бірдей емес, әртүрлі
- Вагонның түстері қандай екен?
- Қызыл, сары, көк, жасыл.
- Біздің поезымызды алға сүйреуші «Тепловоз» деп аталады, қане қайталап жіберейік.
- Тепловоз.
- Ал поездың ретін санайықшы.
- 1, 2, 3, 4, 5
- Балалар сендердің қолдарыңда билеттерің бар, сол билетте көрсетілген сан бойынша вагондарыңа отырыңдар. (Балалар вагонға отырады)
- Біздің Ғажайып поезымыз қала аралық поезд, сондықтанда баратын жерімізге тез жетеміз. Мінекей «Пішіндер әлеміне» келіп жеттік, қараңдаршы қандай керемет, ортада тұрған үстелдерге отыра қойыңдар.
Бірнеше баладан нешінші, қандай түсті, қандай пішінді вагонмен келгенін сұрау. ( мыс. 3 - ші, қызыл түсті, үшбұрышты вагонмен келдім.)
- Балалар, біздің келген Пішіндер әлемінің сендерге арналған тапсырмалары бар екен, сол тапсырмаларды орындаймыз ба?
- Әрине орындаймыз.
- Олай болса мен қазір сендерге жұмбақ жасырайын.
- Бір нүктеден басталып еш кедергісіз келіп тоқтайтын қандай пішін? - -
- Дөңгелек пішін
- Дұрыс айтасыңдар, қане дөңгелекті ауада салайықшы.
- Енді айналамызға қарап осы дөңгелек пішінге ұқсас заттарды табайықшы. ( Ұқсас заттарды айтады)
- Барлық қабырғалары бірдей қандай пішін?
- Төртбұрыш. (ауада салу, ұқсас заттарды табу)
- Ал үш қабырғасы бар қандай пішін?
- Үшбұрыш. (ауада қайталау, ұқсас затты табу)
- Бұл жұмбақтың шешуін жақсы таптыңдар, қазір біз «Зат қандай пішіннен құралған» деген ойын ойнаймыз. Ол үшін мен сендерге тағы бірнеше жұмбақ жасырсам таба аласыңдар ма?
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң
Төріндемін үйіңнің. Бұл не екен?
- Бұл шырша
- Дұрыс айтасыңдар, бұл шырша екен.
- Бұл шырша қандай пішіннен құралған?
- Үшбұрыштан.

- Басында шелек қалпағы,


Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан жасайды,
Тауып көрші сен оны.
- Аққала
Аққаланың қандай пішіннен құралғанын анықтау.
- Үш бөліктен, дөңгелектен т. б
- Төрт қабырғасы, есігі, шатыры бар ол не екен?
- Ол - үй. Үй төртбұрыш,
Үйдің қандай пішіннен құралғанын неше бөліктен тұратынын табу.
Балалар сендер көліктің қандай түрлерін білесіңдер?
- Газел, автобус т. б
- Мына суреттегі қандай көлік?
- Жүк көлігі
- Жүк көлігі қандай пішіннен құралған?
(Балалар қандай пішіннен құралғанын табады.)
- Жарайсыңдар балалар, бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді келесі ойынымыз «Қай пішінге ұқсайды?» деп аталады. Балалар суретке қарап ұқсас пішіндерді орналастырады.
(тақтаға бірнеше бала шығып жұмыс жасайды)
Сергіту сәті: Тұрып дем алайық,
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Балалар жұмысы: Геометриялық пішіндерден әр түрлі бейнелер жасау.
Аққала, үй, шырша, жүк көлігін жасау.
Балаларды орындарынан тұрғызып, қайтатынымызды айтып поезға алып келу.
- Балалар біз пішіндер әлеміне келгенде пезымыз нешеден бастап тұр еді?
1 - 5 ке дейін
- Ал енді қалай тұр санаңдаршы.
- 5, 4, 3, 2, 1
- Поезымыздың сандары кері қарап тұр екен. Барлық поездар баратын бағытына тура жүріп барады да, қайтарда соңынан саналып яғни кері санмен қайтады екен. Ендеше бізде сол бағытпен қайтамыз.
Бәріңде өз билеттерің бойынша отыра қойыңдар.

Күтілетін нәтиже:


Білуі: Балалар геометриялық пішіндерді ажыратып 1 - 5 ке дейін тура және кері санай біледі.
Меңгеруі: Заттардың қандай пішіннен құралатынын меңгереді.
Жасай алуы. Үлестірмелі материалдардан берілген тапсырманы өз бетінше орындай алады.

Кері қайту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет