Қуыршақтарға қонаққа



бет35/36
Дата08.02.2022
өлшемі320,85 Kb.
#124548
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
дене 111

Түсін танып, атын айт.
Дидактикалық ойын

Мақсаты: Балаларға түстерді ажырата білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: жемістер, құстар, аңдардың суреттері
Ойын барысы: Тәрбиеші столдың үстінде бірнеше қағаздан жасалған әртүрлі жемістің құстардың, аңдардың суретін қояды. Тәрбиеші бір баланы тақтаға шығарып, солдың үстіндегі суреттердің біреуін алып, неден жасалғандығын түсінің қандай екендігін, егер жемістің суреті болса, атап айтып беруін талап етеді. Егер тақтаға шыққан бала, атын атай алмаса басқа баланы шақырып, ойынды осылай жалғастыра береді.
«Даусынан таны» 


Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін қалыптастыру дауыстарды ажырата білуге дағдыландыру.
Көрнекілік: Аудио дискі. 
Ойын барысы: Тәрбиеші аудио дискіні қосады. Балалар тыңдап отырып дискідегі дауысты ажырата білу керек.
«Қарама-қарсы сөздер»
Мақсаты: Балаларға мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу, үйрету, сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі: суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді тақтаға іліп қояды. Тәрбиеші бір баланы тақтаға шығарып, тақтадағы суреттердің біреуін алып, суреттің мағынасы қарама-қарсы сөздерін табуын сұрайды.
«Танып ал да, атын ата»
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар және суреттер. 
Мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
«Поезд» қимыл ойын
Мақсаты: бір-біріне, соқтығыспауға үйрету, есте сақтау қабілетін арттыру, дамытуды үйрету.
Ойын барысы: Белгі бойынша балалар поезді жүргізіп ойнайды.

«Доппен ойнау» қимыл ойыны



Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын түсіндіру, сөздік қорларын молайту. 
Көрнекілік: доп. 
Мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. 
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.

Тәрбиешілер семинар –барысында дидактикалық ойындарды қолдануды өз тәжірбиелерімен бөлісті. Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдыр әр балаға жеткіліктң болу керек сонда ғана балаларға тьүсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде дидактикалық ойындарды қолдансақ мақсатымызға жетеміз. 


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет