Қуыршақтарға қонаққа



бет6/7
Дата06.12.2022
өлшемі33,25 Kb.
#161643
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қимылды ойындар 1 кіші топ

18. Бау арқылы секір



Ойын үшін қазықтармен бірге станок және балға беріледі. Балаларға кішкентай балғаның көмегімен қазықты қалай қағуды көрсету керек. Бір қазықты қаққаннан кейін бала екіншісін қағады т.б. Бұдан кейін станокты аударады. Қазықтар тағы үстінен көрінеді. Бұған бала таңданып қалады, қуаныш пайда болып, оның жаңағы қимылды қайталағысы келеді. 
Тәрбиеші баланың ретсіз кез келген қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек. 

19. Менің көңілді сыңғырлақ добым
Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір-бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. (Балалар мен меженің арасы бір жарым-екі метрден аспайды.) Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады.Егер бала межені дәл көздемесе, допты жерден(еденнен) көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады. 
Ойын қайтадан басталады. 
Ойында бір мезгілде 8 -10 бала қатысады. 

20. Құстар ұшып жүр  

Рейканы немесе жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады 
Ол – бау-бақша. Одан қашық емес жерге орындық қойылады, бұл күзетшінің күркесі.Күзетшінің ролін алғашқыда тәрбиеші орындайды, ал кейін тәрбиешінің белгілеуімен белсенді балалар атқарады. Қалған балалар тауықтар.Күзетші орындыққа отырған бойда құстар бақшаға түседі, қорғанның астынан өтіп, бақшада жүреді, жерді шұқиды, қытқылайды.Күзетші құстарды байқап оларды бақшадан қуа бастайды – алақанын шапалақтайды, «Қыш –қыш» деп дауыстайды.құстар қашып кетеді .Қорықшы бақшаны бір айналып шығады да қайтадан отырады.Ойын қайта басталады.Одан кейін басқа күзетші тағайындалады. Ойын осылайша 4-5 рет қайталанады. 


21. Қақпада  

Тәрбиеші ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға онымен ойнауды ұсынады. Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы 80-100см жерде тұрады. Тәрбиеші әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып: «Ұста» - дейді. Балалар допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет