Украиндықтар


Халқының дәстүрлі тағамдары



бет4/5
Дата26.08.2020
өлшемі20,78 Kb.
#76983
1   2   3   4   5
Байланысты:
Украиндар

Халқының дәстүрлі тағамдары

Нанды қышқыл қамырдан домалақ, ұзынша қалыпта (паляница, хлібина, бохан) пісірген. Ішіне түрлі нәрселер салынған бәліштер мен жұқа нандар (перепічки, opішки, пампушки) кеңінен таралған. Ұннан квашу, лемішку, соломаху сияқты ежелгі тамақтар дайындайды. Қайнаған суда пісірілетін галушки, вареники (ірімшікпен, картоппен, шиемен), лапша (локишна), затірка (қатты етіп иленген, ұсақталып суға немесе сүтке пісірілген қамыр) тағамдар қазіргі уақытқа дейін бар. Украиндықтардың әйгілі тағамы борщ. Оның түрлі дайындау тәсілдері бар. Күнделікті тағамдар ішінде сүт тағамдары көп. Ұлттық тағамдар тұрып жатқан аймақтардағы тағамдар есебінен толығып отырады. Кубаньда украиндықтар адыгей ірімшігін, Башқұртстан мен Қазақстанда – қымыз және айран жасайды. Ет, шұжық және әйгілі украиндық шошқа майы күнделікті де, мерекелік те азық түрі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет