Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Атанасян Л.С. және басқалар. Геометрия 7-9. – Москва, 1991 жыл
2.Абрамович М.И., Стародубцев М.Т.Математика (алгебра и элементарные функции). Учебное пособие– Москва, «Высшая школа» баспасы, 1976 жыл
3.Бернштейн Е.А., Пушкарь Е.Е. Методические разработки для экспериментального курса математического отделения.Учебное пособие для учащихся ОЛ ВЗМШ при МГУ им.Ломоносова. - Москва, 2004 жыл
4.Қаниев С. Математикадан таңдамалы есептер. – Алматы, «Рауан» баспасы, 1993 жыл
5. Мочалов В.В., Сильвестров В.В. Уравнения и неравенства с параметрами. Учебное пособие. – 2-е изд, доп.,перераб. – 1965 жыл
6. Никольский С.М. и др. Алгебра: Учебник для 7 класса общеобразовательныхучреждений. – 4-е изд. – Москва, «Просвещение», 2003 жыл
7. Сикорский К.П. Дополнительные главы по курсу математики 7-8 классов для факультативных занятий. Пособие для учащихся. - Москва, «Просвещение», 1969 жыл
8. Спивак А.В. Тысяча и одна задача по математике: кн. для учащихся 5-7 кл. – 2-ое изд. - Москва, «Просвещение», 2005 ж
БАҒДАРЛАМА
элективті курс
МАТЕМАТИКАДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР
7 сынып оқушыларына арналған
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
Татыева И.К.,
№198 ЖББ мектеп мұғалімі
Пікір жазғандар: Еремпашева А.Т., Халықаралық бизнес университетінің «Менеджмент және бизнес» кафедрасының доценті, э.ғ.к.
Каликов М., Халықаралық бизнес университетінің «Менеджмент және бизнес» кафедрасының меңгерушісі аға-оқытушы, э.ғ.м.
Кенебаева А.С., Халықаралық бизнес университетінің кафедрасының меңгерушісі PhD, доцент
Түсініктеме хат мазмұны
Курстың өзектілігі: «Математика-экономика» бағдарламасы математика пәні бойынша факультативтік сабақтар ретінде жасалып отыр. Оқушылардың жас ерекшіліктерін ескеріп, негізгі оқу мазмұнын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім-білік дағдыларын практикада қолданып, танымдық қабілеттерін және пәнге қызығушылықтарын арттыруды мақсат етеді.
Бағдарламаға бүгінгі заман талабына сай, өмірде көп кездесетін экономикалық мазмұнды есептер кірістірілген. Оқушыларға тәжірибелік пайдасы мол. Сонымен қатар, бағдарлама есте сақтау, логикалық ойлау, өз бетінше шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын дамытады; оқушыларды жеке, жұптық, топтық, сыни тұрғыдан жұмыс істеуге, шығармашылыққа жетелейді. Курс барысында оқушылардың даралық қабілеттерін арттыруға байланысты тапсырмалар ұсынылады.
Бұл бағдарлама экономикалық мазмұнды есептер, проценттер, геометриядағы экономикалық мазмұнды есептерді шешу барысында, оқушылар өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындауға, оны талдауға, алған білімін өмірде қолдануға бейімделеді.
Сабақтың кезеңде берілетін математикалық ребустер, логикалық есептер, сөзжұмбақтар, қысқа зерттеу кезеңдері оқушының ойын ұштай түсіп, ойлау қабілетін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |