Ақпараттық-әдістемелік бөлім.
Бағдарлама негізгі мектептегі бағдарлама мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Оқушы жұмысын бағалау түрлері, нәтижені бағалау өлшемі:
Тақырыпты өту барысында сынақ, тақырыптық тестер, бақылау жұмыстары, реферат қорғау, шығармашылық есеп, презентация, геогебрада жоба қорғау т.с.с жұмыс түрлері болуы мүмкін.
Ауызша жауапты бағалау:
«Өте тамаша»:
Жауаптары толық және теориялық материалға сәйкес дұрыс;
Материал математикалық тілмен, логикалық бірізділікті сақтай отырып берілсе;
Өз бетімен жауап берме, өз ой қорытындысы болса;
«Жарайсың»:
Жауаптары толық және теориялық материалға сәйкес дұрыс;
Материал математикалық тілмен, логикалық бірізділікті сақтай отырып берілсе, бірақ екі,үш өрескел емес қателіктері болса, оны басқалардың көмегімен жөндей алса;
«Тағы да ізден»:
Жауап толық, бірақ бірақ екі,үш өрескел емес қателіктері болса;
Жауап толық емес, байланыс нашар болса;
Жазбаша жұмысты бағалау:
Оқушының жұмысындағы барлық тапсырмалар мінсіз орындалса, онда жұмыс «5» деп бағаланады. Ұсақ кемшіліктер саны екіден аспауы керек.Егер жазбаша жұмыстың белгілі бір бөлігі ғана орындалса, онда басқа баға қойылады. Қойылатын баға орындалған бөлікке пропорционал болуы керек.
«4» деген баға төмендегі жағдайда қойылады:
А)Жұмыс толық орындалған, қатесі жоқ, бірақ кемшілігі бар, немесе екіден артық емес ұсақ кемшілігі бар немесе бір кемшілігі және ұсақ кемшілігі бар жұмысқа қойылады.
Б) Бір тапсырма орындалмаса немесе қатесі бар болса қойылады.
«2» деген баға әрбір үш немесе одан артық тапсырмада қате кетсе, немесе бір не одан артық өрескел қате жіберілсе қойылады.
«3» деген баға басқа жағдайларда қойылады.
Ескерту: Жазбаша жұмысты бағалауда осыған сәйкес бағалау критерийлері мен дескриптор жасалып, сол юайынша бағаланады.
Тест жұмысын бағалау:
«5» бағасы -80%-100% дұрыс жауап үшін;
«4» бағасы -60%-79% дұрыс жауап үшін;
«3» бағасы -50%-59% дұрыс жауап үшін;
«2» деген баға басқа жағдайларда қойылады.
Ескерту: Негізгі орта білім беру деңгейінде критериалды бағалау жүйесі формативті бағалау мен жиынтық бағалауды қамтиды. Соған байланысты бағалау жүйесін мұғалім басқаша өзгертуі де мүмкін.
Формативті бағалау – сабақта және немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында оқушылардың меңгерген білімдері мен қалыптасқан дағдыларының ағымдағы деңгейін айқындайтын және оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын, сондай-ақ оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын және оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау.
Жиынтық бағалау – оқу тоқсанының соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін оқып аяқтағаннан кейін, білім беру деңгейі аяқталғаннан кейін оқушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын бағалау.
Үлгі. Төменде кейбір есептердің шығару жолдарымен оларға дескриптор құру үлгілері көрсетілген.
1. Бірнеше сатып алушылардың дүкенде сатып алған заттарының саны тіркелді: 5; 4; 3; 7; 4; 8; 6; 3; 3; 12; 1; 3; 1. Модасын, медианасын, арифметикалық ортасын есептеңдер.
2. Сыныпта 15 оқушы бар. Олардың 8-інде алгебра, 5-інде геометрия, 3-еуінде екі оқулықтан бар. Сыныптағы қанша оқушыда бір де бір оқулық жоқ?
А) 2 В) 3 С) 4 D) 5 E) 6
3. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Кітап барлығы неше бет бар?
Шешуі: (559+9+99)+3=670
Достарыңызбен бөлісу: |