Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
Бағдарлама 6 бөлімнен тұрады. Мектеп бағдарламасындағы материалдарды тереңдете отырып, олимпиадалық есептерді шығаруға бейімдеу көзделген.
1. Бөлшектер – 3 сағат
Шектеулі ондық бөлшек және периодты бөлшек (1сағат)
Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыру. Периодты бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру.
Периодты бөлшектер (2 сағат)
Таза периодты және аралас периодты бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру.
2. Проценттер – 4 сағат
Проценттер (2 сағат)
Санды пайыз түрінде өрнектеу. Пайызға арналған қарапайым есептер
Концентрация мен проценттік құрамға байланысты есептер (2 сағат)
«Концентрация» және «пайыздық құрам» түсініктерімен байланысты есептердің ерекшеліктері. «Концентрация» және «пайыздық құрам» түсініктерімен байланысты есептерді шешу.
3. Теңдеулер және олардың жүйелері – 14 сағат
Санның модулі. Айнымалысы модуль таңбасының астында тұрған сызықтық теңдеулерді шешу (2 сағат)
Модуль анықтамасы. Модульдің геометриялық мағынасы. Айнымалысы модуль таңбасының астында тұрған сызықтық теңдеулер.
Параметрлері бар сызықтық теңдеулер (2 сағат)
Параметрлері бар сызықтық теңдеулер анықтамасы. Параметрлері бар сызықтық теңдеулерді зерттеу ережесі. Параметрлері бар сызықтық теңдеулерді шешу.
Сызықтық диофант теңдеуелері (2 сағат)
Сызықтық диофант теңдеуелер анықтамасы. Сызықтық диофант теңдеудің шешу ережелері.
Сызықтық диофант теңдеуелерін кейбір есептерді шешкенде қолдануы.
Айнымалысы модуль таңбасының астында тұрған функциялар графигі (2 сағат)
Айнымалысы модуль таңбасының астында тұрған функциялар графигін салу алгоритмі.
Айнымалысы модуль таңбасының астында тұрған функциялар графигін салу.
Теңдеулерді графиктік тәсілдермен шешу (2 сағат)
Сызықтық және квадраттық теңдеулерді графиктік тәсілмен шешу. Параметрлері бар немесе теңдеудің түбірлер санына қатысты кейбір теңдеулерді графиктік тәсілмен шешу.
Айнымалысы модуль таңбасының астында тұрған сызықтық теңдеулер жүйесі (2 сағат)
Айнымалысы модуль таңбасының астында тұрған сызықтық теңдеулер жүйесін шешу.
Параметрлері бар сызықтық теңдеулер жүйесі (2 сағат)
Алгебралық теңдеулер жүйесі. Жазықтықта екі түзудің орналасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |