- Көрсетілген аумақтағы қалаларда өмір сүретін адамдардың аталған аумақтағы жалпы халыққа шаққандағы пайыздық қатынасы. Бұл көрсеткіш пайыздық қатынаспен беріледі. Әдетте, урбандалуды сипаттау үшін салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Мысалы, Германияда қала халқының үлесі 73%-ды, ал Үндістанда бар болғаны 28%-ды құрайды. Соған қарамастан абсолютті көрсеткіштер, қала халқының жалпы саны мүлде басқаша жағдайды: Германияда қалалықтардың жалпы саны 60 млн адам болса, Үндістанда 321 млн адам. Сонымен салыстырмалы көрсеткіштер ауқымын нақты көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |