Урока №12 lesson plan pán /Дисциплина/ Discipline: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті Kúnі /Дата / Date



Дата21.10.2019
өлшемі486 Kb.
#50359
түріУрок
Байланысты:
12 саб

"Qaztutynýodaǵy Qostanaı joǵary ekonomıkalyk kolledji" Mekemesі

Учреждение "Костанайский высший экономический колледж Казпотребсоюза"

Institution "Kostanay higher economic college of Kazpotrebsoyuz"
SABAQ JOSPARY

ПЛАН ЗАНЯТИЯ (УРОКА) № 12

LESSON PLAN

Pán /Дисциплина/ Discipline: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

Kúnі /Дата /Date:

Mamandyq /Специальность /Specialty:

Top /Группа /Group:

Taqyryby /Тема /Theme: Әке мен бала. Біріккен сөз. Қос сөз.

Sabaqtyń túrі /Тип урока /Lesson type: теориялық сабақ

Sabaqtyń maqsatary /Цели урока /Lesson objectives

bіlіmdіlіk /образовательные /educational:
Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін жан–жақты талқылау. Ережемен танысу.

damytýshylyq /развивающие /developing:

«Әке мен бала» әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын жеткізу. Студенттерді өзіндік
талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.

tárbıelіk /воспитательные / educational:

Студенттерді педагог – жазушының халыққа берген бағыт–бағдарын студенттер бойына дарыту, үлгі ету, студенттерді еңбекқорлыққа баулу, жаман әдеттен сақтандыру

Sabaqtyń jabdyqtary /Оборудование урока/ Lesson equipment

kórnekіlіk quraldar /наглядные пособия / visual aids: Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі жайлы презентация

úlestіrmeli quraldar /раздаточный материал / handout: карточкалар.кестелер

TOQ /ТСО / TTT:

Интербелсенді тақта.ноутбук



Ádebıet /Литература/ Literature

Каппасова. Қазақ әдебиеті.

Sabaqtyń mazmuny /Содержание занятия / Lesson content


Kezeńderі /Этапы /Stages


Ýaqyt /Время / Time


  1. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

2. Дайындығын қадағалау

3. Назарын сабаққа аудару


1


2.Үй жұмысын тексеру кезеңі

1. Ережені айту.

2.Ы.Алтысариннің «Өнер білім бар жұрттар» « өлеңін жатқа сұрау.

10-15


Жаңа тақырып

60

Үй жұмысын беру кезеңі

2

Баға

2


Sabaqtyń barysy /Ход урока /During the lesson


Oqýtyshynyń іs – áreketі/

Деятельность преподавателя/

Teacher Activities



Oqý ádіsterі, oqytý ádіsterі, pedagogıkalyq ádіstemeler, pedagogıkalyq tehnologııalar/

Методы обучения, методические приемы, педагогические техники, педагогические технологии/

Teaching methods, teaching reception, pedagogical techniques, pedagogical technologies

Oqý resýrstary men materıaldar/

Учебные ресурсы и материалы/

Learning Resources and Materials


Oqýshynyń іs – áreketі/ Деятельность обучающихся/ Students activities

(jas oqytýshylar úshin toltyrý mindetti / обязательно для заполнения молодым преподавателям
required for young teachers)


І. Өткен сабақты пысықтау мақсатында мұғалім студенттерге сұрақ қойып, жауап алады.

Сұрақтар қою арқылы.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Тақырыпты ашпас бұрын мына екі суретке назар аударамыз:



Суретте: бәйтерек, жапырақ. Тапсырма: осы суреттер нені білдіреді?


Әке – бәйтерек, бала – жапырақ. (дәптерге жазу)

ІІІ.Жаңа сөздермен жұмыс.

Жаяу – пешком

Ескі таға – старая подкова

Сынып қалған таға – сломанная подкова

Иіліп алды – наклонившись, поднял

Бірем-бірем алып жеп – кушал по одной

Темірші ұсталар – кузнецы

Шие – вишня

Құр қаларсың – останешься ни чем

Азға қанағат – довольствовать малым

Еріну – лениться

Жалма-жан – быстро

Ереже

Қос сөздер – екі сөздің бір-бірімен қосарлануы немесе бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, бір лексикалық мағына беретін сөздер. Қос сөздер дефис арқылы жазылып, бір-бірімен салаласа байланысады.
1. Бір сөздің қайталануы.  (повтор одного слова)
 Көптік мағына. (значение множественности)
 қора-қора, төбе-төбе, лас-лас
 2. Екі түрлі сөздің қайталануы.  (состоит из двух слов)
 
Жалпылық мағына. (общее значение)
ата-ана, жақсы-жаман, екі-үш
 3. Екі түрлі сөздің қайталануы.  (состоит из двух слов)
 Қомсыну, менсінбеу мағыналары. (значение пренебрежения)
 көйлек-көншек, ет-мет, шай-пай, ескі-құсқы
 4. Мағынасыз екі сөздің қайталануы.  (повтор двух слов без значений)
 Мезгілдік, тездік мағыналары. (временное значение)
 анда-санда, оқта-текте, зым-зия
 5. Күшейткіш буындардың қосарлануы.  (добавление усилительных слогов)
 Күшейткіш мағына. (значение усиления)
 әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен
 
БІРІККЕН СӨЗДЕР (Сложные слова)
Біріккен сөздер – екі немесе одан да көп сөздерден бірігіп, тұтас бір лексикалық мағынаны білдіреді. Сөздер ешбір қосымшасыз бірігеді. Біріккен сөздердің екі түрі болады: 1. Кіріккен сөз 2. Біріккен сөз

Кіріккен сөз – түбір тұлғасы сақталмай, дыбыстық өзгеріске ұшырап, ықшамдалып, бір лексикалық мағына береді.
Мысалы: қол+қап – қолғап, алып+бер - әпер, бұл+жыл – биыл, алып+кет - әкет, қара+ала+құс – қарлығаш
Біріккен сөз – түбір тұлғасы сақталып, бір лексикалық мағына береді.
Мысалы: тас+бақа, ақ+сүйек, Қызыл+құм, Берді+бек, әлде+кім, кей+бір т.б.
 

Жаңа тақырыпты ашу:

а).Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беру.


Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүре берді.

Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Шамалы жүрген соң және бір шие, сонымен әр жерде бірәкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріптұрып айтты:

- Көрдің бе, мына тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: "Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың", - деді.



Сабақты бекіту
1 тапсырма

Мәтінді талдау



ӘҢГІМЕ ТАҚЫРЫБЫ ӘКЕ МЕН БАЛА

  • Авторы
    Оқиға орны

  • Басты кейіпкерлер

  • Әңгіме не туралы

  • Оқиға қалай аяқталды

  • Шешімді кім жасады

  • Мақал

2 тапсырма Сұрақтар мен жұмыс ауызша
1. Әкесі жолда не көрді?
2. Әкесі баласына не айтты?
3. Баласы не деді?
4. Әкесі тағаны не істеді?
5. Әкесі үш тиынға не сатып алды?
6. Жерге түскен шиені баласы не істеді?
7. Баласына шиені беріп тұрып әкесі не деді?

 3 тапсырма

Терминдерден болжам жасау.
Әке – үй иесі, отбасы тірегі, ақылшы.
Бала – ұрпақ, мұрагер.
Таға – жылқының тағасы, қазақ халқы бұл бұйымды қасиетті санаған. Тіл – көзден сақтасын, соқпағы мол өмірде сүріндірмесін деген ниетпен есіктің жоғары жағына іліп қойған.
Шие- жидек, түсі – қызыл, дәмі – қышқыл, түрі – домалақ.
4 тапсырма Топтарға жеке жұмыс

Ж. Әке мен бала тобына «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

топтар

Әке

бала

Үлкен кісі

Тағаны алады

Ақылды адам

Шие сатып алды

Еңбектенді


Жас бала

Алғысы келмейді

Ақылсыз бала

Сатып алмады

Еңбектенген жоқ



5 тапсырма

Әкесі мен баласына мінездеме беріп, дәптерге жазу.
Әке: Еңбекқор, мейірімді, сыншы, баласына ақыл айтты.
Бала: Жалқау, еріншек, нашар, жұмысты қиынсынды.
6 Қорытынды тест

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

А) ұстаз ә) әнші б)жыршы

2.Ыбырай Алтынсарин қай жылы туды?

А)1851 ә) 1841 б) 1861

3.Ыбырай ең алғаш қайда мектеп ашқан?

А) Алматыда ә) Семейде б)Торғайда

4. Ыбырайдың әңгімесі

А) Алдар көсе ә) Әке мен бала б) Жиренше шешен

5. «Әкесі мен баласы» әңгімесінде әкесі не тауып алады?

А) таға ә) әке б) бала

Оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма:Ереже жаттау. Әңгімені оқу мазмұндау.



Cұрақ-жауап әдісі

Сың тұрғысынан ойлау.

Айтылым

жазылым



Оқылым

Әңгімені кешеңді талдау

Сұрақ-жауап

Деңгейлік тапсырма

Жазылым айтылым


Ыбырай шығармашылығы

жайлы сұрақтар


Оқулықтағы

жаңа сөздер

Әңгіме


Карточкалар


Студенттер сұрақтарға жауап береді

Суретті сөйлетеді

Сөздерді дауыстап оқиды қайталайды

Сөйлем құрайды

Студенттер мәтінді өз беттерінше оқиды

Әңгімені оқыған соң

Карточкада берілген тапсырмалар

ды орындайды

Тест тапсырмасы арқылы сабақты қорыту.


Oqýtyshy /Преподаватель/ Teacher: ___________________________________

«Әке мен бала» әңгімесі
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүре берді.

Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Шамалы жүрген соң және бір шие, сонымен әр жерде бірәкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріптұрып айтты:

- Көрдің бе, мына тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: "Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың", - деді.




1 тапсырма

Мәтінді талдау



ӘҢГІМЕ ТАҚЫРЫБЫ ӘКЕ МЕН БАЛА

  • Авторы
    Оқиға орны

  • Басты кейіпкерлер

  • Әңгіме не туралы

  • Оқиға қалай аяқталды

  • Шешімді кім жасады

  • Мақал

2 тапсырма Сұрақтар мен жұмыс ауызша
1. Әкесі жолда не көрді?
2. Әкесі баласына не айтты?
3. Баласы не деді?
4. Әкесі тағаны не істеді?
5. Әкесі үш тиынға не сатып алды?
6. Жерге түскен шиені баласы не істеді?
7. Баласына шиені беріп тұрып әкесі не деді?

 3 тапсырма

Терминдерден болжам жасау.
Әке –
Бала – .
Таға –

Шие- .


4 тапсырма Топтарға жеке жұмыс

«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

топтар

Әке

бала

Үлкен кісі



Жас бала




5 тапсырма

Әкесі мен баласына мінездеме беріп, дәптерге жазу.
Әке: Еңбекқор,

Бала: Жалқау
Қорытынды тест

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

А) ұстаз ә) әнші б)жыршы

2.Ыбырай Алтынсарин қай жылы туды?

А)1851 ә) 1841 б) 1861

3.Ыбырай ең алғаш қайда мектеп ашқан?

А) Алматыда ә) Семейде б)Торғайда

4. Ыбырайдың әңгімесі

А) Алдар көсе ә) Әке мен бала б) Жиренше шешен

5. «Әкесі мен баласы» әңгімесінде әкесі не тауып алады?



А) таға ә) әке б) бала


Ереже

Қос сөздер – екі сөздің бір-бірімен қосарлануы немесе бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, бір лексикалық мағына беретін сөздер. Қос сөздер дефис арқылы жазылып, бір-бірімен салаласа байланысады.
1. Бір сөздің қайталануы.  (повтор одного слова)
 Көптік мағына. (значение множественности)
 қора-қора, төбе-төбе, лас-лас
 2. Екі түрлі сөздің қайталануы.  (состоит из двух слов)
 
Жалпылық мағына. (общее значение)
ата-ана, жақсы-жаман, екі-үш
 3. Екі түрлі сөздің қайталануы.  (состоит из двух слов)
 Қомсыну, менсінбеу мағыналары. (значение пренебрежения)
 көйлек-көншек, ет-мет, шай-пай, ескі-құсқы
 4. Мағынасыз екі сөздің қайталануы.  (повтор двух слов без значений)
 Мезгілдік, тездік мағыналары. (временное значение)
 анда-санда, оқта-текте, зым-зия
 5. Күшейткіш буындардың қосарлануы.  (добавление усилительных слогов)
 Күшейткіш мағына. (значение усиления)
 әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен
 
БІРІККЕН СӨЗДЕР (Сложные слова)
Біріккен сөздер – екі немесе одан да көп сөздерден бірігіп, тұтас бір лексикалық мағынаны білдіреді. Сөздер ешбір қосымшасыз бірігеді. Біріккен сөздердің екі түрі болады: 1. Кіріккен сөз 2. Біріккен сөз

Кіріккен сөз – түбір тұлғасы сақталмай, дыбыстық өзгеріске ұшырап, ықшамдалып, бір лексикалық мағына береді.
Мысалы: қол+қап – қолғап, алып+бер - әпер, бұл+жыл – биыл, алып+кет - әкет, қара+ала+құс – қарлығаш
Біріккен сөз – түбір тұлғасы сақталып, бір лексикалық мағына береді.
Мысалы: тас+бақа, ақ+сүйек, Қызыл+құм, Берді+бек, әлде+кім, кей+бір т.б.

Ереже

Қос сөздер – екі сөздің бір-бірімен қосарлануы немесе бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, бір лексикалық мағына беретін сөздер. Қос сөздер дефис арқылы жазылып, бір-бірімен салаласа байланысады.
1. Бір сөздің қайталануы.  (повтор одного слова)
 Көптік мағына. (значение множественности)
 қора-қора, төбе-төбе, лас-лас
 2. Екі түрлі сөздің қайталануы.  (состоит из двух слов)
 Жалпылық мағына. (общее значение)
ата-ана, жақсы-жаман, екі-үш
 3. Екі түрлі сөздің қайталануы.  (состоит из двух слов)
 Қомсыну, менсінбеу мағыналары. (значение пренебрежения)
 көйлек-көншек, ет-мет, шай-пай, ескі-құсқы
 4. Мағынасыз екі сөздің қайталануы.  (повтор двух слов без значений)
 Мезгілдік, тездік мағыналары. (временное значение)
 анда-санда, оқта-текте, зым-зия
 5. Күшейткіш буындардың қосарлануы.  (добавление усилительных слогов)
 Күшейткіш мағына. (значение усиления)
 әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен
 
БІРІККЕН СӨЗДЕР (Сложные слова)
Біріккен сөздер – екі немесе одан да көп сөздерден бірігіп, тұтас бір лексикалық мағынаны білдіреді. Сөздер ешбір қосымшасыз бірігеді. Біріккен сөздердің екі түрі болады: 1. Кіріккен сөз 2. Біріккен сөз

Кіріккен сөз – түбір тұлғасы сақталмай, дыбыстық өзгеріске ұшырап, ықшамдалып, бір лексикалық мағына береді.
Мысалы: қол+қап – қолғап, алып+бер - әпер, бұл+жыл – биыл, алып+кет - әкет, қара+ала+құс – қарлығаш
Біріккен сөз – түбір тұлғасы сақталып, бір лексикалық мағына береді.
Мысалы: тас+бақа, ақ+сүйек, Қызыл+құм, Берді+бек, әлде+кім, кей+бір т.б.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет